Ж.Жабаев Мені? ?мірім (3-сынып)
Пәні: Әдебиеттік оқу. Сыныбы:ІІІ Күні:26.11.15 Бекітемін.
Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім.
Сабақтың мақсаты: а\ Ж.Жабаев туралы мәлімет беріп, мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
ә\ Өз елін,жерін сүюге,құрыметпен қарауға, адамгершілікке,білімді болуға тәрбиелеу. б\ Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеуге дағдыландырып жетілдіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: автор суреті, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы.
І.Қызығушылық ояту.
Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.
Психологиялық дайындық жүргізу. «Шаттық шеңбері»
Балалар шеңбер құрып тұрады.
- Балалар, біз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер құрып көрейікші!? Қандай тамаша!
Шеңбер күн сияқты жылы дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет-жүзін, көзін, күлкісін көре алады.
Қарандаршы! Біз шеңберде тұрғанда барлығымыз бір-біріміздің қуанышты бет-жүзімізді анық көріп тұрмыз! Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымызбен, жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз! Сондықтан бұл шеңберді жылулық, қуаныш, шаттық шеңбері деп атаймыз.
Ал қазір біз «шаттық шеңберімізді» құрып тұрмыз! Қанеки! Осы шеңберде бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлайық!
Бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Балалар шеңбер құрып, мұғалім-мен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Жарайсыңдар, балалар!
Өткенді қайталау: -Үйге не берілді? «Батырдың ұрпағы» түсінгенін айту.
1\ «Батырдың ұрпағы» туралы түсінгенін сұрау.
2\ Сұрақ-жауап жұмысы.
Батырлар ерлігіне байланысты аталатын жер-су аттары?
«Қалмаққырған», «Шүршітқырған».
Батырдың қандай заттарын музейге берді?
Қайқы қылыш және жалпақ белдік.
Олжабай батыр Әлкейдің нешінші атасы?
БесіншіІІ. Мағынаны тану.
Балалар, мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
Дәндері алтын тіске ұқсайтын дақыл.
«Суға кеткен ғұмыр» мәтініндегі өмірінің 70% суға кеткен кім?
Ұшақтар қуат алатын зат?
«Білгеннің пайдасы» мәтініндегі байдың баласы кім?
Олжабай атаның заттары қойылған музей?
Баланы ажал аузынан аман алып қалған кім?
Ж ү г е р і
Б а л ы қ ш ы
Ж а н а р м а й б р о у н О м б ы А қ с а қ а л Балалар қандай сөз шықты?
Жамбыл.
Өте жақсы .Олай болса, бүгін біз Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» мәтінімен танысамыз.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келіп, 1945 жылы 99 жасында дүние салды. Жамбыл Жабаев-жырау, жыршы әрі айтыс ақыны. Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастады. Өскен ортасын ән мен жырға толтырып жүрген. Көршілес орыс және қырғыз еліне де оның даңқы жайылды. Ақындар арасында ең ұзақ жасаған ақын.
Оқулық, дәптермен жұмыс:
1. Мәтінді оқу.
2. «Менің өмірім» мәтініне қысқаша түсінік беру.
3.Сөздікпен жұмыс:
Жарапазан-ораза айында үй аралап жүріп айтатын өлең.
Әуес-әр нәрсеге үйір, құштар.
4.Тұтас, тізбектеп оқыту
Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?
Ақынның өз әкесін «көшпенді кедей болған» дегенін қалай түсінесің?
Жамбылдың басқа балалардан ерекшелігі неде?
Оның атақты ақын болуына әсер еткен оқиғаны әңгімеле?
Жамбыл ұстазы кім?
Сүйінбай туралы қысқаша мағлұмат беру.
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс:
«Өнерге құштар бала»атты Ж.Жабаев туралы шағын шығарма жазғызу. Сабақ аяқталғанда жұмыстарын тексеріп бағалау.
ІІІ. Ой толғаныс. Топтастыру
Жамбыл тауында
333629098425
Жарапазан айтты Киіз үйде тұрды
43851831873251727327187325211709018681700
2592959144145Жамбылдың өмірі00Жамбылдың өмірі
424942088900193421090170
3397631133604
Кедей, тұрмысы нашар Сүйінбаймен кездескен Ағасы домбырашы
-Бүгінгі сабақта кіммен таныстық?
-Ол туралы қандай шығарма оқыдық?
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
V Үйге тапсырма: Оқып, түсінгенін айту.
-Ж. Жабаев туралы мәліметтер жинап келу.
VI Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.