Адам ?міріндегі ?арым-?атынасты? ерекшеліктері ж?не психологиялы? т?р?ыдан ке?ес беру
ШЕТЕЛ ТІЛДЕР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Оқу-тәрбие үрдісін модернизациялау жағдайындағы оқытушы мен оқушы арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату жолдары» атты ғылыми-практикалық әдістемелік семинарда оқылған баяндама
Тақырыбы: Адам өміріндегі қарым-қатынастың ерекшеліктері және психологиялық тұрғыдан кеңес беру
Дайындаған педагогика-психология пәнінің оқытушысы Садирова Г.Т
Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше, бір шаһар апат болады» дейді көне шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Мұғалім өз ісіне берілген жанқиярлық еңбегі арқылы ғана халықтың терең риза шылығы мен құрметіне бөленеді. Қазіргі таңда, мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Мұғалімнің қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерді төмендегідей топтастыруға болады:
Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен ұштастыру;
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) мәдениетті, мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру;
Ұйымдастырушылық қабілет, тәрбие процесіндегі әр түрлі әрекеттерді басқару;
Бақылаушылық, бағалаушылық: оқу-тәрбие процесі мен оқушы іс-әрекетіне, біліміне үздіксіз бақылау жасау, тексеру, бағалау.
Қазіргі кезде қарым-қатынас адамзат қоғамның және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты десек те болады. Қарым-қатынас үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынас барысында тұлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Қарым-қатынас – өмірлік қажеттілік. Қарым-қатынас арқылы біз жаңа ақпарат аламыз, басқа адамдармен қатынасымызды ретке келтіреміз, өмірімізге керектінің бәрін табамыз.
Баланы жан-жақты тани, онымен жақсы қарым-қатынас орната білу үшін төмендегі психологиялық 10 ережені жатқа білуі қажет:
Оқушы – жеке тұлға. Онымен сыйластық қарым-қатынаста бола біл.
Оқушының көзінен оның ішкі жан-дүниесін танып біл, үйрен.
Еш уақытта оқушыны келеке қылма, оған айқайлама, ашу шақырма.
Оқушымен қарым-қатынаста төзімді де, талапты, кішіпейіл де, кешірімшіл бол.
Оқушы денсаулығына еш уақытта да зиян келтірме.
Әр уақытта көңіл-күйің сергек болсын.
Орынды жерде әзіл-қалжыңды қолдана біл.
Оқушының өзіндік бағасын үнемі көтере біл.
Әрқашан да шыншыл, сыпайы бол.
Оқушының сеніміне ене біл, сенімді көзіңнің қарашығындай сақтай біл.
Ғылымда белгіленген барлық халықтарға ортақ вербальды және вербальды емес түрлері бар. Вербальды адамдардың бір-бірімен сөздер арқылы сөйлесуі болса, верьбальды емес сөйлесу интонация, мимика, тембр, пауза, жесттер т.б. дене қимылдары мен қалыптары арқылы жүзеге асады. Адамның дене қимылымен дене қалпын түсіне, сөйлесуге қарағанда қиынырақ болады. Сөйлесудің маңызды болып табылатындығы сондықтан. Вербальды емес сөйлесу барлық елдің адамдары үшін үлкен маңызға ие. Өйткені адамның ана тілін білмеген жағдайдың өзінде жымию арқылы да онымен тіл табысуға болады.
Сөйлесуде қолданылатын дене қимылы мен қалпының мәні
Дене қимылы мен қалпы Түсіндірмелер
Басы төмен салбыраған, сақ көзқарас Адам достық пиғылда емес, немесе сізбен қарым-қатынас ол үшін осы кезде орынды емес болуы мүмкін
Қолы кеудесінде айқасқан Жұдырығын түйген Қолын қалтына тыққан Қолы белінде Ол жай-күйдің қожасы екенін көрсетіп тұр
Тұрған қалыпта бір аяғы алдына шығып тұр Көзге көрінбейтін түкті тазалау Адам айтылған нәрсемен келіспейді, бірақ әңгімелесушіге оны айтқысы келмейді
Иегі жұдырықтай жиырылып, саусағы самайында Әңгімелесуші сізді сынап тұр
Иегін таянып отыр Адамның іші пісіп отыр
Адамның келбеті есікке бағытталып тұр Әңгімені аяқтап, кетуді ойлап тұр
Саусағымен немесе аяғымен тарсылдату Асығады, кетуді қалайды
Қолын көкірегінде айқастыру Бәлкім, адам өзіне деген теріс қатынасыңызды сезді, болып жатқан жағдаймен келіспейді, өз күшіне аздап сенбейді
Қолы айқасқан Аяғы айқасқан Аяғын аяғына қойған Ернін тістеу Адам эмоциясын ұстауға тырысады
Адам қолында, тізесінде немесе алдында жай ғана бір нәрсені ұстайды Адам өзі араласып жүрген адамға толық сенбейді. Жаңа топта немесе жаңа жерге келген адам үшін бұл қалыпты нәрсе
Жөтелу Адам өз айтқанына толық сенімді емес. Оның айтқаны өтірік болу мүмкін
Аузын алақанымен басу Көзін, құлағын қасу Көзін басқа жаққа немесе жерге қарау Әңгімелесушіге тік қарамау Бетін тығу Ашық алақан Ашық қалып: кеуде, іш, бас қолмен немесе басқа нәрсемен жабылмаған, аяқ, қол айқаспаған Адам сізбен қарым-қатынасқа ыңғайлы, ол сізге сенеді, сізбен араласу оған ұнайды
Тік көзқарас Бастың бір жаққа қисаюы Қызығушылық
Алақанын жүрекке басу Түсіну, қайғыға ортақтасу, риза болу
Аяғы аяғына салынған, тізесі әңгімелесушіге бағытталған Әңгімелесуге жайғасқан
Екінші саусағы самайында Қызығушылық
Иегін сипау Ойлану, адам сіздің айтқаныңызға ойланып тұр
Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол. Қоғаммен, ұжыммен, оқуышалармен әрдайым жақсы қатынаста болған нағыз мейірімділіктің белгісі. «Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара» деген даналар сөзін естен шығармай жадымызда ұстайық, ұстаздар!