Ашы? саба?: ?она? к?ту-салтымыз


Қайырбек Оразов атындағы
Аралағаш орта мектебі
Ашық сабақ
3-сынып
Тақырыбы: «Қонақ күту-
салтымыз»
Рүстемова А.Т.
Тақырыбы:«Қонақ күту-салтымыз»
Рүстемова А.Т.
бастауыш сынып мұғалімі
СҚО Аққайың ауданы
Қ. Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі
Сабақ мақсаты: Қонақ күту-қазақ халқының дәстүрлерінің бірі екенін, ол адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенің түсіндіру.Қонақ күтудің ерекшелігін , оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатынасын түсіндіріп, «қонақжайлық»,
«меймандылық»деген сөздердің мағынасын түсіндіру.
Қонақ:Қонақты күту рәсімі.Адамдар арасындағы сыйластық.Халықтың қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрі.
Тірек білім:Отбасы.Ата-ана мен ержеткен бала арасындағы қарым-қатынас.Өмір тәжірибесі.
Көрнекілік:Мазмұнды сурет, плакат, тест, көрініс.
Әдісі:Сұрақ-жауап, әңгіме, өздік жұмыс.
Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Балаң жақсы болса...
А)Екі баладан мазмұның сұрау.
Ә) Үш балаға тест беру
Б) Өткен сабақты қорытындылау мақсатында мақал-мәтелден жарыс.
Жеңімпаз топ алдында еліміздің Туы желбірейді.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Кіріспе:
-Мен «бізге қонақтар келе жатыр» деп бекерге айтқан жоқпын.Бүгінгі сабағымыз-
«Қонақжайлылық» деп аталады.
-Дәптерімізді ашамыз,тақырыпты жазамыз.
-Қонақ дегенді тағы қалай атауға болады?
-Мейман.
-Қонақ деген кімдер өзі?
-Үйге келген кісілер.
-Оларды шақырамыз ба?
-Иә.Шақырылмай да алыстан ағайын-туыстар келеді.
2.Суретпен жұмыс
Тақтада қонақтар жайлы сурет.Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.
3.-Жақсы,балалар,қонақ әртүрлі болады екен.Мынаны оқиық (Тақтадағы плакатта жазу.Екі бала дауыстап оқиды).
Қонақтың мынадай түрі бар:
1.Арнайы қонақ. Алыстан арнайы келген жақын туыс,сүйікті дос,жақсы жолдас.
Бұл – сыйлы қонақ.
2.Құдайы қонақ. Өзің танымайтын, білмейтін,шалғай елден жолаушылап жүріп ат
басын тірей қалған бөгде қонақ. Бұл-сауап қонақ.
3.Қыдырма қонақ. Ерігіп,желігіп,үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.
Бұл-далбаса қонақ.
4.Қылқима қонақ.Үй арасындағы түтіні түзу шыққан үйді аңдып,құлқыны үшін жүрген сандалма қонақ.Бұл –сұғанақ қонақ.
Балалар дәптерге қысқа түрін жазып алады.
4. Осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастырайық.
5.Оқулықпен жұмыс :
1 )Мұғалім оқиды
2 ) Оқушылар оқиды тұтас
3 ) Қиың сөздерді талдау: «қонақжай», «меймандос», «береке-құт», «құдайы қонақ».
6.Мәтіннен кейін берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
1 ) Қонақ деген кім?
-Ол- арнаулы шақырылған туыс-туған, жора –жолдас және арнайы іздеп келген кісілер.
2 ) - «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
-Қонақты жылы жүзбен қарсы алып,барын ұсыну.
3 ) –Қонақтың қандай түрлері бар?
-Арнайы, құдайы, қыдырма, қылқима.
4 )-Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?
-Сәлемдесіп, жылы шыраймен жөн сұрау.
7. Мазмұның 2 баладан сұрау.
8. Көрініс. Қонақ келгенде. (Балалар өзі көрсетеді).
-Балалар , бізге қонақ келуі мүмкін.(Қонақ келеді):
-Ассалаумағалейкум!
-Уағалайкумассалам!Сәлем бердік!
-Төрге шығыңдар!
-Келіңіздер!
(Оқушылар қонақ күту рәсімдерін жасайды).
-Кәне балалар, ауылдың «алты-аузын» айтайық.(Бір бала терме айтады).
-Ой,өркенің өссін!
-Абыройлы бол!
-Енді «қонақкәде»сұрасақ қайтеді?
-Кәне,кәне қонақкәде сұраймыз. (Қонақкәде орындалады.Қонақ болып келген баланыңбіреуі өнер көрсетеді) .
-Сау болыңыз!
-Өнерің өрге жүзсін!
-Ал,қонақтар,аз әзір болғанша, алтыбақанға келіңіздер.
9. Суретпен жұмыс
-Ал енді, балалар, оқулықтағы суретке қарап, көрген көрінісімізді кірістіре отырып,
бірнеше сөйлем құрайық.
Балалар оқулықтағы сурет туралы әңгімелейді.
10.Қорытынды.Қала мен ауыл қонағының айырмашылығы.
11.Үйге тапсырма.
12.Бағалау.
13.Оқушылар орындарынан тұрып,сабаққа қатысып отырған кісілермен қоштасады:
1-оқушы:
Қонақжайлы салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Ата салтын сақтасақ,
Арта берер даңқымыз.
2-оқушы:
Сау болыңдар көргенше,
Қайта айналып келгенше!
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше!
3-оқушы:
Біз еңбек сабағында бірнеше тағам түрлерін жасап үйрендік.Үйге келген қонаққа
Өзіміз ас әзірлеп бере аламыз.Қонақтарды өзіміз дайындаған ас мәзіріне шақырамыз.
(Дайын үстелді ортаға қояды).