?аза? ?дебиетінен ашы? саба? А ??нанбаев Ескендір поэмасы



Ашық сабақ
Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Қожантаева Ә.Ж
Амангелді орта мектебі
Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасыПәні: Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы Сабақтың мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы мазмұнымен танысу, поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын тану. Поэманың сюжеті шығыстық болғанымен, мән-мағынасы Абайдағы өзекті ойдан келіп шыққанын меңгеру. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Көркем туындыны түсіну, автордың идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын ашу, ақынның образ жасау шеберлігін ұғыну. 2. Әлеуметтік-мәдени: Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде студенттердің дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып, рухани имандылыққа, ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға, өз біліміне, күшіне сеніммен қарауға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төсілдіру, сын тұрғысынан ойландыру арқылы өз ойын, пікірін тұжырымдауға, тиянақты, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Сабақтың нәтижесі: 1. «Ескендір» поэмасы туралы түсініктері кеңейеді; 2. Абайдағы Ескендірдің келбеті туралы біледі; 3. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын біледі; 4. Жаман мінез-құлықтар мен адамгершілікке тән қасиеттерді айыра біледі. Сабақтың табыс критерийлері: 1. Поэмадағыкейіпкерлердің образын аша біледі. 2. Поэмадағы негізгі кейіпкер туралы мәлімет алады. 3 . Жаман және жақсы қасиеттерді көрсете біледі. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау критерияларына құрылған аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, Инсерт әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Үнсіз қадам» әдісі, озба оқыту т.б. Көрнекілігі: Сабаққа қатысты эпиграф, слайд Сабақта қолданылған құралдар: интербелсенді тақта, компьютер. Пән аралық байланыс: тарих Сілтеме: 1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2. А.Құнанбаев поэмалары.