(Альдегиттер (метаналь, этаналь) 9 сынып?а арнал?ан саба? жоспарыны? ?лгісі
Сынып 9.
Мерзімі:25.04.2016ж.
Сабақ№ 61.
Сабақтың тақырыбы: Альдегидтер(метаналь,этаналь).
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды органикалық қосылыстар және оның қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пән аралық байланыс: физика, биология, экология.
Көрнекіліктері: оқулық, периодтық жүйе.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеу.
IІ. Мақсат қою кезеңі:
Оқушыларға Оттекті органикалық қосылыстар, альдегидтер жайлы түсіндіре отырып, олардың қарапайым өкілдерінің қасиеттерін оқыту.
Ой - өрісін, танымдық көкжиегін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, тапсырмалар көмегімен белсенділігін арттыру, бағыт - бағдар бере отырып, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру;Шапшаңдыққа.білімділікке тәрбиелеу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. , Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%82%D0%B5%D0%BA" \o "Сутек" сутексiз спирт) - HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D1%81%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Органикалық қосылыс (мұндай бет жоқ)" органикалық қосылыс. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%B0" \o "Молекула" Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды.Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Құрамында еселі байланыс болғандық- тан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалык косылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділігі жоғары және реакцияға жеңіл түседі.
АтыФормула Балқу температурасыҚайнау температурасыФормальдегидHCHO −92 °C −19 °C
АцетальдегидCH3CHO −123 °C 20,8 °C
ПропанальCH3CH2CHO −81 °C 48,8 °C
БутанальCH3CH2CH2CHO −97 °C 75 °C
АкролеинCH2=CH-CHO −88 °C 52,5 °C
Кротонды альдегидCH3-CH=CH-CHO −76,5 °C 104 °C
БензальдегидC6H5-CHO −56 °C 179 °C
Салицилді альдегид 1,6 °C 197 °C
Фурфурол −36.5 °C 161.7 °C
Көмірсутек радикалдарымен байланысқан карбонил(- СОН) тобы бар органикалық заттарды альдегидтер немесе кетондар деп атайды. Альдегидтерде карбонил тобы сутек атомымен және көмірсутек радикалымен байланысады. Жалпы формуласы R – CОН – альдегидтер, R – CО– R- кетондар. Альдегидтер мен кетондар қаныққан, қанықпаған, ашық және тұйық тізбекті болып бөлінеді.
Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты атаулары:
СН3 – СН2 - СОН – метилэтаналь;
СН3СН2СН(СН3)СОН - 2-метилбутаналь;
СН3 – (СН3)2ССО – СН2 – СН3 – 2,2-диметилпентанон-3;
Химиялық қасиеттері
Альдегидтер мен кетондар көптеген химиялық реакцияға белсенді қатысады. Бұл карбонил тобындағы қос байланыстың біреуі σ- байланыс, ал екінші π- байланыс болғандықтан, электрон тығыздығы көміртек атомынан оттегі атомына қарай ығысып, поляризациялануынан болады. Сондықтан химиялық реакция кезінде карбонил тобы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Олар қосып алу, алмасу, тотығу, полимерлену, конденсация реакцияларына қатысады.
1. Қосып алу реакцияларыа) Альдегидтер мен кетондар никель катализаторы қатысында сутегіні қосып алады. Бұл реакция бойынша альдегидтерден біріншілік спирт, ал кетондардан екіншілік спирт түзіле
ІV. Түсінігін тексеру:
1.Альдегидтердің физикалық қасиеттері қандай?
2.Альдегидтердің қанша түрі бар?
3.Химиялық қасиеттері қандай?
4.Альдегидтерге қандай реакциялар тән?
V. Бекіту: 1. Массасы 39 г бензол алуға қажет ацетиленнің көлемін (қ.ж.) табыңдар.
2. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулдерін жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н6 →С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО23. Айналуларды жүзеге асыру. С2Н6→С2Н4→С2Н5ОН
VI. Үйге тапсырма: § оқу, сұрақтарына жауап беру. Бағалау.