Конспект на тему: Адам ?міріне не ?ажет?


Пәннің аты: Дүниетану Күні: 09.2015ж Кабинет: Мұғалім: Тастанбекова А.С.
Сабақтың атауы Адам өміріне не қажет?
Мақсаты Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі:глобус,.карта,тәжірибе столы,пробиркалар,құм,саз,қант,су,ас содасы,кофе,шай,штатив,шыны , май шам.
Нақыл сөздер:
Сулы жер -нулы жер
Су -тіршіліктің ғана емес,тазалықтың,пәктіктің белгісі.
Су- энергияның қайнар көзі,келешектің отыны.
«Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар»
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Судың қасиеттерін және жай күйі туралы білімдерін жинақтау,қорытындылау.
-Судың қандай қасиеттерін білеміз?Оны дәлелдеңдер.
Мағынаны тану
-Судың қандай үш жағдайы болады?
Ол бір жағдайдан екінші жағдайға қалай көшеді?
СУДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ:
Сұйық БУ Қатты(мұз)
III.Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен ,міндетімен таныстыру.Дәптерге күнді жазу.
Адам өміріне не қажет? Өткен тақырыптан еске түсіру.
ТАМАҚ СУ АУА
АДАМ ӨМІРІНЕ НЕ ҚАЖЕТ?
ЖАРЫҚ ЖЫЛУ
Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істеп тәжірибе жасаймыз.
1 тапсырма
топқа тапсырма : 2-і топқа тапсырма :
Суға қантты салып Суға тұз салып
қорытынды шығарыңыз қорытынды шығарыңыз
2 тапсырма
Суға ас содасын салып қорытынды шығарыңыз
3 тапсырма
Суға шай салып қорытынды жасаңыз Суға кофе салып қорытынды жасаңыз
Оқушылар қорытындыларын дәптерге жазады:
Суға салған нәрселер не істеді?
Судың түсі өзгерді ме?
Дәмі өзгерді ме?
Қорытынды:Су еріткіш.
Мұғаліммен бірге тәжірибе жасау:
Таза суды шыны бетіне тамызып,астына май шаммен қыздырамыз.Су буға айналып,ұшып кетеді,ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады.Бұл не?
Қорытынды:Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар.Әсіресе ,еріген заттар ащы суларда көп болады.
Қорытынды шығару:
Ерімейтін заттар СУ Еритін заттар
(саз,құм) су буланады (қант,тұз,сода,шай,кофе)
Балаларға сұрақ: бидай дәні топырақта өніп,өсу үшін оған қандай жағдай жасауымыз керек? (оқушылар жауабы).Тіршілік судан басталады.
IY.Деректер мен дәйектер:
Ал енді адам ағзасына күніне 10 литрдей су керек.Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:
YI.Суды қорғау мәселелері.
Арық,өзен бойына шөп ,ағаштар егу
Суларды қоқыстан тазалау. «Бұлақ көрсең –көзін аш»
Завод,фабрикалардан шыққан қалдықтарды суға ағызуға тыйым салу,оларға тазартқыш қондырғылар орнату.
«Судың да сурауы бар» -суды үнемдеу (кранды жауып жүру,беталды суды ағызбау)
Қазақта адамгершілікке арналған үш сауал бар,олар:
1.Шөлге құдық қазған
2.Өзенге көпір салған
3.Жолға ағаш еккен
Осы орайда ауылдың сынып жатқан көпірін жаңадан салып ,елдің алғысын алған ауыл азаматы «Матан»шаруа қожалығының басшысы Жадаев Мұратты айта кету жөн.
YII .Суға байланысты ырым –тыйымдар:
Суға түкірме
Судың бетін ашық қалдырма
Түнде суға барма
Суға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер:
Сулы жер –нулы жер
Жылап жүріп арық тазаласаң,күліп жүріп су ішесің
Бастау суалса-бақыт суалады
Ағын су-өмір,тоқтау су-өлім
Бұлақ көрсең-көзін аш
Құлан- қырға,құндыз –суға
YIII.Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады