Сы??ырла к?міс ?о?ырау (салтанатты жиын)
Тақырыбы: Сыңғырла күміс қоңырау!
Нұрғалым : Қымбатты ұстаздар , ата-аналар, оқушылар ! Міне биыл алтын ұя мектебіміз тағы бір салтанатты жиынға сап түзеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына орай «Сыңғырла күміс коңырау» салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Гүлдана: Келешек ой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,
Жаңа өмірге нық қадам басқалы тұр.
Нұрғалым : Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым қол соғып қолда бүгін.
Гүлдана: Бірінші қыркүйек күнімен,
Аңқыған жұпары гүлімен.
Келіп ем қарсы алды мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен – дей келе 1 сынып табалдырығын аттағалы отырған оқушыларымызды сынып жетекшісі Шаяхметова Айгүл Уалибайқызымен ортаға шақырайық. (музыка әуенімен келіп сапқа тұрады)
Нұрғалым : Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары.
Құтты болсын басталған оқу жылы,
Құтты болсын болашақ баспалдағы.
АӘД пәні мұғалімі Ә. Жапарқұлов : Қ.Р. Мемлекеттік туына сап түзе
Қ.Р. Мемлекеттік туы енгізілсін.
Мектеп директоры Д.Н.Исаев салтанатты жиынды ашық деп жариялайды.
Қ.Р. Мемлекеттік Гимні орындалады
Гүлдана: Қоңырау сыңғырла , қаттырақ сыңғырла,
Тамылжыған үн дүниеге тарасын.
Ойламағын, бұлбұл екен деп сайраған,
Бұл білдіреді сабақтың басталғанын.
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты бірінші сынып оқушысы Сағынай Айқын Айдынұлына беріледі.
Нұрғалым : Абзал жан, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая шәкірттерің қарсы алды.
Бүгінгі салтанатты шақта бір,
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.- дей келе алғашқы сөздің кезегі мектеп директоры Исаев Дәулен Нұрғалиұлына беріледі.
Гүлдана: Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді құттықтауға «Жас ұлан» ұйымы келіп тұр. Құттықтау кезегін «Жас ұландарға» береміз.
Нұрғалым : Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді-дей келе сөз кезегін бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына береміз.(Ауданнан,білім бөлімінен,ауылдық әкімшіліктен)
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
Гүлдана: Құлақтан кіріп бойды алар ,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй. – дей келе қонақтарымызға арнап 8 сынып оқушысы Сейітқали Айжанның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Нұрғалым : Өмірдің кеңінен жайып керегесін,
Бүгінгі қонақтардың құрметіне.
Ерліктің жасадыңыз өнегесін,
Ұрпаққа берген үлгі - тәліміңіз,
Періште көңілдерде өне берсін –деп тілек білдіре отырып сөз кезегін ардагер ұстаз Рахымбекова Жібек апайға береміз.
Гүлдана: «Асылайым» бишілер тобының орындауында «Сарыжайлау» әніне қойылған би.
Нұрғалым : Ата-ана бақ тілейді баласына,
Жетсе дейді биікке бар асуға.
Бүгінгі меркеге кеоліп отыр,
Ақ тілекті жүректен ақтаруға – дей келе құттықтау сөздің кезегін ата-аналар комитетінің төрағасы Сейтбеков Мұқатай аға және 1-сынып ата-аналары атынан Жапарқұлова Қарлығашқа беріледі.
Гүлдана: Ұстаз саған жан барма бас имейтін,
Бауырмал бол, адалдықы сүй дейсің.
Үйретуден жалықпаған ұстазым,
Әр күн сайын шуақ төгіп жүргейсің.
Нұрғалым : : Алдыңа келіп ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімің сезілген.
Сипадыңда басымды,
«Әліппені» ұсындың,
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім, сөз кезегі бүгін мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер мен ұстазына береміз.
Нұрғалым : 8-сынып оқушысы Төлеқазы Гүлдананың орындауында « Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.
Гүлдана: Қоңырау сыңғырла асыға ,
Үн қосқан қиялдан асуға .
Білім ал, еңбек ет, жас ұланла,
Өрле сен биік шың басына .
Жас бүлдіршін Бүгінгі қоңырау үні мүлде ерекше . Ол саған алтын ұя
мектебің соғатын ең алғашқы қоңырауы. Ол сені әрбір білім сабағына
шақырып, жыл сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып
мектепке шақыратын болады.
Мектеп директоры Д.Н. Исаев салтанатты жиынды жабық деп жариялайды
Қ.Р. Мемлекеттік Гимні орындалады.
АӘД пәні мұғалімі Ә. Жапарқұлов : Қ.Р. Мемлекеттік туына сап түзе
Қ.Р. Мемлекеттік туы тұғырына қондырылсын
Гүлдана: Құрметті оқушылар! Баршаңызды Білім күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» атты алғашқы сабаққа шақырамыз