Бастауыш сыныпта?ы ?дебиеттік о?удан ашы? саба?. Ісмер ?ыз та?ырыбы


Пәннің аты
Әдебиеттік оқу Уақыты: 20.02.2017ж Мұғалім: Бекетаева Г.Ж Бекітемін
Сабақтың тақырыбы Ісмер қыз
Мақсаты
Берілген өлеңнің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату;
Оқушылардың негізгі ойды ашып айтып одан түйін шығару қабілетін жетілдіру; Ақпараттық және проблеманы шешу құзыреттілігі қалыптастыру;
Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер «Жокей мен жылқы» әдісі, « Адасқан әріптер» ойыны, топтық жұмыс, жеке жұмыс,венн диаграммасы, модель құру.
Күтілетін нәтиже Оқушылар топта жұмыс жасайды, өлең құрастырады, өлеңге модель жасай алады.Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады.Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Психологиялық ахуал «Тығырықтан шығу» ойыны
Шарты:Қандай жағдай болса да қолдары босатпауы керек.Әбден жазылғанда тығырықтан шығады.
Сұрақ:Шатасу кезінде кім не сезінді?
Топқа бөлу (оймақ,іс машинасы,ине,қайшы суреттері арқылы) Оқушылар шеңбер жасайды. Қолдарын көтеріп әбден арасынан өте алмайтындай болып шатасады.
Топқа бөлінеді Суреттер
Үй тапсырмасын сұрау «Жокей мен жылқы» әдісімен үй тапсырмасын тексеру. Әр оқушы өзінің сұрағына сәйкес жауабын табады.
Кеспе қағаздар
Қызығушылықты ояту «Суретпен сөйлеу» Оқушылар өз ойларын айтады. Оймақ,қайшы, ине,іс машинасы,
Слайд
Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді аудиотаспадан тыңдау;
- Оқушының мәнерлеп,тізбектей оқуы;
- Оқулықтардағы тапсырмаларды орындау. Өлеңді аудиотаспадан тыңдайды,мәнерлеп оқиды,тапсырмаларды орындайды. Аудиотаспа
Сергіту сәті Көңілді күн Ой толғаныс Топтық жұмыс.
1топ - «Ісмер қыз» өлеңіне модель құрастыру
2 топ - Венн диаграммасы
3 топ– Өлең құрастыру
4 топ- Өздерің армандаған мерекелік киімнің суретін салу Шығармашылық жұмыс жасайды.
Постер
Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқу. «Қолымнан келетін іс» тақырыбында эссе жазу. Рефлексия
«Миға жиған ақпарат» Ақ парақ

Бағалау
Критериалды Әр топ лидерлері топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады.
Бағалау критерийлері жазылған парақшалар