Презентация по казахскому языку на тему Таби?атты аялайы? ?ор?айы?


«Табиғатты аялайық қорғайық»
Мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру.Көрнекілігі: Слайд көрсету. Жер ананың адам қолдарынан азып - тозған бейнесі және әсем табиғат бейнелері.Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, жұмбақтар жасыру, ойын әрекеттері.Ұйымдастыру. Балалар «Сәлем - сөздің анасы» амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің белгісі. Сондықтан алдымен қонақтармен амандасып алайық.Балалар. Қайырлы күн, досым.Қайырлы күн!Қайырлы күн!Күліп шықты күн бүгін.Саламатсыздар ма, қонақтар!Тәрбиеші. Қазақстан туған өлкем,Жер көп сендей көркем.Көрсін деп күллі әлемгеЖалауыңды желге желпем.Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,Аспанымда аққудың әні қалқып.Құшақтап бір өзіңді туған далам,Жатамын көк шалғында жаным балқып.Тасып жатқан өзендер жағасынан,Сары белге сағымдар арасынан.Тарайды дән жұпары бар әлемге,Қазақтың қасиетті даласынан.Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімімен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Ендеше табиғат жайында балалардың сөздерінен байқап көрейік.1 - бала. Бізге ата - бабамыз жерді сеніп тапсырды, қиын кезді басынан өткізді өз отанымыздың табиғатын қорғаймыз.2 - бала. Өзім тұратын туған жерімнің тазалығын сақтаймын.3 - бала. Мен ағаш еккенді ұнатамын, жасыл желектерді күтемін.4 - бала. Табиғат аясында демалуды суға шомылғанды ұнатамын.5 - бала. Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін, сұлулығын өзім суретке түсіргенді ұнатамын.Тәрбиеші. Міне, адам мен табиғат егіз, табиғатты асыраушың, қамқоршың десе де болады. Ата - бабамыз жер - қазына, су - алтын, мал – байлық деп тегін айтпаған. Күнделікті ішіп жеген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз. Осылардың бәрі жомарт табиғаттың бізге тартқан сыйы. Сондықтан да біз оны аялап, қорғап жүруіміз керек.Музыка әуені естіледі.Қорғаныңдар дүние!Қауіпте қалған құстардың түрін қорғаңдар!Табиғат анаңАнаңды қоса дертті етпеҚаншама дауыс қаншама тірлік сұлулық!Біршама құрып кеткен бе?Балалар қазір көзімізді жұмамыз, табиғаттағы құстар әлеміне саяхат жасаймыз.(үн таспадан құстардың дауысы естіледі) Балалар сендер қаншама құстың дауысын естіп тұрсыңдар. Сонда біздің жерімізде құстардың түрлері өте көп екен, олар табиғат сұлулығын келтірумен қатар ағаштарды, өсімдіктерді зиянкесті жәндіктерден қорғайды екен. Енді осы құстар туралы жұмбақ жасырамын мұқият тыңдап шешуін айтыңдар.1. Құстың негізгі баспанасы не? (Ұя)2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)3. Қай құста ұя болмайды? (Көкек)4. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (Бүркіт)Ей, табиғат! Шеберсің - ау шеберсің,Көрмегенді көрсетерсің берерсіңҰлан - ғайыр байлығыңды мін етпей,Ашкөзденген адамдарға не дерсің?Сурет бойынша әңгіме. «Табиғаттың азып - тозған бейнесі»Ағаш өсіру үшін қаншама жыл керек. Кейбір бұзық балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, мұндай жағымсыз қылықтардан аулақ болуымыз керек. Табиғатты сүйе білмеген елін де, туған жерін де сүйе алмайды. Сондықтан да балалар хормен:Табиғаттың панасымыз,Түйіп айтар сөзіміз.Табиғаттың панасыБіздің мына өзіміз.Міне адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткізуге болады. Табиғат байлықтарын қорғап, оны аялай сүйе білейік.Ойын «Ұя жасау»Сурет бойынша әңгіме «Әсем табиғат»Ойын: «Балапандарға жем тасу»Күтілетін нәтиже: Табиғатты аялап, қорғауға деген түсінігі, оның әсем көркемдігін әңгімелеп айта біледі. Қоршаған ортаға сүйіспеншілігі артады.Кері қайту