Саба? жоспары Зат есімні? септелуі 7 сынып


Сабақ
Зат есімнің септелуі
Мектеп Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
Күні: 30 қыркүйек 2016 жыл Мұғалімнің есімі Сабырханова Г
Сынып-7
Қатысқандар саны
қатыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Зат есімнің септелу жүйесін және септік  жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Сабақтан күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар
Зат есімдердің септелетінін, септіктің сұрақтарын, жалғауларын, септеудің жай және тәуелдеулі түрлерін , сөздерді септеуді біледі.
Оқушылардың басым бөлігі
Зат есімдерді септеп, жаттығу жұмыстарынан септік жалғауларын тауып, түрлеріне қарай ажырата біледі.
Кейбір оқушылар
Жоғары деңгейлі сұрақтар қоя біледі. Шығармашылық жұмыс түрлерін орындайды. Өлең шығарады.
Тілдік мақсат Оқушылар ... істей алады
Негізгі сөздер мен сөз тіркестері:
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: -----------------------
Сіз неліктен ..... екенін айта аласыз ба
Жазылым бойынша ұсыныстар: -----------------------
Алдыңғы оқу
Шығарманың тақырыбы және мазмұны
Жоспар
Жоспарланған уақыт
45 минут Жоспарланған жаттығулар Мен қолданатын ресурстар мен әдіс-тәсілдер.
Басталуы
Мағынаны тану. «Авторға сұрақ» стратегиясы
Топқа бөлу: Оқушылар көптелген, тәуелденген, септелген, жіктелген сөздер бойынша «Көптік», «Тәуелдік», «Септік», «Жіктік» топтарына бөлінеді.
Стратегия бойынша 1оқушы автор болып, өзгелері тақырып бойынша жоғары деңгейдегі сұрақтар дайындайды.
1. Қазақ тілінде жалғаудың қанша түрі бар?
2. Зат есім қалай түрленеді?
3. Зат есімге  неше жалғау жалғанады?
Зат есімге қазақ тілінде төрт жалғау жалғанады.
4. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
Тәуелдік жалғау – заттың біреуге меншікті екенін білдіреді.
5. Жалғауларын ата? Мысал келтір.
Жалғаулары: ым, ім, м, ың, ің, ң, ы, і, сы, сі. Мысалы:  үйім, үйің, үйі
6.Көптік жалғау дегеніміз не?
Көптік жалғау – заттың біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін қосымша.
7.Жалғауларын ата? Мысал келтір.
Жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Мысалы:  үй+лер, бала+лар, кітап+тар, қағаз+дар,гүл+дер.
 8. Көйлек сөзін оңаша, ортақ түрде тәуелдеп бер. Оқулық, маркер, желім, қарындаш, қалам, смайлик, плакат, суреттер.
Дарынды және талантты балаларды оқыту.
Диалогтік оқыту
Ортасы
«Брейн-ринг» әдісі
«Миға шабуыл» стратегиясы
«Артық ғылым-кітапта»
«Орнын тап» ойыны 
Тақырыптың түйінді сөздері» стратегиясы
Cабағымызды математикамен байланыстырамыз. Көбейту кестесі бойынша есепті шығарыңдар сонда біздің сабағымызға арқау болған сөз шығады
 
  2 3 4 5 6 7 8 9
2 З       Ң      
3   А           С
4     Т   І   Е  
5     Е         І
6   С   Н П     У
7 І     М   Т    
8 Е Л
9  
4- З, 9-А, 16-Т, 20-Е, 18-С, 14-І, 35-М, 30-Н, 24-І, 12-Ң, 27-С, 32-Е, 36-П, 49-Т, 64-Е, 72-Л, 54-У, 45-І.
Өзім жетігеннің суретін көрсетіп:
-Бұл-көне ұлттық музыкалық аспап, қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты бір ертегі айтпақпын. «Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген шал болыпты.Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елдегі ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдардарынан айырыла бастапты. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты да,кім?не?деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып: ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?-деп егіледі.Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын,неге ғана өлді екен?»-деп жоқтау айтыпты.Табыс атты ұлы дүниеден өтеді. «Нені айтып, кімді қорғайын»-дейді.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»-деп бесінші ішек тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп егіледі.Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»-деп жоқтау айтып егіледі.
Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты»
Мақсаты:сұрақтарға жауап беру арқылы, жаңа сабаққа қызығушылықты ояту.
 
– Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал
– Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.
– Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.
– Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.
– Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.
– Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.
– Көмектес ұлы қайтыс болғанда шал не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? – деді.
 Стратегияны орындап болған соң, 1 оқушы жетіген сөзін септеп шығады.
–  Балалар , « Жеті» дегенде сендерге  қандай ой келеді?
(7 ата, 7 ұрпақ, 7 жоқ, 7 жетекші, 7 белгі, әлемнің 7 кереметі, Қазақстанның 7 кереметі, 7 күн, 7 қазына, 7 жарғы)
- Не? – Жетіген- Ненің?- Жетігеннің
- Неге?-  Жетігенге-Нені?-  Жетігенді- Неде?-  Жетігенде- Неден?-  Жетігеннен- Немен? – ЖетігенменСөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атаймыз. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз. Таблица бойынша түсіндіру.
Септік жалғау -  зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын жалғау.
 Септік жалғаулар сөз мағынасын  өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым қатынасты  жасайды.
Қазақ тілінде  7 септік түрі бар. Атау септік ойдың, іс-әрекеттің иесін білдірді.Бала(кім?) жүгірді. Ілік септік зат кімнің меншігі екенін,  не нәрсеге тән екенін білдіреді: Асқардың(кімнің?) қаламы. Барыс септігі іс қимылдың бағытын,мекенін, мезгілін білдіреді: Мектепке (қайда?)барды.Табыс септігі іс-қимылдың объектісін білдіреді, яғни затты нұсқайды: суретті(нені?) көрді. Жатыс септік іс-қимылдың орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді:тауда (қайда?) өседі.Шығыс  септік заттық мағынаны, затт істелу тегін, әрекеттің шығуын көзін,мезгілін, мекенін білдіреді: үйден (қайдан?)шықты. Көмектес  септігі іс-қимылдың амалын, істелу құралын, бірлестікті білдіреді: Асқармен(кіммен?) бірге істеді.
     Зат есім көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып та септеле береді.
«Септеу эстафетасы» ойыны. Мақсаты: шапшаңдыққа төселу.
Шарты: Тақтаға екі қатардан екі оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.
Отан, баласы, әжесі, ата.                                  
Төмендегі берілген сөздерді орнына қою.Текемет , көмірдің , суға, ұшақты , далада, жаңбырдан, алаша, балғаның , дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.
Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
 Әр балаға сөз беріп, сөзді оқушылар септейді, 2 оқушы тақтада орындайды.
Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.
 4.Талдау бөлімі
Тақтаға екі оқушыны шығарып сатылай кешенді талдау жасату.
Кеспе қағазбен жұмыс:
1 кеспе Мына зат есімді көпте. Бала,үй, мектеп,ақан, апа.
2 кеспе Бір сөзді тәуелде.тіл,ана,парта,сағат.
3 кеспе Мына сөздерді септе: Әжесі, ел, парта, баласы.
 
«Сөздер банкісі» «Біздің тақырып»


Сөздер банкісіне көптеген түйінді сөздер жазылады, топ мүшелері соның ішінен біздің тақырыпты ашатын сөздерді алып салады
АКТ-мен жұмыс
Топтық жұмыс
Постер қорғау
Аяқталуы
Рефлексия : «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы маңгердім деп есептеген тыңдаушылар өз қайығын «Білім теңізіне» жібереді, ал оған сенімсіз тыңдаушылар «Ереже шығанағында» қалады
Ереже шығанағы
Білім
теңізі

Дарынды және талантты балаларды оқыту.
Диалогтік оқыту
Сын тұрғысынан ойлау
Топтық жұмыс
Қосымша ақпарат
Жай септеу Тәуелді септеу
1 жақ 2 жақ 3 жақ
А Кітап Кітабым Кітабың Кітабы
І Кітаптың Кітабымның Кітабыңның Кітабының
Б Кітапқа Кітабыма Кітабыңа Кітабына
Т Кітапты Кітабымды Кітабыңа Кітабын
Ж Кітапта Кітабымда Кітабыңда Кітабында
Ш Кітаптан Кітабымнан Кітабыңнан Кітабынан
К Кітаппен Кітабыммен Кітабыңмен Кітабымен