Лаула , лаула, желто?санны? алауы! атты іс-шараны? жоспары


Ақкөл орта мектебі
«Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!»
Концерттік бағдарлама
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі: Ф.А.Азмагамбетова
Лаула , лаула, желтоқсанның алауы!
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеуденде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейін байтаө жерімізде желтоқсанның қара дауылы үдей соғып, дүрбелең жайлады. Жыл артынан жылдар жүйіткіп, уақыт шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді міне, дауыл тербеген теңіздей буырқанып жолындағысының бәрін ырғылта шайқалып сол бір қастерлі де қасыретті күндерден бергі 20-жылда тарих қойнауына тартып барады. Бәрі де сол біо халқымыздың тіліндей пейіліндей аппақ күндер мен ғасырлар бойы қарыған аяздай түндері бастамап пе еді?! Сол кезде дүние жүзінің тең жартысын уысында ұстаған қаһарлы да қатыгез империяға тұңғыш рет... көк шыбықтай майысқан қазақтың өрімдей жастары буылдыр болашағынан ұлттың намысы мен рухын жоғары қойып еді ғой. Сол жастардың ақ тілегі мен адал ниеті кісендеулі жатқан шыңдықтың шылбырын үзіп, адасқан әділеттің қайта оралуына жол ашты емес пе? Қазақ қазақ болғалы өз бас бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін күшпен де, қанмен де, ашаршлық нәубетпен де, небір репресиялық қуғын –сүргінмен де қорғаған. Жұбан ақынның атақты өлеңіндей «Мың өліп, мың тірілген халық» екендігіміз бәрімізге мәлім.
-«Елім-ай» әні (керуен өтеді)
1986 жылғы 16 желтоқсан Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің өте қысқа пленумы өтті. Небәрі 18-ақ минут. Осы қысқа уақыт қазақ халқының намысын жерге таптауға жетіп артылды. Жиналғандар дереу Қазақстан компартиясы орталық комитетінің 1- хатшысы Қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен Дінмұхамед Қонаевті қызметінен алды. Оның орнына саяси бюроның ұсынысы бойынша жіберілген Ульянов партия ұйымының жетекшісі Колбинді сондай бірауыздықпен сайлады.
Қанды қырғын – қалған іс,Бейне теңіз сең соққан.Жарқылдайды ар – намыс,Алматы. Аяз. Желтоқсан!Дүрсілдейді жүректер,Сесі күшті қарудыңЖүзіне мұң түнетті,Үлбіреген арудың.
Дүрбелең. Алматы қаласы. 1986 жылдың 17 желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында еді. Бара –бара қатарлары көбейді... (көрініс)
Өлең:оқитындар 6 «А» сынып оқушылары Сейткалиева Ә., Хасен А.
Күңдік кешпей, мұң кешпей,
Ат артына міңгеспей,
Тәкәппар нағыз құдайдай
Қасқайып қарап тұратын
Ағасы өлсе іні боп
Жауына қарап шығатын
Арыстандай алысып
Жолбарыстай жұлысқан
Қыздары көр қазақтың,
-демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген... Сәбира Мұхаметжанованы еске алайық.
Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтымның
Қыздары көп, қарағым.
Өр намыс иесі, қайсар жас қыз Ләззат Асанова жайлы тыңдасақ. Қайрат Рұсқылбеков.
Арманы алда сенім көп,Оранды отқа үміттер.Мұрты жаңа тебіндеп,Келе жатты жігіттер.Жүрегінен қан жылап,Улады дерт ұлыныАқ махаббат сан құлап,Қырқылды ерте бұрымы.
Ән: «Заман -ай»орындайтын Азмагамбетова Ф.А.
Ойлан, қазақ!Таптамасаң қызғалдақ солар ма еді?Арасына тасқындар толар ма еді?Туады тағы Қайрат, қадірлейік,Еліңе солар тұтқа болар енді-
демекші ортаға 7«А» сынып оқушыларын «Қара жорға»биімен шақырамыз
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Осымен тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамыз өз соңына келіп жетті, жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын ағайын. Келесі кездескінше қош сау болыңыздар!