Ашы? саба? WordPad м?тіндік редакторыны? интерфейсі.. (5 сынып)
Сыныбы:5 «А»
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Өткен тақырыпты еске түсіру. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сергіту кезеңіТапсырмаларды орындауСабақты бекітуБағалау
Үйге тапсырма беру.
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауап берген оқушыларға 1 смайликтен беріп тұрамын.
Оқушыларды кеспе сурет арқылы 3 топқа бөлемін. Монитор, жүйелік блок, басып шығарғы
І. Өткен тақырыпты еске түсір.
Сонымен балалар өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Сыныптағы 18 оқушыға арналған 18 тапсырманы кезекпен келіп суыра қояйық. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
Paint редакторы дегеніміз не?
/ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (Алығшынша сурет, сурет салу) /
Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?
/ мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер/
Paint редакторының сурет салу құралдарын туралы не білеміз?
/сурет сала алу, түстерді өзгерту, масштаб, қылқалам/
Сурет салу, ашу және сақтау.
51841403175001 Оқушы шығып Paint редакторын ашып, сақтап көрсетеді.
Paint редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?
Paint редакторында түстерді қалай өзгертеміз
21621754572000
42500553175000
Суретті басып шығару үшін берілетін бұйрық?
Ал балалар енді арамызда қай топ тапқырда, жылдам екенін анықтау үшін кеспе суреттер таратылып беріледі. Оқушылар А3 форматына жабыстырып, сол құралдардың не атқарытыны жайлы жазып береді.
ІІІ. Жаңа түсініктер:
Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т.с.с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін.Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.
Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;
керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
өз құжаттарыңды түзетуге;
құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді жазып, дәптерлеріңе жазып алыңдар
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
Мәтіндік құжаттарды құруға;
Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
Құжатты басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad .
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
(9,10,11,12 слайд)
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз-жол – абзац-бет-мәтін.
Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар.Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.
Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
Мәтінді түзеу тәсілдері;
Шегіністер мен интервалдар.
Сергіту жаттығуы: Ал балалар бәріміз сергіту жаттығуларын жасайық, денеміз бір серігіп қалсын.
Тапсырмалар:
Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасау. Оқулығымыздың 157 бетін ашып тәжірибелік жұмыс жасаймыз.
1-тәжірибе.
2-тәжірибе.
3-тәжірибе оқулықтағы 161 беттегі С деңгейін орындайды.
Әр топтан 2 оқушыға тәжірибелік тапсырманы орындатамын. Қалған топтың оқушылар сарапшы болып жасаған тәжірибелерін зерделейді.
Сабақты бекіту:
Үш топқа кеспе кағаз беріледі.
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Топ басшысы оқушыларды бағалайды. Жинаған смайликтеріне байланысты.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі. §19,20 тақырыптар. "Менің сыныбым" атты тақырыпқа әңгіме жазу. 2 тәжірибелік жұмысты орындап келу.
-3175-584201387475-38735Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады
0Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады
-31751543051323340159385Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді
0Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді
558801295401382395144780Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді;
0Бүріккіш, пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді;
-31752844801323340267335Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған
0Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған
38103238501399540446405Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады
0Белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады
438151003301372870194310Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді;
0Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді;
-317501524001412240217805Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады;
0Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады;
38103276601336040353695Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады
0Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады
-53975166370001401445163195Өшіргіш түрлі-түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған
0Өшіргіш түрлі-түсті өшіргіш, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған
1417955162560Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандыққа сызуға арналған.
0Қарындаш, бұл кез келген сызықты әр түрлі жуандыққа сызуға арналған.
-51435158115
1398905106045Сызық, түзу сызықтар салуға арналған
0Сызық, түзу сызықтар салуға арналған
-56515120650
141859099695Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған
0Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған
-36830116840
1419225358775Құю ( Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды
0Құю ( Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды
-5715302260
1398905322580Кисть, ерікті сызықтарлы салуға арналған. Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады;
0Кисть, ерікті сызықтарлы салуға арналған. Кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады;
-5715396875
1387475253365Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді;
0Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді;
-35560290195
1397635259715Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
0Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
-25400354965
1079521780500362585221615Түстерді таңдау
0Түстерді таңдау
-104457521272500365760208280Жылдам қол жеткізу тақтасы
0Жылдам қол жеткізу тақтасы
-113665-114300003364865-16192500
171513531559500