WordPad м?тіндік редакторыны? интерфейсі та?ырыбында ашы? саба?
Сыныбы:5 «А»
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Өткен тақырыпты еске түсіру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сергіту кезеңіТапсырмаларды орындауСабақты бекітуБағалау
Үйге тапсырма беру.
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауап берген оқушыларға 1
Оқушыларды кеспе сурет арқылы 3 топқа бөлемін. Монитор, жүйелік блок, басып шығарғыш
І. Өткен тақырыпты еске түсір.
Сонымен балалар өткен сабақта біз Paint графикалық редакторы туралы өткен болатынбыз. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге мына тапсырмаларды беремін. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Өздерің таңдап алған кеспе қағаздарда түрлі тапсырмалар бар. Олар тақтада, компьютерде орындайтын тапсырмалар және сұрақтар бар. Сыныптағы 18 оқушыға арналған 18 тапсырманы кезекпен келіп суыра қояйық. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз.
Paint редакторы дегеніміз не?
/ графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. (Алығшынша сурет, сурет салу) /
Paint редакторынмен қалай жұмыс жасаймыз?
/ мәтіндердің көркемделуін, жұмыс үстелі үшін фондық бейнелерді құруды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселер/
Paint редакторының сурет салу құралдарын туралы не білеміз?
/сурет сала алу, түстерді өзгерту, масштаб, қылқалам/
Сурет салу, ашу және сақтау.
1 Оқушы шығып Paint редакторын ашып, сақтап көрсетеді.
Paint редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?
Paint редакторында түстерді қалай өзгертеміз
Суретті басып шығару үшін берілетін бұйрық?
Ал балалар енді арамызда қай топ тапқырда, жылдам екенін анықтау үшін кеспе суреттер таратылып беріледі. Оқушылар А3 форматына жабыстырып, сол құралдардың не атқарытыны жайлы жазып береді.
ІІІ. Жаңа түсініктер:
Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазды және т.с.с. Кейде өздерің қолжазба мәтінін де оқуға тура келеді. Ол кітап оқығаннан әлде қайда қиынырақ. Барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуыңда мүмкін.Нәтижесінде мәтінді қате түсінесің.
Арнайы программалардың – мәтіндік редактордың көмегімен кез- келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:
мәтін - сақтау үшін аз орын талап етеді;
керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;
мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады;
өз құжаттарыңды түзетуге;
құжатыңды суреттермен безендіруге болады.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күнді жазып, дәптерлеріңе жазып алыңдар
WordPad мәтіндік редактор – қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
Мәтіндік құжаттарды құруға;
Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
Мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін өзгертуге;
Құжатты басып шығаруға.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad .
Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен таныс болайық.
(9,10,11,12 слайд)
Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір – бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз-жол – абзац-бет-мәтін.
Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзацтың соңы» символымен ажыратылып жазылады.
Кез келген құжаттың кем дегенде бір абзацы бар.Абзацтарға тақырыптар мен тізімдердің элементтері де жатады.
Абзацтың ең негізгі қасиеттері:
Әріптің гарнитурасы, кескін сызығы, мөлшері;
Мәтінді түзеу тәсілдері;
Шегіністер мен интервалдар.
Сергіту жаттығуы: Ал балалар бәріміз сергіту жаттығуларын жасайық, денеміз бір серігіп қалсын.
Тапсырмалар:
Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасау. Оқулығымыздың 157 бетін ашып тәжірибелік жұмыс жасаймыз.
1-тәжірибе.
2-тәжірибе.
3-тәжірибе оқулықтағы 161 беттегі С деңгейін орындайды.
Әр топтан 2 оқушыға тәжірибелік тапсырманы орындатамын. Қалған топтың оқушылар сарапшы болып жасаған тәжірибелерін зерделейді.
Сабақты бекіту:
Үш топқа кеспе кағаз беріледі.
Бағалау: Оқушылардың білімін бағалау. Топ басшысы оқушыларды бағалайды. Жинаған смайликтеріне байланысты.
Қорытындылау: Сұрақтарға берген жауаптарын толықтыра отырып, сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: §19,20 тақырыптар.