Халы?аралы? байланыс ж?йесіндегі ?аза?станны? орны
Сабақ 26
Күні: 14.03.2017ж
Сынып: 10 «Ә»
Тақырыбы: Халықаралық байланыс жүйесіндегі қазақстанның орны.
II. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халықаралық экономикалық қатынастар туралы түсінігін кеңейту, экономикалық білімін қалыптастыру, алынған ақпаратты сараптай білу, алған білімдерін өмірде қолдана білу.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
III. Сабақ түрі: аралас
IV. Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндірмелі.
V. Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің экономикалық картасы.
VI. Пәнаралық байланыстар: Тарих
VII. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру (2 мин).
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Оқушыларының зейінін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау (12 мин). Үй тапсырмасы әңгіме-дүкен құру арқылы сұралып, қайталанады.
1. Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз не, және оның алғышарттары?
2. Белгілері?
3. Шаруашылықтың салалық құрылымы
4. Өндірістік емес салаларға нені жатқызамыз?
5. Өндірістік салаларға нені жатқызамыз?
6. Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы елдерге қандай пайда әкеледі?
7. Шаруашылық саласыныың басты үшінші саласы?
8. Дүние жүзіндегі ең ірі әуежайлар?
9. Көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі?
10. Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырлары?
11. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының аса қарқынды саласы?
12. Шаруашылық дегеніміз не?
13. Геосаясат деген не?
14. Қазақстанның географиялық орны қандай?
15. Қай шаруашылық саласы елімізде жетекші сала болып табылады?
16. Қазақстан қай шаруашылықты дамытуға көп көңіл бөліп жатыр?
17. Қазақстанның машина жасау кешені не дамымай жатыр?
18. Орман шаруашылығы қаншалықты деңгейде деп ойлайсың?
3. Жаңа сабақты түсіндіру (13 мин).
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты. Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.
1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D1%8F" \o "Орталық Азия" Орталық Азия мен HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9" \o "Ресей" Ресей, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Қытай" Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%9C%D0%94" \o "ТМД" ТМДмемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
VIII. Жаңа сабақты бекіту.
Халықаралық байланыс деген не?
Әлемдегі Халықаралық қатынастар қандай жағдайда?
Қазақстан қандай мемлекеттермен байланыс жасайды?
Байланыстың елімізге тигізер пайдасы қанша?
Қазақстан байланыс жүйесінің қай түрімен ерекшеленеді?
Еліміз әлемдік елдермен байланыс жасау үшін қандай шаралар ұйымдастыруы керек.
Картадан Қазақстанның байланысын көрсетіңіз?IX. Бағалау (2 мин). Сабақ барысында белсенді қатысып отырған, сұрақтарға дұрыс жауап бере алған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланад
X. Үйге тапсырма беру (1 мин). Тақырыпты түсініп оқу, мазмұндау.