Саба? жоспары: Н?тиже саба? VІІ модуль.
Сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сламкулова Гулжан Темирбековна
Сыныбы: 5 «В» 2015 ж. КММ ЖББ №96 мектеп
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ VІІ модуль.
Сабақтың мақсаты: 1) VІІ модуль бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау,
жетілдіру. Мемлекеттік мерекелер туралы мәлімет беру.Қазақ тіліне
деген деген қызығушылығын арттыру.
2) Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
3) Есте сақтау , ойлау қабілетін дамыту,оқу дағдысын
қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, әр түрлі суреттер, буклет,қима,үлестірмелі карточкалар, Қазақстанның картасы , магниттік тақта.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау,әңгімелеу, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,география, Қазақстан тарихы, психология.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу
-Әнұранды орындау.
-Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру
ІІ.Жаңа сабақ
«Нәтиже сабақ» деп аталады.
А) Кіріспе бөлімінде оқушыларды сабақтың тақырыбымен тақырыбымен таныстырып , мақсаты айтылды.Тақырыпты қабылдауға дайындау.
Ә)Негізгі бөлім:
Сұрақ –жауап. Барлық сұрақ интерактивті тақтада көрсетіледі.
1.Тәуелдік жалғаулары туралы не білесің?Айтып бер?
2. «Отан» деген не?
3. Қазақстанның табиғаты қандай?
4. Даласы қандай?
5. Қалалары қандай?
6. Қандай өндіріс орындары бар?
7.Қандай ұлттық өкілдері тұрады?
8.Отан туралы қандай мақал білесің?
9.Дауыстыдан кейін қандай тәуелдік жалғаулар жалғанады?
10.Дауыссыздан кейін қандай тәуелдік жалғаулар жалғанады?
«Сиқырлы қоржын » ойынын басшылыққа ала отырып үлестірмелі карточкалар беріледі.Тапсырма үлгерімі нашар оқушылардың деңгейіне сай беріледі.
1.Сөзді аудар.
Елтаңба-
Әнұран –
Ту-
Мемлекеттік тіл-
Тәуелсіздік –
2.Мақалдың дұрыс жалғасын тап :
Отан оттанда ................... басталады.
Отансыз адам, ............... ыстық.
Отансыз ............. ормансыз бұлбұл.
3. «Отан» сөзін тәуелде.
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
а) Мұғалімдер сөзі : Балалар VІІ модульдегі тақырыптарымыздың барлығы «Отан» «Қазақстан» туралы болғандықтан мемлекеттік мерекелерді де білуіміз қажет.
-Жақында қандай мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні»
Шығармашылық жұмыс: оқушылар дайындаған шығармасын оқиды.
Сұрақтар қойылады.
-Қазақстанның болашағын қалай елестетесің?
-Қазақстанның болашағы біздің қолымызда. Болашақ Қазақстанда тек мейірімді адамдар тұратын болады.
Ә) «Отан» «Қазақстан» «Тәуелсіздік күні» тақырыптарына тақпақ айтылады.
4.Тест сұрақтарына жауап беріңдер. (дәптермен жұмыс)
1.Сызбаны толықтыр.
Дауыстыдан кейін
(после гласных)
І жақ ........
ІІ жақ ........
ІІІ жақ ........
2.Сөздерді аудар: свободно, жить, Родина , сильный.
3.Қазақстанның қазіргі астанасын ата:
А)Қызылорда ә)Алматы б)Астана
4.Тәуелдік жалғауы бар сөзді тап: Менің Отаным кең-байтақ. Елімнің табиғаты бай.
ІІІ.Жаңа сабақты «Сөзжұмбақ »шешу арқылы бекіту.
ІV. Сабақты «Жолсілтеуші тас» көрінісі арқылы қортындылау.
Тақтаға 4 оқушы шығады.
Магниттік тақтада
Оңға барсаң- байлық табасың
Солға барсаң – адасасың
Тура жүрсең – мемлекеттік тілді білесің- деген сөздер жазылып тұрады.
Саша . –Қазақтың кең даласымен келе жатады.
Авторлар. – Қазақтың кең даласымен Саша келе жатып «Жолсілтеуші» тасты көрді.
-по степи казахской идет Саша и увидел
«Путеводительный камень»
Саша – сөздерді 2 –рет оқып шығып ешнәрсені түсінбейді.
Авторлар –Оқуын оқыды, бірақ ешнәрсе түсінбеді.Сонда тас былай деді.
Прочитать та прочитал, но ничего не понел.Тогда заговорил камень .
«Жолсілтеуші тас»- Послушай Саша
На прово пойдешь – богатство найдешь.
На лево пойдешь- заблудишся7
Прямо пойдешь – будешь знать государственный язык.
Саша.
Тура жолды таңдады.
Авторлар
Дұрыс Саша ! Мемлекеттік тілді білу біздің парымыз.
Правильно Саша! Знать государственный язык наш долг.
V.Үй тапсырмасы
«Тәуелсіздік күні» тақырыбына диалог құру.
VІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Оқушылар өздерін-өзі бағалайды сұрақтарға жауап бере отырып.
1.Бүгінгі сабақта не істедің?
2.Қандай тапсырмалар орындадың?
3.Қалай орындадың?
VІІ. Сабақтың соңы. Қоштасу.