Внешкольная работа на тему Мені? Отаным — ?аза?стан (1 класс)


Менің Отаным -Қазақстан
Сабақың мақсаттары:
білімділік  Отан,атамекен ұғымының мәні мен мағынасын аша отырып, мемлекеттік рәміздердің авторларымен және мазмұнын түсіндіру,ұғындыру, оқушылардың білім деңгейін көтеру;дамытушылық — сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;ой-өрісін дамыту.тәрбиелік — Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақӘдісі: сұрақ-жауап, ой қозғауСабақтың көрнекілігі: лента, суреттер,кестет.б.Сабақтың барысы:
I. Психологиялық кезеңII. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру- Балалар, бүгін менің қолымда екі түрлі лента бар.
Бұл ненің белгісі?
Бұл түстерді қай жерден көруге болады?
- Тудан.
- Көк түс нені білдіреді?
-Ашық аспанды білдіреді.
- Сары түс нені білдіреді?
-Күн сәулесін білдіреді.
- Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру)

(Оқушылардың сөздік қорын бақылау үшін әр оқушыға бір-бір сөйлем құрату)
III. Жаңа сабақКіріспе бөлімі  Бұдан көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз. «Балалар, Отан –адамның туып-өскен және тұратын жері.Ата-анаңның үйі-сенің өмірге келіп,ержеткен үйің. Отан -  отбасынан басталады.Ал біздің ең үлкен  нағыз Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан-үлкен ел. Мұнда өзен,көлдер,орман,жазықтар бар. Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі.Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.«Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. 1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
1Қазақстан Республиксы қай құрлықта орналасқан?2.Қазақстанның жері қандай?3. Қазақстанда қандай мұз айдыны бар?4. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
VI. .«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:РесейТүрікменстанӨзбекстанҚырғызстанҚытайБүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.Әр облыстың өзіне тән табиғи байлығы бар.
VІІ. Сергіту сәті
«Отан» өлеңінің бір шумағын жаттату
«Отан» Отан - тарих, Отан – тіл
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын...
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.VIIІ. Балалар,сіздер мектепке демалыстан кейін үлкен дайындықпен келгендерің көрініп тұр.Енді сіздердің міндеттерің жақсы оқу. Мен сендерге
Бір аллаға сиынып
Кел,балалар,оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық—деген Ыбырай аталарыңның өсиетін басшылыққа алып оқуларыңа тілектеспін.