«?нерлі бала — с?йкімді» атты с?з мерген сайысы 2-3 сыныптар


Тақырыбы: «Өнерлі бала - сүйкімді» атты
сөз мерген сайысы 2-3 сыныптар
Мақсаты: ана тіліміздің қадыр-қасиетін ұғындыру,ұғы--нған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аналарымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын жүйелі айта алуына, еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер,музыкалық әуен.
1-жүргізуші: Ана тілім-бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, Адамдар, қадірне жеткізер,
Ана тілің-анаң, сыйлап өтіңдер!
Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал.
Ана тілі – әрбір ұлттың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.
Шұғыла 4 б сынып оқушысы «Қазақ тілі – ғажап тіл» әні орындалады.
2-жүргізуші: 2-3 сыныптар арасында өткелі отырған «Өнерлі бала-сүйкімді» атты сайысымызды бастаймыз.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
1-жүргізуші: Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
2-жүргізуші: Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне тіл туралы сайысқа,
2-3 сынып білгірлері шығады.
Алдымен сайысымызға төрелік жасайтын әділқазылар алқасын сайлап аламыз. Топ екіге бөлінеді.
2-сынып І – топ «Атамекен»
3-сынып ІІ – топ «Өркен»
1-бөлім Таныстыру
1-топ: «Атамекен» Біздің ұранымыз: Тіл бар жерде өмір бар.
Біздің әніміз: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-топ: «Өркен» Ұранымыз: Сүйемін туған тілді-анам тілін.
Біздің әніміз: Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
1-жүргізуші: Мақал-мәтел –сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі - әз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім,-дей отырып келесі бөлімге кезек беремін.
2-бөлім Мақал-мәтелдің жалғасын айту
Тіл тас жарады .... (тас жармаса бас жарады)
Шебердің қолы ортақ .... (шешеннің тілі ортақ)
Бал тамған тілден ..... (су да тамар)
Бас кеспек болса да..... (тіл кепек жоқ)
Тұз астың ...... (дәмін келтіреді)
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ..... өсіреді. (ой)
Қол шешпегенді ..... (тіл) шешеді.
Жақсы байқап сөйлейді,
Ең тәтті, ең ащы, ең жұмсақ......(тіл)
Өнер алы – қызыл (тіл)
2- жүргізуші: Ана тілім-ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.
3-бөлім. Әр топ Ана тілі, қазақ тілі туралы жатқа мәнерлеп өлең оқиды.
4-бөлім. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ұшқыр ой-жылдам жауап»
Тез жауап беру керек.
І . «Атамекен» тобына:
Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп)
Білім күні қай айда? (1 қыркүйек)
Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынарин)
Қазіргі «Қазақ тілі» оқулығы қай баспадан шыққан? (Алматыкітап)
Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны)
Рәміздерді ата? (ту,елтаңба,әнұран)
Бес дұшпанды ата (өсек,өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
Сөйлем дегеніміз не?(аяқталған ойды білдіреді)
Мәтін түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
ІІ. «Өркен» тобына
Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қ.Р)
Кел,балалар,оқылық кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)
Қ.Р-ң мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
Өлең жазатын адамды кім дейді? (ақын)
Төрт түлікті ата (қой, түйе, сиыр,жылқы)
Ең асыл жан кім? (ана)
Қазақша жыл басы? (наурыз)
Сөйлем мүшесі деген не? (сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер)
Мәтін деген не? (өзара мығына жағынан байланысқан сөйлемдерден құралады)
Әнұранның авторын ата (сөзі Нәжімеденов, Назарбаев
Әні Ш.Қалдаяқов )
1-жүргізуші: Ана тілім-ақ қанатты тұлпарың,
Биіктерге самғап ұшар сұңқармын.
Ана тілім-махаббатым, құштарым,
Ана тілім – әнге қосар ардағым.
5-бөлім. Қазақ тілі, ана тілі туралы қазақтың ғұламалары қандай
ұлағатты, нақыл өздер айтқан?
6-бөлім. «Кім жылдам?» ТӘЖІРИБЕ – сөзінен мағыналы сөздер құрастыру. Қай топ көп, әрі жылдам құрастырар екен?
Жауабы: (тәрбие, тәж, ит, ер, рет, тер, жер, әтір, бір, әже, жеті)
2- жүргізуші: Қастерлеп қазақтың ана тілін,
Қайнаған қаныменен баба тілін.
Бірлікке татулыққа ұран болған,
Бұрынғы тектілердің дана тілін-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.
1-жүргізуші: Өзге тілге қанша құмар болса да,
Өз тіліңді шамаң келсе шештетпе.