К?ркем ?дебиет саба? жоспары Наурыз тойы
Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы. сынып жетекші:Галиева Э.М.Мерзімі: 16.03.2017. Білім беру салалары: КоммуникацияБөлімдері: Көркем әдебиет Тақырыбы: Наурыз тойыМақсаты: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту. Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүріміз- ді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Сөздік жұмыс: : көгерсін, теңелді.
Қолданылатын көрнекіліктер:. Наурыз тойының суреттері, наурызкөже пісіріп жатқан аналар суреті.
Әрекет кезеңдері Жетекшінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру,сезімді ояту.
Шаттық шеңбері
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Ұйымдастыру,ізденіс жүргізу
Жетекші:- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Наурыз айында қандай ұлттық мере- кені тойлаймыз?
Дәптермен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін балаларға жаттату.
Күн менен түн теңелді,
Күн шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы - салтымыз,
«Көгерсін», - деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз. Наурызда күн мен түн теңе- леді. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, нау- рыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді. Жер-әлем жап-жас-ыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырап су ағып жатыр. Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп түр. Бала -лар алтыбақан ойнап, аналар наурыз -көже пісіріп жатыр. Наурыз тойы басталды.
Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қалай болды? Наурыз тойы несімен ұнады?
Дидактикалық ойын: «Бұл қай салт-дәстүр?»
Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрінің суреттері көрсеті леді. Балалар бұл қай салт-дәстүр екенін табуы керек. Ол тура- лы толық айта білуі керек.
Сергіту сәті: Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарқын күнМейрамында халықтың.
Дәптермен жұмыс: Наурыз көжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қос.
Ұлттық ойын: «Қамшы алу».
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе, сол баланың епті болғаны. Сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен жұмыс жасайды. Өлеңжолдарын жаттайды.
Тыныштық сәтін жасайды.
Ойын ойнау арқылы салт-дәстүрлерді біледі.
Сергіту сәтін орындайды.
Қорытындылау
- Наурыз мерекесі қандай мереке?
- Наурызкөжені кімдер пісіреді?
- Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды? Күтілген нәтиже.Білуі керек: Наурыз - жыл басы, ұлыстың ұлы күні, қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенінТүсінігі:. Наурыз мерекесі туралыІстей білуі керек: салт-дәстүрлерді білу.Тексердім:________________________