План коучинга Желі – о?ыту мен о?у ?дерістерін жетілдіруге ба?ыттал?ан бірізді,жалпылама,механикалы? ?деріс.
Коучинг-сессия жоспары
Күні: 17.04.2015ж. Сағат: 9.20
Сабақ тақырыбы: Желі – оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған бірізді,жалпылама,механикалық үдеріс.
Жалпы мақсат: Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады,тиімді әдістер мен тапсырмаларды орындап, өздеріне деген сенімділіктің ұшқыны ұялайды.
Түйінді идеялар: Желілердің қазіргі заманғы білім және инновациялар алмасу үдерісіндегі маңыздылығын көрсету.
Сабақта қолданылатын материалдар: Суреттер, үлестірмелі қағаздар,түрлі-түсті қаламдар, бейнетаспа, слайдтар.
Дерек көздері: Интернет желісі, БАҚ
Тапсырмалар Ой қозғау, постер, кластер,тренинг.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу,топқа бөлу
5 мин
Психологиялық дайындық
Тренинг «Желі»
(Жауапты: Онайбекова Г.Р,
Килибаева С.Х,
Елекенова Л.Х)
Қатысушылар тілек айтады
4 топқа бөлінеді
«Желі» сөзіне анықтама беру
10 мин Интербелсенді тақта арқылы «Желі» туралы мәлімет беріледі
(Жауапты: Неталиева Қ.Қ,
Есжанова Н.Н,
Калаканов М.Т)
Өздеріне керегін түртіп алады.
Топтық жұмыс
20 мин Әр топқа жеке тапсырмалар береді:
1-топ. Оқушы мен оқушы,
2-топ. Мұғалім мен оқушы,
3 –топ. Мұғалім мен ата-ана,
4 – топ. Мұғалім мен мұғалім
арасындағы желілік байланысты көрсету.
Топта өз ойларын постер арқылы қорғайды, бағалайды.
Қорытындылау
10 мин Интербелсенді тақтадан
Желілік байланыстың мектептегі жұмысымен таныстыру. Өздеріне керегін түртіп алады.
Рефлексия
5 мин Кері байланыс.
Желі арқылы пікір қалдыру Әр қатысушы берілген критерийлер бойынша алған әсерлерін жазады.