Желто?сан жа??ыры?ы. Т?рбие са?аты
1 желтоқсан Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті күніне арналған сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ел ертеңін ойлаған Елбасы
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.Халық таңдаған Президент
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны
Балалық шағы1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке – шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Жастық шағыОл ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Кемел кезеңдерКемел кезеңдер1972 жылы өзіне жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалды. Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың игілігі үшін жұмыс істеді. Металлургиямен бірге ол қайнаған ыстықта жүрді, шахтерлермен бірге штольняларға түсті. Сонымен бірге, оның бойында көрегендік, барлықмүмкіндікке және жаңа атаулыға деген зор ынта- ықылас сезіліп тұрды.
ОтбасыСара Алпысқызы Назарбаева (Қонақбаева) (12 ақпан , 1941 жыл, Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы)- Қазақстанның қоғам қайраткері , Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы.
Бағыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады.
Қыздарымен
.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.Рәміздер
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
1995 жылы 30- тамызда тәуелсіз ҚР –ның «Ата Заңы» қабылданды.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.