?лысты? ?лы к?ні — Наурыз мерекесіне арнал?ан мектепішілік іс-шара
Шымкент №1 саңырау балалардың мектеп-интернаты
МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА
Тақырыбы:
«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз»
118044118110
Жауапты:
Байгобекова Р.М.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз».
Мақсаты:
Оқушылардың Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
Ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту.
Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна ұлттық ою-өрнектермен жазылған сөздер мен әсем шарлармен безендіріледі.
Іс-шараның барысы:
Мерекенің ашылуы: «Қазақ» биі.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2-жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-жүргізуші:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
2-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
(Әжелер шашуын шашып, сахнаға шығады.)
1-жүргізуші:
Күй нөсерін төгейік,
Жырдан моншақ өрейік.
Уа, жамағат, ал енді,
Әнге кезек берейік.
2-жүргізуші:
«Қош келдің, Наурыз» әнімен Оңласын Гүлнұрды қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ұлттық ойын салтымыз,
Думандатып жатырмыз.
Оқушы:
Сүйінші, сүйінші, сүйінші!
Жеңгем ұл тапты.
(Азан шақырып, нәрестеге ат қою, бесікке салу рәсімі.)
2-жүргізуші:
Толқытып жүрегімнің нәзік күйін,
Танытып табиғаттың берген сыйын.
Тамсанып, таңқалдырып баршаңызға,
Бишілер ұсынады әсем биін.
1-жүргізуші:
Бимен тамсандырар балғын балаларымыздың «Өзбек» биін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Келесі кезекте «Тұсау кесер» рәсімін көріп, тамашалаңыздар!
1-жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
7-сынып оқушысы Аружанның орындауында «Наурыз» әнін қошеметпен қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Ортамызды ашайық,
Думандатып би-билеп,
Інжу-маржан шашайық!
Келесі көріп тамашалайтындарыңыз 3-сынып оқушыларының орындауындағы «Үнді» биі. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады.
Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?!
Өз-өзіме жүрегім ән салады.
Ерсұлтан мен Ботаның орындауында «Сұлу қыз» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Құрметті, қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен Қыдыр ата келеді. Қане, қарсы алайық!
«Бәйшешек» биі.
Қыдыр ата:
Уа, қолыңды жай ағайын,
Кеудеңе от жағайын.
Мәртебесі мектептің,
Аса берсін лайым.
Тауық жылы әз Наурыз,
Төрттік пен бестікті,
Ала берсін балаларымыз.
Тәртіптері озат болып,
Сыйласын деп сұрайық.
Елбасымыз аман болсын!
Тыныштық заман болсын!
Әумин!
1-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз тойы құтты болсын!
2-жүргізуші:
Осымен, бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекелік іс-шарамызды аяқтай отырып, Сіздерге, отбасыларыңызға құт-береке, мол бақыт әкелсін! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!