Коучинг жоспары «Блум таксономиясы»


Коучинг жоспары «Блум таксономиясы»
Жалпы мақсаты Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға, Блум таксономиясын сабақтарға мақсат қоюға, білімді игертуге деңгейлік тапсырмаларды дұрыс әзірлей алуға бағыттау
Күтілетін нәтиже Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы,түрлі тапсырмалар орындай отырып, Блум таксономиясының білімді игертуге
6-қадамының тиімді екеніне көз жеткізеді.
Түйінді идея Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау
Ресурстар Интерактивті тақта, А-3 парақтары, стикер ,маркер, түрлі суреттер, таратпа материалдарыКоучинг сессияның өту барысы
Өтілу кезеңдері Уақыты Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
Сергіту сәті 2 мин Шеңбер құру арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтылады, бір –бірімен танысады
Топқа бөлу 2 мин Шеңберде тұрған адамдар үш-үштен бөлініп тұра қалады. Санамақ ойыны арқылы үш топқа бөлінеді
Ой шақыру, теориялық материал 7 мин «Көбелек сабағы» презентациясы
Блум таксономиясы туралы теориялық білім
Топтық жұмыс 5 мин
Әр топқа 3 минуттан
Барлығы 14 мин Тапсырма «Бауырсақ» ертегісін Блум таксономиясына салу.
1-тапсырма
1- топ
Ертегінің негізгі кейіпкерін постерге бейнеле.
2-топ
Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді түсіндір.
3-топ
Ертегіні бүгінгі жаңа күн талабына сай үлгіде суретте. (5 минут тапсырманы әзірлеуге, 3 минут қорғауға)
Рефлексия 2 мин Үш топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс 5 мин
Әр топқа 3 минуттан
Барлығы 14 мин Нәтижеге жету
2 тапсырма
1-топ. Бауырсақ ертегісін көрініс түрінде бейнеле.
2-топ. Ертегіні  жарнамала.
3-топ. Түлкінің бауырсақтың кездескендегі әрекетін бейнеле.
(5 минут тапсырманы әзірлеуге, 3 минут қорғауға)
Рефлексия 2 мин Үш топ бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Кері байланыс 2 мин Мұғалімдер өз ойларын, пікірлерін стикерге жазады