К?ркем ?дебиет п?ні бойынша ашы? саба? Хайуанаттар ?лемінде


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Хайуанаттар әлемінде»
Мақсаты: Тірек суреттерді қолдана отырып балалардың тілдерін нығайту.
Міндеттері: Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу, сурет пен сөз арасында байланыс орната білу машықтарын қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: жабайы аңдардың суреттері, тірек сурет.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Балаларды шеңберге тұрады
-Балалар айналаға қараңдаршы, бүгін бізде ерекше күн! Неліктен? Өйткені, бізге қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық.
Ойын «мекенін тап»
Ойынның шарты: тәрбиеші жеке аңдардың суреттерін балаларға таратып береді. Ал тақтада сол аңдардың үйлері бейнеленген плакат тұрады. Балалар аңдардың өзіне тиісті үйлерін тауып қояды.
Қоян келіп өз сөзін айт. Балалар шеңберге тұрады
-Сәлеметсіздерме!
Балалар ойынға қатысады.
Ұйымдастыру іс-әрекеті -Сәлеметсіздер ме балалар! Менің қарным аш!
Балаларға карточка таратылады. Екі топқа бөлінеді.
-Балалар сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар! Бүгін біз жабайы аңдар туралы әңгімелесеміз.
Олар қайда өмір сүреді?
Балалр айтындаршы. . .
Ең айлакер аң... (түлкі)
Ең қорқақ ...  (қоян)
Балды жақсы көретін... (аю)
Аң патшасы... (арыстан)
Мысыққа ұқсайтын  аң...(жолбарыс)
Ең ұзын мойын...(керік)
Қораға шабатын аң...(қасқыр)
Ең ірі жануар...(піл)
Үстінде тікенегі бар...(кірпі)
Бұл жануарларды балалар біз "Жабайы аңдар"  деп айтамыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далда жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.
  Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
 Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю- суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп жейді.
         Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында уыққа тоңбайды.
Д/о «Не артық?»
Ойынның шарты:Жануарлардың қайсы артық екенің таба білу.
Жарайсындар балалар.
Осы жабайы аңдарға байланысты жұмбақ жасырамын.
Ит сияқты пішіні ,
Ұнатпайды кісіні. ( Қасқыр)
Жеміс-жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. (Аю)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Тірек сурет арқылы тақпақ жаттау.
Тиін
Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
"Мозайканы құрастыру”
Балаларға жануарлар суреттерінің мозайкасын таратып беремін. Балалар оны құрастырып, ол аң қандай аң және қайда тұратынын айтады. -Сәлеметсізбе!
-Арыстан, түлкі, қасқыр, жолбарыс, қоян
Түлкі,қоян,аю,арыстан,Жолбарыс,керік,
Балалар ненің артығы екенің тауып,түсіндіреді.
Балалар жұмбақты шешеді.
Балалар қимылмен жасайды.
Тірек сурет арқылы тақпақ жатайды.
Мозайканы құрастырады.
Түсіндіреді.
Рефлексивті-түзетуші Сен қандай аңды құрастырдың?
Сабақ ұнады ма?
Не ұнады?
Аю,Арыстан.
Ия ұнады.
Ойындар,тапсырмалар.