Бізді? ?міріміз ?зімізді? ?мір туралы ойымыздан туындайды


Біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойымыздан туындайды.

Біз өз өміріміздің жауапкершілігін өз қолымызға алуымыз керек. Ішкі сезімімізге үңіліп ойымызды өзгертсек,қоршаған ортада өзгерер еді.Сіз ойлағаныңызға жетуіңіз үшін, қылығыңыз бен ойыңызды өзгертуіңіз керек.
Сіз өзіңізге сақ болуыңыз керек. Ішкі, сыртқы сезіміңізге жиі құлақ салыңыз. Өз сезіміңізді ашық ұстай білсеңіз өмірде дұрыс жолмен келе жатқаныңызды байқайсызӨмір - ол ойын. Кейде қатал, кейде қайғылы болады. Сол ойын арқылы ғана үйренеміз.
Өміріңде бір нәрсені өзгерту үшін, ішкі дүниеңе үңіліп, түйсік арқылы мінезіңді, ойыңды , өзіңді өзгертуің керекБіздің өміріміз ойымыздың сәулесі, әркім өз өмірін өзі құрады.
Сіздің көргеніңіз, естігеніңіз, сезгеніңіз ол – сіздің жалғасыңыз. Ол сіздің ішкі жан дүниеңіздің сәулесі.Біз әділ өмірде өмір сүріп жатырмыз. Адам неге сенсе, соған жетеді.
Егер адам өзін сүйсе, онда ол айналасында сүйіспеншілікті орната алады, сөйтіп ол айналасын өзгертеді. Өзіңді сүю – өзіңді жеке тұлға ретінде сыйлау , қандай болсаң, өзіңді солай қабылдау.
Күмәніңізге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз, жауапкершілікті өз қолыңызға алыңыз. Жолыңыздың болмағанын сабақ ретінде қабылдаңыз, кері байланыс деп түсініңіз.
Өмірдегі кез-келген кедергі – неге тоқтадыңыз деген белгі. Мінезге бай адам ғана, жағдаяттан шыға алады. Бостандық – барлығын басқара алу Асыл арманыңызға жақындағанда сіз мақсатыңыздың орындалатынын сезесіз. Сіздің жолыңыз әр уақытты сізге қуаныш әкеліп тұруы керекКез-келген қиындық – сіздің мақсатыңыздың дұрыс еместігінен.
Дәл қазір неге иесіз, соны қабылдаңыз. Алғыспен қабылдаңыз. Қанағат тұтыңыз.Терең мағына осында.Басқа адам бойындағы бір нәрсе сізге ұнамаса сол өзіңіздің түйсігіңізде бары анық.
Бойыңыздағы дерт сіздің ойыңыздың, мінезіңіздің сәулесі. Демек дерттің себебі, сіздің өз бойыңызда. Барлық дерт , барлық күйзеліс – түйсігіңізбен тілегіңіздің үйлеспеуінің қорытындысы
Адам өзіне дертті өзі тауып алады. Егер себебін жойса, одан өзі, текқана өзі ғана құтыла алады.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Денсаулық қоршаған орта мен тіршілігіңіздің тепе-теңдігінде. Өзіңіздің ісіңізіңбен, ойымызбен, қимылымызбен сол тепе-теңдікті бұзасыз.Кез – келген дерттен айығу үшін, ойымызды, қылығымызды түзеуіміз керек.
Өзін сүю – алла сізді қалай жаратса солай қабылдау. Өзін сүю өзін мақтай білу. Өзін сүю адамдарға алғыс айта білу. Таза ойға деген құштарлығыңыз сізді бақытқа жетелейді.
Егер қарым-қатынастың ләззатын алғыңыз келсе, жақын адамдарға деген махаббатыңыз, Жаратушыға деген сүйіспеншілігіңіздей болсын.Кешірімді бола біліңіз! Білгенің қайсы, білмегенді кешірмесең.
Махаббат – өмірді жалғастыруға, мәңгілікке, бір-біріне деген құштарлық. Махаббат күші – жер бетіндегі ең күшті қуат. Балаларымның бақытын тілесем, бірінші өзім бақытты болуым керек.
Жақыныңыздың ерекшелігін – сыйлаңыз. Алланың берген сыйы деп қараңыз. Дұшпаныңызға ызаланып, кек сақтағанша, өзіңізді ойлаңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз.
Қолдай, мақтай біліңіз. Адамдардың бойынан жақсылығын көре біліңіз. Егер сіздің ниетіңіз түзу болса, онда адамдар да өзінің таза қасиетімен көрінеді.Айналаңызға деген құрмет сіздің өзіңізге деген жақсылықтың кепілі.
Адам қандай болса, солай қабылдаБасқа адамды бақытты бол деп, зорлай алмайсың. Өзіңді жақсы сезінбей, біреуге жақсылық жасай алмайсың
Қандай жұмыста жүрсеңіз, сол жұмысыңызды қабылдаңыз. Егер істеп жатқан жұмысыңыз ұнамаса басқаша жасаңыз, немесе өзгертіңізӨз ісіңіздің шебері бола біліңіз. Қаржыңыздың жақсы болуы, сіздің қолыңызда.

Сіздің ақшаңыздың болуы , өзіңізді қалай құрметтейтініңізге байланысты.Өзіңізді құрметтей біліңіз. Не істесеңізде шын ниетіңізбен істеңіз. Сонда адамдар сізге жақсылық тілейді.
Назарларыңызға рахмет!Психолог Жусы Самира Талғар ауданы Бесағаш ауылы №29 орта мектеп