Т?здар гидролизі 9 сынып
Күні: 23.10. 9 г сынып.Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі.
Өткен сабақты қорытындылау. Тест.1. Диссоциацияланғанда Cu2+ ионы түзілетін заттың формуласы:а) Cu(OH)2 ә) CuS б) CuCl22. Диссоциацияланғанда сульфат –анионы түзілетін заттың формуласы:а) CuSO4 ә) BaSO4 б) PbSO43. Қандай иондар лакмустың күлгін түсін қызғылтқа бояйды: а) Н+ ә) Ca2+ б) OH-4. Қысқартылған иондық теңдеумен берілген: 2Н+ + СО32- = H2O + CO2 реакция қай заттар әрекеттескенде жүреді:а) азот қышқылы мен көмірқышқыл газыә) натрий гидроксиді мен көмірқышқыл газыб) кальций карбонаты мен тұз қышқылыв) барий гидроксиді мен натрий сульфаты5. Күкірт қышқылы мен натрий гидроксиді реакциясының қысқартылған иондық теңдеуі:а) Ва2+ + SO42- = BaSO4↓ б) Н+ + ОН- = Н2Оә) 2H+ + SO42- = H2O + SO2 в) 2Н+ +S2- = H2S
Жауаптары: 1- б2- а3- а4- б5- б
Тұздардың гидролизі –тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласы не иондары түзілетін реакциялар
Натрий хлориді – NaOHкүшті негіз және HCl күшті қышқыл әрекеттескенде түзілетін тұз. NaCl → Na+ + Cl- HOH ↔ H+ + OH-Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизге ұшырамайды, оның ортасы бейтарап болады: С(Н+) = С(ОН-)
Натрий карбонаты Na2CO3 – NaOH күшті негіз бен әлсіз көмір қышқылы әрекеттескенде түзілген тұз: Na2CO3 ↔ 2Na+ + СО32-HOH ↔ H+ + OH- Күшті негіз бен әлсіз қышқылдың тұзы гидролизденгенде тұз құрамындағы қышқыл қалдық анионы су құрамынан сутек катионын қосып алып, ерітіндіге гидроксид ионы босап шығады, сондықтан орта негіздік болады:
Гидролиздену реакциясының молекулалық теңдеуі: Na2CO3 + НОН = NaHCO3 + NaOH
Алюминий хлориді AlCl3 – Al(OH)3 әлсіз негіз бен HCl күшті қышқыл әрекеттескенде түзілген тұз. Әлсіз негіз бен қышқылдың тұзы гидролизденгенде тұз құрамындағы металл катионы су құрамынан гидроксид иондарын қосып алып, ерітіндіде сутек иондары қалады. AlCl3 + НОН ↔ Al(ОН)Cl2 + НCl
Тұздардың формуласыТұздардың аталуыТұзға сәйкес келетін негіз Тұзға сәйкес келетін қышқылСuCl2Al2(SO4)3K2CO3Fe(NO3)3NaHSА) Кестені толтырыңдар:
Тұздың аталуыКатионАнионКалий гидрокарбонаиыМыс гидроксохлоридіТемір (ІІІ) сульфатыНатрий дигидрофосфатыӘ) Тұз ерітінділерінде қандай бөлшектер болады:
Қорыта келе, тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиеттеріне байланысты