Тесты по теме :Морфология (С?з таптары)
Касенова Куляим Кутукеевна
учитель казахского языка и литературы
Северо-Казахстанская область
Мамлютский район
Беловская СШ
Морфология (Сөз таптары)
нұсқа 1
1. Берілген сөйлемге тиісті одағайды көрсетіңіз.
... ! Достар түгел жиналыпты.
А) Қап В) Жә С) Әй Д) Әттеген-ай Е) Бәрекелді
2. Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Жақсыда В) Жақсымен С) Жап-жақсы Д) Жақсылық Е) Жақсырақ
3. Бөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Алтыншы сынып В) Он екі ай С) Екі бүтін оннан бес пайыз Д) Досым жетеу
Е) Жиырма төрт сағат
4. Өздік есімдігін белгілеңіз.
А) Өз В) Өлең С) Елім Д) Менің Е) Төсегім
5. Болымды етістікті табыңыз.
А) Жібермепті В) Көрінбейді С) Шақырмайды Д) Басталды Е) Паналамапты
6. Шақыру одағайы бар сөйлемді табыңыз.
А) Жеңеше, сөзің қандай мәнді. В) Қарағым, бүгін жұма ғой. С) Бәлкім, кім білер, сенің айтқаның болып қалар. Д) Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз. Е) Ал ешкіге
«шөре-шөре» дейміз.
7. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.
А) адамның мінезі В) Ұзын ағаш С) Биіктеу төбе Д) Кішкене төбешік Е) Таулы жер
8. Өздік есімдікті табыңыз.
А) Анау-мынау В) Қай-қайсы С) Кім-кім Д) Өзімен-өзі Е) Ешбір
9. Сан есімнің мағыналық топтарын көрсетіңіз.
А) Есептік, реттік В) Сапалық, қатыстық С) Жалпы, жалқы Д) Жіктеу, сілтеу
Е) Негізгі, туынды
10. Жалпы зат есімді табыңыз.
А) Алатау В) Балқаш С) Сәкен Д) Қала Е) Сәуле
11. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
А) Жұмсақ В) Көк ала С) Түнгі Д) Жасыл Е) Қоңыр
12. Сан есімді бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Ынтымақ түбі – береке. В) Досыңа достық – қарыз іс. С) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. Д) Туған жерге туың тік Е) Отанды сүю отбасынан басталады.
13. Түбір етістікті табыңыз.
А) Келу В) Келіп С) Кел Д) Келгелі Е) Келіпті
14.Көңіл-күй одағайын анықтаңыз.
А) Қап, әттеген-ай В) Әй С) Тәйт Д) Кә-кә Е) Моһ-моһ
15. Сын есімді табыңыз.
А) Оқу В) Майлы С) Шырын Д) Кесу Е) Турау
16. Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.
А) Жақсылық В) Үш бөлме С) Дәріхана Д) Қапшық Е) Достық
17. Септеулік шылауды көрсетіңіз.
А) және В) дейін С) ба Д) түгіл Е) мен
18. Болжалды сан есімді табыңыз.
А) Төртеу В) Жиырмадай С) Үш жарым Д) Алпыс Е) Бесеуден
19. Сілтеу есімдіктерін анықтаңыз.
А) Барлық, түгел В) Бірлік, бірінші С) Бұл, мынау Д) Оған, маған Е) Ештеңе, ешқашан
20. ІІ жақтағы етістіктігі табыңыз.
А) Отыр В) Көрсетіңіз. С) Келе жатыр Д) Айттым Е) Салды
Морфология (Сөз таптары)
нұсқа 2
1. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес. В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.
С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың. Д) Билл Гейтс – қазір дүниедегі ең бай адам. Е) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?
2. Септеліп тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А) Өзім В) Өзімді С) Кейбіреуің Д) Қанша? Е) Ешкім.
3. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) Тәртіп В) Он С) Оқудың Д) Он бес Е) Бірлік
4. Сын есім негізінен сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.
А) Баяндауыш В) Анықтауыш С) Бастауыш Д) Пысықтауыш Е) Толықтауыш
5. Сан есімді көрсетіңіз.
А) Жарық В) Көк С) Отыз Д) Жласа Е) Жұмсақ
6. Жалпылау есімдігін табыңыз.
А) Кей шақта В) Бүкіл С) Дәнеңе Д) Әрқашан Е) Неге
7. Күрделі сан есімді анықтаңыз.
А) Жетілерде В) Үшінші С) Мың Д) Алтау Е) Тоғыз жүз елу
8. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала В) Әдемі қыз С) Менің әжем Д) Алты адам Е) Жеті қыз
9. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Күткен В) Көмектескен С) Алып тұр Д) Көрген Е) Дайындалмаған.
10. Жекіру одағайын көрсетіңіз.
