Орталы? ?аза?станны? шаруашылы? географиясы, к?ліктік жа?дайы
Экономикалық география Бекітемін:
Сабақ № 45 9 сынып Күні: 16 /02 – 2015жыл
Сабақтың тақырыбы Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық
Блум таксономиясы
Марта Бронсон (2002ж) өзін-өзі реттеу
Жалпы мақсаттар Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары туралы білу.
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы
туралы айырмашылықтарын түсініп, талдаулары керек
Оқыту нәтижелері 1.Оқушылар Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары туралы түсінеді
2.Оқушылар жаңа әдіс – тәсілдермен және кестемен жұмыс жасай алады.
Міндеттер 1. Креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізеді;
2. Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамытады;
3. Оқушылар алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді
Негізгі дерек көздер АКТ, постер мен маркер, стикерлер
Оқыту әдістері: Диологтік оқыту. СТО.АКТ.Топтық жұмыс 1.Жеке жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Кіріспе Амандасу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау, топқа бөлу Сабаққа дайындық , зейіндерін аударып, ден қою
Білу
Өткенді қайталау Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады Жауаптарын ұсынады
Жаңа тақырыпқа дайындық -Енді топ ішінде мына тапсырманы талқылайық.« Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы» деген сөзге сипаттама берейік және мына көріністерге қараңыздар (Тақтада суретттер көрсетіледі)
-Балалар, тақтада қандай суреттерді көріп тұрмыз? (Оқушылардан жауапты күтеді) Өз болжамдарын айтады
Мақсатты қою кезеңі Олай болса, балалар, біз бүгін қандай тақырып өтеміз деп ойлайсындар? (Балалардан бүгінгі тақырыптың атын айтуын күтеді). Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюумыз керек деп ойлайсындар? Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсат – міндеттерін айтуға талпыныс жасайды
Түсіну
Жаңа тақырып Сыныпты «ойлан, жұптас талқыла» әдісі арқылы топқа бөлу І-топқа ІІ-топқа, ІІІ-топқа, ІV- топқа, V-топқа үлестірмелер таратады Әр топ өздеріне берілген тапсырманы оқып, топ ішінде (топ басшысы, тәлімгер, хатшы, репортер, уақыт белгілеуші) ролдеріне бөлініп,әр топтан бір оқушы баяндап береді
Қолдану
Бекіту Балалар енді жинақтаған білімдеріңді тексеріп көрейік.Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады. 1.Сұраққа жеке өздері жауап береді
2.Сұраққа жауап бергеннен кейін ортаға салып топпен ақылдасып, берілген тапсырманы сабаққа белсенді қатыспайтын оқушыға қорғату керек.
3.Оқушылар өз жұмыстарын мұғалімнің келтірген жауабымен салыстырып, қателіктерін айқындайды
Талдау «Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары
» сөзіне топтастыру әдісі арқылы талдау жасайық «Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары
» сөзін постерге ерекшеліктерін жазып, әр топтан бір оқушы қорғап шығады
Жинақтау
Сонымен, біз бүгінгі сабақта не үйрендік, балалар? Қорытынды шығарады
Жаңа тақырыпты бағалау Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
Не үшін қажет Жауаптарын ұсынады
Бағалау Бағаны өзін-өзі бағалаудан алған нәтижелерімен салыстырып , баға қояды Балалар бір- бірін бағалайды
Рефлексия Балалар, бүгінгі сабақ туралы не айтасындар? Қиын ба екен? Сабақ түсінікті болды ма? Өз ойларын айтады
Орындауға арналған тапсырмалар Онда үй тапсырмасын белгілеп аламыз. Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы
Үй жұмысын белгілеп алады