«Математика саба?ында а?паратты? технологияны пайдаланып о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру»


«Математика сабағында ақпараттық технологияны пайдаланып оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»
Бекмуратова Сағила Қуанишовна
Математика пәні мұғалімі
«№7орта мектебі»ММ қ.Рудный
Бүгінгі басты мәселеміз-білім сапасы десек,осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы-білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану.Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3.Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету:стандарттар,оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
4.Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5.Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда,білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтену бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси жәнеэкономикалық қызметтерге белсенді қатысуына,сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі.
1.Білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2.Оқыту нысандары мен әдістері;
3.Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4.Мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
Білім берудегі мұғалімдер алдындағы басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім- білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.
Жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиялық өнімдер - оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді, жаңа шешімдер таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің – бірден- бір жолы. Сабақта ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым.
Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
Есеппен талдау жасау дағдыларын үйрету;
Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Математика сабағында ақпараттық- коммуникативтік технологияны жаңа тақырыпты өткенде,қорытынды – қайталау сабақтарында өзіндік жұмысты тексеру кезінде қолдану өте тиімді. Сабақ кезінде слайд – (Power Point) пайдалану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттыңөтежоғары деңгейін қамтамасыз етеді, математикаға деген қызығушылығын арттырады. Математика сабағында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады.
Жаңа тақырыпты өту барысында формулалар, дәлелдеулер, кейбір есептерді «кілт» ретінде шығару жолдарын, сызбаларды слайдқа жазып көрсету уақытты үнемдесе әрі оқушыныңқызығуын арттырады.
Орындалған тапсырманың дұрыстығын оқушылар өздері компьютер арқылы тексереді. Интерактивті тақта ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, графика, анимация, дыбыс, цифр- арқылы бейне) көрсетудің қуатты құралы. Қорыта айтқанда,интерактиві тақтаның мүмкіндіктерін математика сабағында пайдалану ақпаратты жеткізуге арналған уақытты үнемдеумен қатар, жаңа тақырыпты пысықтауға, есептерді көптеп шығаруға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлімтаева Б. Жаңа технология математика сабағында
Әлдібаева Т. «Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер
Еркінбекова Б.Жаңа педагогикалық технологияны математика сабағында қолдану.
Тағаева К.Математика сабағында дамыта оқыту әдістерін пайдалану