Т?рбие са?ататы: Дастархан басында?ы ?дептілік


Тәрбие сағаты. Дастарқан басындағы - әдептілік.
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды дастарқан басындағы ережелермен таныстыру. ә) ес-те ұстауға дағдыландыру. б) әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, тыйым сөздер. Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі .Жұмбақ жасыру. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастарқан) Ендеше дастарқан басындағы әдет-ғұрыптарға келетін болсақ, сыпайылықтың басқа ережелерімен салыстырғанда, олардың даму жолы ұзақ болған. Дастарқан басындағы қазіргі мінез құлық ережелері гигиена, жөн-жосық талаптарына, бірге тамақ ішушілердің өзара ілтипатына және эстетика талаптарына негізделеді. Түрлі елдердегі дастарқан басындағы мінез-құлық ережелеріндегі алшақтық, халықтың әдет- ғұрпына, талғамына, ұлттық тағамдарға байланысты болады. 1.Ереже: тамақ ішкен кезде адам өзін қалай ұстау керек: 1-оқушы. Тамақты таңдамай, ауызға бәрін ретімен салады. Асықпай, дыбыс шығармай, тыжырынбай ішіп жейді. 2-оқушы. Ауыз толып тұрғанда, әңгіме айтып, күлмейді. Біріншіден, бұл әдемі көрінбейді,екіншіден, ауыздан тамақтың не түсіп кетуі, немесе тыныс жолына түсіп, жөтелдіруі мүмкін. 3-оқушы. Тамақты асығып-аптықпай, көңіл-күйі жақсы отырып ішкенде ол жақсы сіңеді. Дастарқан басында тәбетті жоятын емес, қайта оны жақсартатын тақырыпта сөйлесу керек. 4-оқушы. Тамақ ішіп отырғанда газет немесе кітап оқуға болмайды, ол денсаулыққа пайдасыз. 5-оқушы. Егер қонақта отырғанда өзіңе берілген тамақты тауыса алмайтыныңызды аңғарсаңыз, азырақ салуды сұраңыз. Егер мүмкіндік жоқ болса, ең алдымен өз денсаулығыңызды ойлаңыз. Тамақты қажетіңізше ішу керек, артық ішкен ас арам . 6-оқушы. Нені қалай жеу керек. Жас жемістерді дастарқанға әкелерден бұрын мұқият жуу керек. 7-оқушы. Егер жемісті біреумен бөлісіп жегісі келген жағдайда оны екіге бөліп, үлкен әрі жақсы бө-лігін сол адамға ұсынады. Сабағы, өзегі немесе сүйегі бар жартысын өзінде қалдырады. Денсаулығыңызды сақтап, тек жуылған жеміс жеңіз. 8-оқушы. Жаңғақты ешқашанда тіспен шақпайды, қайта арнаулы қысқышпен шағады. Қабығынан дәнін саусақпен алып, ауызға салады. Мұғалім: Қазақ халқында «Бір күн дәмдес болғанға-қырық күн сәлем» деген мақал бар. Үйге келген адамды төрге шығарып, қонақ қылып күтіп, дастарқанда дәмнен ауыз тигізетін болған. «Қуыс үйден құр шықпа» деген қазақ мақалы осыны меңзейді. «Дастарқан» әні орындалады.
2. Дастарқан жанында отырғанда және ас ішудегі әдептілік. 1.Дастарқан жанындағы адамдардың жасына қарай отырады. 2.Дастарқанға бірінші нанды әкеледі. 3. Ас ішудің алдыдында нанды сындырып, «Бисмиллаһи рахмани рахим» деген сөзді ай-тып, нанан ауыз тиіп, кейін басқа тағамды жейді. Бұл сөз «Мейірімді алланың атымен бастаймын» дегенді білдіреді. 4. Нанды бір қолмен үзуге болмайды. 5. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. 6. Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайдарды. 7. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек. 8. Әкесі тірі баланың бас жеуіне болмайды. Келесі кезек. Дидактикалық ойын «Дастарқан» Қонақтарға дастарқан әзірлеу керек. Қонақтарға дастарқан әзірлеу керек: Үстелдің үстінде әртүрлі ұлттық бұйымдар, заттар, тағамдар, киімдер. Осылардың ішінен ұлттық тағамдарды теріп алып, орналастыру қажет. Сабақты қорыту. Ән. Біз әдепті баламыз. Дастарқан басына бата беріледі.
Бата бердім, бақ тіледім. Ақ дастарқан басына Я, құдайым, шын тіледім. Келсін деп менің қасыма Көңілің көлдей болып Көргенің түстей болып, Қыдыр қонсын басыңа.