Сыныптан тыс шара Физика ?леміне саяхат
Ақшұқыр мектеп-лицейі
«Физика әлеміне саяхат»
(8-сыныптар арасында сайыс)
Өткіген: Ерқасымова А.Қ.
2016-2017 оқу жылы
Қайырлы күн, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8-сыныптар арасында өткелі отырған «Физика әлеміне саяхат» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.________________________________________________
2.________________________________________________
3.________________________________________________
Сайыс шартттары:
І. Таныстырсақ тобымызды...........
II. Топ басшысы, жауап бер...
ІІ. Жүйрік болсаң, озып көр...
ІІІ. Мықты болсаң, шешіп көр...
ІV. Тәжірибені жасап көр...
І. Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып өтейін:
1. 8 «А» сыныбы «Электрон» тобы
2. 8 «Ә» сыныбы «Кернеу» тобы
3. 8 «Б» сыныбы «Ампер» тобы
4. 8 «В» сыныбы «Кедергі» тобы
ІІ. Топ басшысы, жауап бер...
«Иә» немесе «жоқ»
І топ «Электрон» тобы1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)6. Кулон күшінің өлшем бірлігі Н? (иә)7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)10. Кернеуді өлшейтін құрал вольтметр? (иә)
ІІ топ «Кернеу» тобы
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)4. Іштен жанатын қозғалтқыш 4 такті бойынша жұмыс жасайды? (иә)5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) 6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)7. Резистор дегеніміз – кедергі ме? (иә)8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)9. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі Ом∙ м? (иә)10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
ІІІ топ «Ампер» тобы1. Әр аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (иә)2. Мұз заттың қатты күйі (иә)3. «Физика» ұғымын орыс тіліне енгізген Аристотель ме? (жоқ)
4. Жолдың өлшем бірлігі метр ма? (иә)5. Электролиз заңын ашқан Вольта ма? (жоқ)6. Уақыттың өлшем бірлігі м/с? (жоқ)7. Температураны өлшейтін құрал термометр? (иә)8. Кедергінің өлшем бірлігі Ом? (иә)9. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналуы булану ма? (жоқ)10. Жылу берілудің екі түрі бар?(жоқ)ІV топ «Кедергі» тобы
1. Макроскопиялық шамаларға қысым, көлем, температура жата ма? (иә)2. Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/кг∙℃ (иә)3. Ішкі энергияның өлшем бірлігі? (жоқ)4. Будың сұйыққа айналу процесі конденсация? (иә)5. Элементар электр зарядының мәні 1,6 ∙.10-19 Кл? (иә) 6. Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі Дж? (жоқ)7. Амперметрмен ток күші өлшенеді ме? (иә)8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)9. Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі Ф? (иә)10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт? (жоқ)
«Жүйрік болсаң, озып көр»
1. 10 Ғалымдар - «Электр тогы» ұғымын енгізген кім?
( француз физигі Андре Ампер)
2. 20 Ғалымдар – Алғашқы бу машинасын кім ойлап тапты?
(француз физигі Д. Папен)
3. 30 Ғалымдар – Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесуін тәжірибе жүзінде зерттеген кім және ол заңды қай жылы ғылымға енгізді?
(француз ғалымы Ш. Кулон, 1785 ж)
4. 40 Ғалымдар - Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін зерттегендер кімдер және ол заңның формуласы қандай?
(ағылшын ғалымы Джоуль мен орыс ғалымы Ленц, )
1. 10 Физикалық құбылыстар – Диффузия дегеніміз не? (бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларымен араласуы)
2. 20 Физикалық құбылыстар – Екі дене жанасқанда жылу берілу жолымен жылу энергиясының қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі? (жылу алмасу)
3. 30 Физикалық құбылыстар – Біздің заманымызға дейінгі 600-жылдары ежелгі гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі сары янтарь өндірген және сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты, астықтың сабағын, талшығын өзіне тартқан. Гректер осы шайырды электрон деп атап, оған қатысты құбылысты қалай атаған?
(денелердің электрленуі)
4. 40 Физикалық құбылыстар – Токтың неше әрекеті бар, оларды ата?
(4 әрекеті: жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық)
1. 10 Формулалар - бұл қай өрнек? ( меншікті жану жылуы)
2. 20 Формулалар - Ом заңының математикалық өрнегі?
3. 30 Формулалар – Денені суытқанда немесе қыздырғанда бөлінетін жылу мөлшерінің өрнегі?
()
4. 40 Формулалар - бұл қай формула? (токтың жұмысы)
1. 10 Құралдар – Денелердің электрленуін анықтайтын аспап? (электроскоп)
2. 20 Құралдар - Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрал? (психрометр)
3. 30 Құралдар – – Реостат қандай құрал? (электр тізбегіндегі токты немесе кернеуді реттеуге арналған аспап)
4. 40 Құралдар – Бұл қыздырғыш құралды 1872 ж Санкт-Петербургте орыстың электр технигі және өнертапқышы А.Н. Лодыгин ойлап тапқан. Бұл қандай құрал?
(қыздыру шамдары)
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз топ сайыспен қоштасады.
«Мықты болсаң, шешіп көр»
Жылу құбылыстары тарауы бойынша 1 есеп, электр құбылыстары тарауы бойынша 1 есеп, барлығы 2 есеп. Барлық ұпай 50.
№1. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін қыздырып, одан кейін 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады? (с=4200 Дж/кг∙0С, r=2,3∙106Дж/кг)
№2. Бір-біріне тізбектей жалғанған үш өткізгіш берілген. Кедергісі Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі В. Кедергісі Ом болатын өткізгіштің кернеуін және ұштарындағы кернеуВ болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар?
Бұл бөлімнен кейін де ұпайы аз топ сайыстан шығады.
«Тәжірибені жасап көр» (2 топ)
І топ
Өткізгіштерді тізбектей жалғау арқылы қыздыру шамын жандыру
Керекті құралдар: өткізгіштер, қыздыру шамдары, ток көзі (батерея)
ІІ топ
Өткізгіштерді параллель жалғау арқылы қыздыру шамын жандыру
Керекті құралдар: өткізгіштер, қыздыру шамдары, ток көзі (батерея)
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
І орын - «Электрон» тобы
ІІ орын - «Кедергі» тобы
ІІІ орын - «Кернеу» тобы
Әділ-қазылар алқасына, көрермендерге, сайысқа қатысушыларға рахметімізді айтамыз. Сайыс жеңімпаздарын мрапаттарымен құттықтай отырып, білім бәйгесінде оза шауып, мәреге алғаш боп жете беріңіздер! Қош, сау болыңыздар!