«Білім сапасын арттыруда?ы м??алім шы?армашылы?ыны? ролі»
6сынып
Сабақтың тақырыбы:Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс- тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету;
Дамытушылық:Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Оқушылардың үйренуі тиіс:мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді тізім түрінде рәсімдеуді, табуляцияны пайдалануды, суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, өлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
(оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасы
«Ғажайып қоржын» ойыны.
Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған 9 сұрақ жасырылады. Қатысушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
1.Алгоритм дегеніміз не?
2.Алгоритмнің неше қасиеті бар?
3.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
4.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
5.Тармақталу алгоритмінде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6.Мәтіндік процессорына қандай программалар жатады?
7.Программаның интерфейсін қалай түсінесіндер?
8.Жаңа құжатты қалай құрамыз?
9.Құжатты қалай сақтаймыз?
ІІІ.Жаңа сабақ
107944988646
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
<Enter> пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереміз.
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.
932536175768Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндау мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.
1316355-14605
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
1676604231499
1.Мәтінді тер
2.Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі
14-қаріппен теріңдер.
91249543180
910650106596
1065530226060
V.«Қатесін анықта» ойыны.
Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Әр оқушығамәтін жазылған карточкалар үлестіріледі. Сол мәтіннен қатесін тауып дұрыстап жазулары керек. Тапсырма Word Pad программасында компьютерде орындалады.
1-тапсырма
ТНӘМІМӘТІН
ЗЕТЕРЕТЕРЕЗЕ
ОТИМНРОМОНИТОР
ЕПНРЕТҚАТАПЕРНЕТАҚТА
ШЫҚНАТТЫШҚАН
2-тапсырма.
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды ESC пернесін басып жоямын. Функционалдық пернелерге әріптер блогы жатады.
VI.Бекіту
1.Мәтінді пішімдеудің қандай жолдары бар?
2.Мәтін қайдан теріледі?
3.Enter пернесінің қызметі?
4.Мәтіннің бүтін бөлігін қандай перне арқылы өшіреміз?
VII. Бағалау
(Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды тез орындаған оқушыларды бағалау)
VIIІ. Үйге тапсырма
158-163 бет