Саба? жоспары. 5 сынып жаратылыстану. Саба?ты? та?ырыбы: Физикалы? ?лшемдер. №1 практикалы? ж?мыс «Физикалы? шамаларды аны?тау?а арнал?ан ??ралдармен ж?мыс жасау
Уақыты: 23.01.16
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Физикалық өлшемдер. №1 практикалық жұмыс «Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға түрлі физикалық шамалардың адам өміріндегі маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру
Дамытушылық: ойын еркін айта білуге, танымдық белсенділіктерін жетілдіру
Тәрбиелік: күнделікті өмірдегі физикалық шамалардың маыздылығын ұғындыру
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс, сұрақ жауап, ауызша баяндау, тірек-сызба, тәжірибе, ой бөлісу
Сабақтың көрнекілігі: таразы, сызғыш, термометр, үлестірме қағаздар, минзурка, слайд, рулетка, динаметр
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу.
1 аялдама. Биология
Топқа бөлу. Топ басшысы мен сарапшыны сайлау. Мұғаліммен амандасу. Кім кезеңші екендігін айту.
Үй тапсырмасын тексеру
2 аялдама. Химия
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында үлестірме қағаздар әр топқа таратылып беріледі. Тапсырмалардың топпен орындайды. Жауабын айтады.
Жаңа сабақты түсіндіру 3 аялдама. Физика
Теориялық бөлім.
Физика — табиғаттың негізгі заңдылықтарын зерттейді және затты әлемнің күйін, өзгеруін, құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Суретте қандай құрал бейнеленген.
Термометр - дененің температурасын өлшеуге арналған құрал дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды.
Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал. Таразының үй жағдайында пайдалану үшін қолға ұстайтын, қабырғала ілетін және стол не еденге қоятын түрлері шығарылады. Алғашқы таразылар б.з.б. Бесінші мыңжылдықтан Месопатамия жерінен табылған.
Штангенциркуль Тетіктің сызықтық өлшемдерін өлшеуге арналған құрал. Ол сызғыш-қарнақтан және жақтаушадан түрады. Тыңдау. Сұрақ қою.
Бекіту
Практикалық бөлім.
4 аялдама. Математика
І. Термометрдегі температураны анықтаңыз
ІІ. Берілген тастардың салмағын табыңыздар
ІІІ. Топ құрамындағы оқушының бойының ұзындығын өлшеңіздер
6 аялдама. Информатика
Көрініске назар аударайық.
6 аялдама.
Жаратылыстану
Физикалық құралдарының адам өміріндегі маңызы Тапсырмаларды орындап, қорытындысын айту
Бағалау Бағалау парағын әр топқа таратып беру.
Топтық бағалау.
Үй тапсырмасы Халықтық өлшем бірліктер Күнделікке үй тапсырмасын жазып алу