Жануарлар д?ниесіні? ?рт?рлілігі ашы? саба?ы
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Кувандыкова Толғанай Демегеновна
Дүниетану пәні
Сабақтың тақырыбы:Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың әртүрлілігі, пайдасы туралы қарапайым түсініктерін тереңдетіп, олардың алуан түрлі екеніннің белгілеріне қарай айжырата білуге, түрін анықтауға үйрету.
- Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қоршаған орта туралы ұғымдарын жетілдіру,сөздік қорын молайту;
-ана табиғатқа деген махабатын ояту, жануарларды сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: сюжетті суреттер, жануарлардың макеті, сөзжұмбақ, тірек сызбалар, тест.
Сабақ өту әдісі: иллюстрациялық баяндау, топтастыру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды сабаққа керекті оқу-құралдарын дайындату, түгендеу;
психологиялық дайындау:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өсімдіктер бөлімі және өсімдіктердің Қызыл кітабы жайлы алған білімдерін пысықтау.
1-слайд:Миға шабуыл- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Өсімдіктерді неге тірі ағза деп атаймыз?
- Қызыл кітап дегеніміз не?
- Қызыл кітапқа енгізілген қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Өсімдік мүшелерін ата.
- Өсімдікке тыныс алу үшін қандай мүшелері қатысады?
- Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
ІІІ.Жаңа сабақ: Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы бастау
2-слайд:Сөзжұмбақ.
Өсімдіктердің бізге беретін сыйы?
Өсімдіктің негізгі және топырақ астындағы мүшесі?
2000 жыл тіршілік ететін ағашты ата.
Тірі табиғатқа қажетті жағдайдың бірі?
Жер бетіндегі өсімдіктер өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат?
Түрлі дәрі жасауға қолданылатын өсімдік?
Пиязшық арқылы көбейетін өсімдіктің бірі?
Түйнек арқылы көбейетін өсімдік түрі?
Көп жылдық өсімдіктерге жатады, қыстада жасыл түсін өзгертпейді?
Сөзжұмбақта шыққан «Жануарлар» сөзін оқушыларға оқыту арқылы жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
Оқушыларды топқа бөлу (өздеріне ұнаған жануарларын ала отырып 3 топқа бөлінеді)
Бағалау әдісімен таныстырып кету оқушылардың жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі карточкалар алады, толық емес жауап- сары түсті, дұрыс бірақ кеңінен ашылмаған жауап-қызыл түсті,дұрыс негізделген жауап- жасыл түсті.
Ой қозғау.
Тақырыпқа сай жұмбақтар шешу арқылы олардың жануарлардың қай тобына жататынын анықтату.
1.Қарға қарқылдайды,
Сауысқан саңқылдайды.
Не шырылдайды?(торғай)Құстар тобы 8600 түрі бар.
2. Тастан-ьасқа секіретін жануар төлі?(лақ)Сүтқоректілер тобы 5000 түрі.
3. Суда жасайды, онсыз болмайды.(балық)балықтар тобы 20000.
4.Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты,
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады.(шыбын)
4.Жерді де мекен етеді,
Көлді де мекен етеді. (бақа)
Бақа қай топқа жатады?(қосмекенді)
5.Өзі улы, өзі шұбар ,
Көрген адам өте қорқар.(жылан)
-Жануарлар неше топқа бөлінеді?
-әр топқа мысал келтіру.
3-слайд:Топтық жұмыс.
Топтастыру стратегиясын пайдаланып, жануарларды топтарға бөлу.
Құстар, сүтқоректілер,балықтар,бунақденелілер,қосмекенділер,жорғалаушылар.
Жануарлардың әр тобына мысал келтіру, суретін көрсете отырып олардың пайдасы жайлы әңгімелеу. Мысалы: Қой-үй жануары, сүтқоректілер тобына жатады, өсімдіктермен қоректенеді, еті, терісі, майы пайдалы т.б.
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан мәтінді оқыту.
2) Жануарлардың тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жанурлары деп топтастыру.
4-слайд
3) «Аңдардың күзгі тіршілігі» тақырыбындығы борсықтың, аюдың, ақкістің, қоянның немен қоректенетіні туралы көрініс көрсету арқылы жануарлардың қоректенуіне қарайда бөлінетіні туралы түсінік беру.
Мысық, ит, түлкі сияқты аңдарды (тышқандарды,қояндарды т.б.) құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар дейді.
Ал жылқы, қой, сиыр, тиін, қоян,аю сияқты жануарлар әр түрлі өсімдіктермен (шөп сабағы, жапырағы, жемісі, жидегі, т.б.) қоректенетіндіктен өсімдікқоректілер деп атайды.
Кірпі, борсық сияқты жәндіктерді сүйіп жейтіндер- жәндікқоректілер деп атайды.
4) Топтастыру Жыртқыш, өсімдікқоректі, жәндікқоректі сөздері жазылған балаларға плакат беру, сол плакатқа жануарлар аттары жазылған қима қағаздар таратып қоректенуіне қарай тиістісін жапсыруды тапсыру. (Уақыт белгілеу, әр топ өз жұмысын қорғап шығады.)
Топтық жұмыс. Сәйкестендіру
5)Суретпен жұмыс жүргізу. Суреттегі жануарлардың қайсысы қайда тұратынын анықтап дәптерлеріне жаздыру.
Сөздік: Дәптерлеріне жаздыру.
кәрез-ара ұясы
Апан- аюдың үйі
Ін- түлкінің үйі
Ұя- құстың ұясы
7-слайд
6) Жануарлардың тіршілігіне не қажет? Қажетті жағдайларды теріп жазу.Түсіндіру.
IV. Сабақты пысықтау: 8-слайд:Тест
1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
а) Үй жануарлары, жабайы жануарлар құстар.
ә) Қосмекенділер, бунақденелілер , балықтар , құстар , жорғалаушылар ,
сүтқоректілер.
2. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
а) Балық , құс
ә) Сиыр, бұғы
3. Жыртқыш аңдарды тап.
а) Арқар, құлан, түйе
ә) Қасқыр, түлкі, аю
4. Тиін немен қоректенеді?
а) Бидай, арпа, сұлы
ә) Саңырақұлақ, жаңғақ
5. Бауырмен жорғалаушылар қайсысы?
а) Жылан, кесіртке
ә) Қоңыз,көбелек
6. Бақа жануардың қай тобына жатады?
а) Қосмекенді
ә) Бауырмен жорғалаушы
9-слайд:Сен білесің бе?
V.Үйге тапсырма: 80-82 беттерді оқу, сурет салу.