Ашы? саба? жоспары Хайуанаттар ба?ы (4 сынып)


Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Хайуанаттар бағы
Күні: 5.12.2016 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Сагымбекова Р.Е.
Сынып 4 «Б» Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Оқушылардың жануарлар туралы алған білімдерін пысықтай отырып, тақырып мазмұнын меңгерту. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, тапқырлыққа, танымдық қабілетін арттыруға дағдыландыру. Жануарларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Бағалау критерийі Барлық оқушылар орындай алады: Таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жабайы аңдар мен үй жануарларын ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Оқушылар қалып етістіктерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыра алады.
Тілдік мақсат: Хайуанаттар бағы .
Сабақ барысы
Алдыңғы оқу
Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Қалыптастырушы
Бағалау Ресурс
2 мин 1-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Психологиялық ахуал тудыру
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап,
Қазақ тілін бастаймыз. Оқушылар бір-біріне күлімдеп қарап, сәттілік тілейді.
3 мин 2-әрекет топқа бөлу. Аю, қоян, жолбарыстың суретімен үш топқа бөлу. Оқушылар қағаздарды алып тиісті топқа бөлініп отырады Түрлі түсті қағаздар
5 мин 3-әрекет: Үй тапсырмасын тексеру: «Поп корн» әдісі арқылы сұрақтар қою. Оқушылар сұраққа жылдам жауап береді Смайлдар Интербелсенді тақта, смайлдар
Сабақ басы
7 мин 4-әрекет: Жаңа сабақты түсіндіру. Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Хайуанаттар бағы».
Жаңа сөздер:
Хайуанаттар бағы-зоопарк-zoo
Грамматикалық тақырып: Қалып етістік (тұр, жатыр, жүр, отыр)
Бүгін біз сендермен хайуанаттар бағына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін біз үш белестен өтуіміз керек екен. Ең бірінші хайуанаттар бағына жету үшін бізге көлік керек. Біз барлығымыз жеңіл машинаға сыймаймыз, сондықтан бізге қандай көлік керек? (балалар автобус деп жауап береді)Дұрыс, балалар, әрине автобусқа бәріміз сыямыз. Дескриптор:
Мұғалімді мұқият тыңдайды, тақтаға қарайды.

Интербелсенді тақта, автобустың суреті
Сабақтың ортасы
7 мин 5-әрекет: Автобус жүргізушісінің тапсырмасы. Жеке жұмыс «Текше» әдісі арқылы тапсырманы орындау Ойын
Дескриптор: 1.Берілген сұрақтарға жауап береді. 2.Сөздерді рыс, ағылшын тілдеріне аударады. Алмалармен бағалау (қызыл өте жақсы, жасыл жақсы, сары қанағат) Суреттер, интербелсенді тақта, алмалар
5 мин 6-әрекет. Касса қызметкерінің тапсырмасы. Жұптық жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» Дескриптор: 1. Мәтінді тыңдайды. 2.Дәптерлеріне қалып етістігі бар сөйлемдерді көшіріп жазады. 3Диалог құрастырады. Смайлдар арқылы бағалау 3 мин Сергіту сәті. Балалар сергіту сәтін жасайды.
Басбармақ әдісімен көңіл-күйлерін көрсетеді. Интербелсенді тақта
Сабақтың соңы:
7 мин 7-әрекет.Саяхатшының тапсырмасы: «Артығын алып таста» әдісі. Топтық жұмыс. Әр түрлі суреттер беріледі, соның арасынан сабақтың тақырыбына сәйкесін алып, артығын алып тастайды. Дескриптор: 1.Берілген суреттен тақырыпқа сай суретті табады.
2. Өз жұмыстарын қорғайды. Флипчарт, түрлі суреттер
3 мин 8-әрекет.
Рефлексия:
Өте жақсы түсіндім. Түсіндім. Түсінбедім. Рефлексия сұрақтарына жауап:
Сабақты өте жақсы түсінсе, жануарлардың басын бояйды. Орташа түсінсе, ортасын бояйды. Егер мұлде түсінбесе, аяқ жағын бояйды.