?ліппемен ?оштасу кешіні? сценарий


Әліппемен қоштасу сценарий
Нұрсая: Қайырлы күн , халайық!
Ғани:Армысыздар, ата-ана,ұстаздар!
Бірге: Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
Нұрсая: Тамырын тереңге жайған, тағылымы мен тәрбиенің алтын бесігі білім мен ғылымның ақ ордасы, Тәуелсіз Қазақстанның білімді де білікті ұрпағын тәрбиелеуде жол бастаған Ғажайыптар ғибратханасы №249 мектеп-лицейге
Бірге: Хош келдіңіздер!
Ғани: Бүгінгі қуанышты мереке « «Әліппе әлемі-әріппен әдемі!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Нұрсая: Кеше ғана қадам басқан мектебің,
Білім берді, санаң өсіп көктедің.
Бойың да өсті, ойың да өсті, қарашы,
Осы емес пе бір белеске жеткенің.
Ғани: Құрметті ұстаздар, ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Көрсетпекші өнерін, ұл-қыздарың
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
Нұрсая: Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап,билеп,ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Қоштасуды тойлаймыз.
Ғани: Тал шыбықтай бойына
Әдемі көйлек жарасар.
Шақырайық ортаға
Балғын балдырғандарды.
Хор: Әліппе
Нұрсая: Алтын ұя –мектеп,өзің мақтаным,
Сенен артық құтты қадам таппадым.
Сен арқылы білім деген отаудың
Қасиетті босағасын аттадым.
Ғани: Бүгін біз үшін қуанышты күн. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені бітіріп, қоштасқалы тұрмыз.
Осы уақытқа дейін есеп шығаруды, сурет салуды, спортпен шұғылдануды үйрендік.
Нұрсая:Дұрыс айтасың Әли, Әліппе оқулығы арқылы білім әлеміне сапар шектіңдер.
Ғани: -Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
Нұрсая: -Ой не болды? Неге олай дейсің?
Ғани:-Ал менің көңілім түсіп тұрғаны.
Нұрсая:-Мен сенің сырыңды білетін сияқтымын, себебі сендер 4ай бойы оқыған білім атасы «Әліппемен»қоштасқалы тұрсыздар. Қимай тұрсыңдар ,солай ма?
Ғани:Дұрыс айтасыз. Әліппемізге рахмет айтсақ та қимай тұрмыз.
Нұрсая: олай болса Сүйікті оқулығымыз Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Болашаққа жол ашқан,
Ол-сүйікті Әліппе!
/Оқушылар сахнадан шығып етеді:/
Әліппе келеді:
Армысыңдар,жас достар.
Армысыңдар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер балғындар.
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, небілдік
Қане, ортаға салайық!
Менің бұл жерде 40 әріп 2 таңбам бар. Ал сіздерге әріптердің сөйлегендігі туралы ертегі айтып берейін.
Ерте,ерте ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Баяғыда орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Кқк үйде дауыссыз дыбыстар,қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліппи» деген дана болыпты. Ос екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті.
Бұны көрген Әліппи «Мен осы үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен деп?» ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куа болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты.
Ғани: Әліппе айтқан ертегіңіз бізге қатты ұнады. Рахмет!
Нұрсая: Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңы.з.
Ән: Өтепбереген Айдана «Әліппе саған рахмет!»
Ғани: Нұрсая Әліппе оқулығы айтқандай әріптердің сиқыры бар көрінеді. Әріптерден тізбек құралып п әдемі әндер,өлеңдер өріледі екен.
Енді кезекті әріптердің сиқырына берейік:
Тақпақтар
«Ә» Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы,
Жас балаға нұр шашқан,
Әліппе кітап тіл ашқан.
«Л» Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
«І» Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың.
Ұстазым маған кілтін алып берді.
«П» Әліппе білім анасы,
Әліппе, кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның барма баласы.
«П» Үйретті бізді Әліппе
Қырық екі әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық әріпке
Бәрі бірге: Білімге жолды бастаған,
Әліппем, саған мың алғыс!
Нұрсая:Әліппе бізге көп нәрсе үйреткен екен.
Ғани: Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз құрауға дағдыландық. Енді әліппеге ризашылығымызды білдіріп, батасын алайық:
Әліппе бата:
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет,
Келесі оқу жылына
Аман есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Өнер ,білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.
Әумин! Балалар ,сендер мені жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!
Бәрі хормен: Қош бол, Әліппе!
Би «Қыздар»
Ғани:-Біз Әліппені бітірген соң не істейміз?Соны мен де ойлап тұрмын.
Шынымен де не оқимыз?
Нұрсая:-Қиналатын түгі де жоқ.
Достарым! «Ана тілі» деген досымыз бар.
Әли: Олай болса Ана тілін ортамызға шақырайық.
Ана тілі
Армысыздар,балалар! Неткен білімділер десеңші. Әліппеден үйренген өнерлеріңді ортаға салып жатырсыңдар ма?
Сәлеметсіздерме, балалар!
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне :
Ана тілі мен болам.
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Балалар , енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсе үйретемін. Сендердің келешекте жақсы азамат болатындарыңа сенемін.
Би «Ты маряшка я маряк»
Ғани: Нұрсая сен білесіңбе? Біз алғаш мектепке келген білім күнінде Елбасымыз сыйға кітап табыс етті.
Нұрсая: Қандай керемет, Осы сыйлықты алған сәтте сен қандай сезімде болдың?
Ғани: «Менің Отаным Қазақстан» атты кітапты қолыма алған сәтте мұның үлкен құнды дүние екенін, Елбасының бізге үміт артқанын түсіндім.
Елбасына рахтет айтып, үмітін ақтайтын азамат болып өсуге уәде береміз.
Франковский:
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр төрімде.
Ел Ордасы астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Туған елдің төсінде,
Тәуелсіздік көгінде
Шашады күн шуағын,
Жағады түн шырағын.
Бибітшілік- ұраным,
Қазақстан –тұрағым.
Нұрсая:Мектеп, мұғалім, ұстаз, дәптер,қалам деген ұғымдармен таныстырған
Ғани:Әліппені ең алғаш қолға ұстатқан
Нұрсая:Оқуға,жазуға үйреткен.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай ,42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтамыз.
«Балдәурен» Оңдабайұлы Бақытжан
Ғани:Ұстаздық етуден жалықпаған, сан мыңдаған шәкірттерге даналық сәулесін сепкен, ұлағатты ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Күләш апайға алғашқы сөз кезегін береміз. /Құттықтау сөз/
Нұрсая: Рахмет! Тілегіңіз қабыл болсын. Келесі әсем әніміз сіздің құрметіңізге арналады.
«Мереке» Кемал Нұрила
Ғани:Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында.
Ақ тілек пен ақ бата, үлкендерден шашылар!- дей отырып, сөз кезегін кешіміздің қадірлі қонақтары ата-аналарға береміз!
Нұрсая: Әліппен оқу барысында ата-аналардың қосқан үлес өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет!
Ғани: Құрметті ата-аналар мың бұралған бишілеріміздің тартуын қабыл алыңыздар.
Би «Ретро»
Нұрсая: Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмаса.
Әп-сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай ,қарағым,
Біртіндеп сіңер бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шамшырағың жолында-дегендей әліппемен қоштасу тойы құтты болсын, жаңа оқулықты жандарыңа серік қылып, білім баспалдағына өрлей беріңдер!
Ән: «Балалық шақ»
Ғани: Құрметті ұстаздар ,ата-аналар, Әліппемен қоштасу кешіне жиналған қауым! Осымен 1 «Г» сыныбы дайындаған мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!
Бірге:Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!