Шы?ыс ?аза?стан экономикалы? ауданыта?ырыбында?ы ашы? саба? жоспары 9-сынып


Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
география пәні мұғалімі
Отеулиева Онайгул Жолдиевна
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданыСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясына бай, полиметалл кені негізінде дамыған, түсті металлургия салалары, халқы туралы білім беру.Дамытушылық: Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;Тәрбиелік:• Отанын сүюге, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.• Өзіндік – сана сезім, ақыл – ой парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.• Білімді, шығармашыл, қабілетті оқушыны қалыптастыру.Сабақтың түрі: Білім мен іс - әрекет әдістерін жетілдіру барысындағы аралас сабақ.Сабақтың әдістері: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру әдісі.Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, экология, ән - күй сабақтары.Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, үлестірмелі материалдар, көркем фильм («Көксерек»), «Алтай» әні (Ж. Омарованың орындауында)Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Өткен сабақтарда сіздер Орталық Қазақстан экономикалық ауданымен таныс болдыңыздар. Толығырақ айтатын болсақ, оның экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық географиясы, ауыл шаруашылығы мен көлік кешендерімен. Енді сол өткен тақырыпты қорытындылау үшін бірнеше тапсырмаларды орындап жіберейік.1 - тапсырма. Кестені толтыр:КөлеміХалқыТығыздығыКенттену (урбандалу) деңгейіМамандандыру салалары2 - тапсырма. Кен орындарын атаТемір, марганец кен орындарыҚ........Б.........Н.......Қ......Ү......Ж....Қ....А....Полиметалл кен орындарыҚ........Қ........А.......А......Г.....Ж.....Сирек металдар кен орындарыШ....Ж......Қ......Қ......Қ.......Қ.......3 - тапсырма. Орталық Қазақстанның қай жерінде өндіріледіКүкірт қышқылыАзот қышқылыСинтетикалық каучукТехникалық резина бұйымдарыЭлектр станцияларына керекті құрал жабдықтарҚабырға сөрелеріКірпіш, алебастр, әктас, шыны өнімдеріКеншілер киім - кешектері4 - тапсырма. Сызбаны толтыр: (Сызба суреті)5 - тапсырма. Тестіні толтыра отырып, білімімізді тексерейік:1. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығының басты саласы –астық шаруашылығы -------- бау – бақшамал шаруашылығы ----------- балық шаруашылығы2. Ауыл шаруашылығының дамуына әсер ететін климатқұрғақ ауа райытопырақтың құнарсыздығысу тапшылығыбарлық факторлар3. Орталық Қазақстанда еділбай тұқымды............... өсіріледіЖылқылары, сиырлары, қойлары, шошқалары4. Техникалық дақылдардан өсірілетіндерМақта, күнбағыс, қант қызылшасы, жүгері5. Ауданның экономикасын дамытуда шешуді рөлді атқарадыКөлік, байланыс, құрылыс, ғылым6. Орталық Қазақстан аумағында 1205 км - ге созылып жатқан трансконтиненттік темір жолы байланыстырады:Мойынты – БалқашТүркісіб – ПетропавлҚарағанды – ЖезқазғанОрынбор – Ташкент7. Орталық Қазақстанның басты көлік торабы –ҚарағандыЖезқазғанТеміртауБалқашIII. Мақсат қою. «Қасқыр – Табиғат – Адам» тақырыбына сай «Көксерек» көркем фильмінен үзінді көрсетіліп, Шығыс Қазақстан өңірінің табиғаты мен тарихи тұлғалары туралы ой қозғау.IV. Жаңа білімді меңгерту.1. Экономикалық – географиялық жағдайы Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.2. Табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстанның аумағында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр - Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтықтар, тау аралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі.3. Табиғи ресурстары. Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы – қорғасын, мырыш және мыс. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26, 1 %, мырыштың 45, 8 %, мыстың 47, 9 %, алтынның 52, 2 %, титанның 37, 1 %, тантал кенінің 59 % шоғырланған.Су энергетикалық ресурсы республикадағы су қорының 50 % осы ауданның үлесіне тиеді.Ірі бөгендері: Бұқтырма, ӨскеменІрі өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, НарынІрі көлдері: Зайсан, Сасықкөл, Марқакөл, АлакөлКүршім4. Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км ² жерге 6 адамнан келеді. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металлургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты.Диаграмма суретіV. Сергіту сәтіЖ. Омарованың орындауындағы «Алтай» әнін тыңдауVI. Жаңа білімді бекітуАтласпен жұмыс1 - тапсырма. Шығыс Қазақстан аумағында кездесетін ірі өзендер мен көлдерді картадан көрсетіп, орналасу ерекшеліктерін анықтаңдар2 - тапсырма. Картадан халық сирек қоныстанған аумақтарды көрсетіп, сирек қоныстану себептерін түсіндіріңдер
3 - тапсырма. Пайдалы қазбалар мен кен орындарының арасындағы байланысты ұштастырындарБақыршық --------- көмірРиддер ------------ полиметалдарҚаражыра -------- алтынVII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларға түсіндірілген тақырып бойынша түйгендерін топтастыру әдісі арқылы қорытынды жасату.1 - тапсырма. Шығыс Қазақстанның ерекшеліктерін топтастыр2 - тапсырма. Кестені толтырЖер көлеміХалқыТығыздығыКенттену (урбандалу) деңгейіМамандандыру салаларыVIII. Үйге тапсырма.- § 22 оқу- Ауданның табиғат жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер- Кескін картамен жұмысты аяқтауIX. БағалауБағалау ережесі:Жинаған ұпай саны бағасыБарлық ұпай саны 149 - 14 «5»5 - 9 «4»Бағалау парағыТапсырмалар реті Жинайтын ұпай саны Жинағанұпай саны1 - тапсырма. «Өткен сабақты пысықтау» 12 - тапсырма. «Кен орындарды ата» 13 - тапсырма. «Сызбаны толтыр» 14 - тапсырма. «Орталық Қазақстанның қай жерінде өндіріледі» 15 - тапсырма. «Өткен сабақты қорытындылауға арналған тест» 76 - тапсырма. «Бөгендері» 17 - тапсырма. «Қорытынды» 18 - тапсырма. «Шығыс Қазақстан» 1Барлығы: 14Алған бағасы:X. РефлексияОқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы сабақтың қалай өткендігін айтады.Ең қызықты болған...Менің ойымша...Маған ұнағаны...Менің білгім келетіні...