А) Уһ В) Кә-кә С) Жә Д) Пай-пай Е) Шөк
11. Септеулік шылауларын көрсетіңіз.
А) түгіл, тұсын В) немесе, әлде С) менен, бенен Д) ма, ме Е) дейін, шейін
12. Біріккен сөзді анықтаңыз.
Талдықорған қаласы – Алматы облысының орталығы
А) Талдықорған В) Орталығы С) Алматы Д) Қаласы Е) Облысы
13. Зат есім тудырушы жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.
А) Келді В) Дайында С) Достық Д) Мемлекет Е) Баста
14. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Бала В) Кітапқа С) Сушы Д) Көлдің Е) Үйді
15. Жай шырайды табыңыз.
А) Қып-қызыл В) Қызғылт С) Өте қызыл Д) Қызыл Е) Тым көрікті
16. Септеулік шылауды табыңыз.
А) Және В) Үшін С) Өйткені Д) Егер Е) Мен
17. Белгісіздік есімдігін анықтаңыз.
А) Неше В) Сол С) Мен Д) Өзім Е) Әлдекім
18. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.
А) Заттың қимылын В) Заттың сапасын С) Заттың ретін Д) Заттың бөлшектік санын Е) Заттың белгісін
19. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) Кә-кә, келе ғой. В) Паһ, неткен дауыс! С) Тәйт, кет әрман. Д) Моһ-моһ, жануар!
Е) Ауқау-ауқау!
20. Септік жалғаулы зат есімді анықтаңыз.
А) Мақсатым В) Даласы С) Жердің Д) Аналар Е) Оқытушымын
Морфология (Сөз таптары)
нұсқа 3
1. Зат есімді табыңыз.
А) Жасыл В) Оқулық С) Көгілдір Д) Суреттеу Е) Жүгіру
2. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Өткір көзді В) Қып-қызыл С) Қоңыр Д) Ақ сары Е) Қара көк
3. Есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Оныншы сынып В) Жүздің бірі С) Біреу болса Д) Оннан үші бар Е) Мың адам
4. Болымсыздық есімдіктерді анықтаңыз.
А) Ешқашан, ешқайда В) Олар, бұлар С) Менен, одан Д) Мен, сен
Е) Кейбіреуге, біреудің
5. «Қарай, сайын» сөздері қай сөз табына жататынын табыңыз.
А) Шылау В) Сын есім С) Етістік Д) Зат есім Е) Одағай
6. Етістік тудырушы жұрнақтарды табыңыз.
А) -дай, -дей В) –ды, -ді С) –тас, -тес Д) –шы, -ші Е) –ырақ, -ірек
7. Мақал-мәтелден негізгі зат есімді табыңыз.
Сулы жер – нулы жер, бұлақты жер – тұрақты жер.
А) Сулы В) Бұлақты С) Нулы Д) Құрақты Е) Жер
8. Туынды сын есімді белгілеңіз.
А) Момын В) Көк С) Жұмсық Д) Жас Е) Жазғы
9. Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Біз. В) Сол С) Ешкім Д) Мен Е) Өзі
10. «Етістік» деген сөздің аудармасын белгілеңіз.
А) Наречие В) Местоимение С) Союз Д) Глагол Е) Имя прилагательное
11. Көсемшенің жұрнақтарын көрсетіңіз.
А) –ып, -іп, -п. В) –ыл, -іл, -л. С) –ған, -ген, -қан, -кен. Д) –ыс, -іс, -с. Е) –ын, -ін, -н.
12. Есімшенің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Суреттеген В) Беретіндер С) Айтпақ Д) Жүрер Е) Беріп
13. Шылауларды белгілеңіз.
А) Ас, көз В) Ал, бер, үй С) Туралы, қой, бе Д) Заман, ел, бет Е) Екен, жоқ, және
14. Достық деген сөз не арқылы жасалғанын көрсетіңіз.
А) Тәуелдік жалғау В) Септік жалғау С) Жіктік жалғау Д) Жұрнақ Е) Көптік жалғау
15. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді белгілеңіз.
А) Намыс В) Еркіндік С) Абырой Д) Әділ Е) Арман
16. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
А) Әкемді В) Әкемде С) Әкеммен Д) Әкем Е) Әкеме.
17. «Қоңырға» - сын есімі қай септікте тұрғанын белгілеңіз.
А) Барыс септік В) Шығыс септік С) Ілік септік Д) Жатыс септік Е) Табыс септік
18. Сын есімді табыңыз.
А) Қара В) Аурухана С) Төмен Д) Жиырма Е) Мен
19. Жинақтау сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.
А) Нешеу? В) Нешінші? С) Неше? Д) Нешеден? Е) Нешеге жуық?
20. «Сан есім» қалай аударылатынын белгілеңіз.
А) Имя существительное В) Глагол С) Наречие Д) Имя числительное Е) Союз.