Т?рбие са?аты Жасай бер ана тілім-?аза? тілі.


Тақырыбы: « Жасай бер, ана тілім- қазақ тілі.»
Мақсаты:.Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлесуге баулу.
Міндеттері: Оқушылардың өз ұлтына , еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана – тіліміздің қаді- қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын үйрету. Оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлеуге ұлттық дәстүрін сақтауға, өзін- өзі тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, шарлар, тіл туралы мақал-мәтел жазылған плакаттар.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың барысы:Би: Қазақ биі
Жаңалықтың музыкасы қосылады.
Теле жүргізуші: Альбина
Қайырлы күн ардақты көрермендер Қазақстан телеарнасында тікелей эфирде жаңалықтар ,студияда Альбина Нұрболқызы күннің маңызды тақырыбымен таныс болыңыздар.
21-қазан күні Тілдер мерекесіне орай № 53 орта мектебінде « Тіл жанашыры –ұлт жанашыры» атты апталық өткізілуде.Тілшіміз Аяулым Кәдіржанқызы баяндап береді.
Тілші: Аяулым
Рахмет ,Альбина Нұрболқызы!
Қайырлы күн ,құрметті теле көрермендер. Бүгінгі жаңалығымызда айтып кеткендей 22- қазан Тілдер мерекесіне орай ,№53 орта мектебіндегі 4 «А» класс оқушылары «Жасай бер,ана тілім-қазақ тілім» атты Интелектуалдық ойындар өткізуде . Назар аударыңыздар!
Мұғалім: Саламатсыздар ма! Оқушылар,ұстаздар. «Жасай бер,ана тілім-қазақ тілім» атты Интелектуалдық ойынымызды бастамас бұрын өз топтарымызды анықтап алайық.
Төрт түрлі түсті шарлар арқылы топтарын анықтау.
Орындарына отырғызып, топтың атын таныстыру.
Туған тілім – тірілігімнің айғағы,Тілім барда айтылар сөз ойдағы.Өшсе тілім, менде бірге өшемін,Өссе тілім, мен де бірге өсемін.1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Біздің ата мекеніміз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – достықтың киелі мекені. Республикамызда 130- дан астам ұлт өкілдері мекендейді Бүгінгі мереке Қазақстанда тұратын барша халық тілдерінің мерекесі. Ендеше, ортақ мереке құтты болсын.
Ендеше ,біздің бағдарламамыз бес кезеңнен тұрады.
І-кезең Таныстыру.
Қызыл түсті таңдағандар « Абай» ауылы,
Көк түсті таңдағадар «Ыбырай» ауылы,
Сары түсті таңдағандар «Мұқағали» ауылы,
Жасыл түсті таңдағандар «Шәкәрім» ауылы болады.
А3 форматтағы қағазға ақын туралы не білесіңдер ? Топтастыру.
ІІ-кезең . Тіл туралы мақал –мәтелдер. Жалғасын тап!
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)2. Бал тамған тілден...(у тамған)3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)10. Тіл қылыштан... (өткір)ІІІ-кезең. Поэзия минуты.
Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы.
ІV-кезең.Сұрақ-жауап.
1. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)2. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.3. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)4. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)5. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)6. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)7. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)8. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)9. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)10. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)Ақын –жазушылардың тіл туралы пікірлеріне көңіл бөлейік.
V-кезең. Тілге байланысты төрт жолды өлең құрастыру.
А4 қағазына топ болып өлең құрастыру.
Қорыту:
1.Қазақ әліппесінде неше әріп бар?
2.Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан кім?
3. «Кел,балалар,оқылық!»кімнің өлеңі?
4 .Төрт түлікті ата.
Бекіту:
Тілші: «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:Туған тілім – тірлігімнің айғағы,Тілім барда айтылады сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Альбина?
Теле жүргізуші: Рахмет Аяулым.Құрметті көрермендер бүгінгі хабарымызды аяқтаймыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!

№53 орта мектебі

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Жасай бер,ана тілім- қазақ тілі.»
Өткізген: Кенегесова Ж.М.
Ақтөбе 2015