?дебиеттік о?у Т.Молда?алиев Маманды? та?дау 3- сынып


Пәні: Әдебиеттік оқу Күні:19.09.2015ж
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Т.Молдағалиев. Мамандық таңдау
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Т. Молдағалиевтың шығармасымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу
2)Дамытушылық: өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3)Тәрбиелік:ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Екі қол не үшін керек?Оқушы:Елге көмек беру үшін.Мұғалім:Екі аяқ не үшін керек?Оқушы:Жерді басып жүру үшін.Мұғалім:Екі құлақ не үшін керек?Оқушы:Ақыл-кеңес тыңдау үшін.Мұғалім:Екі көз не үшін керек?Оқушы:Жақсыларды көріп, біліп,Үлгі-өнеге алу үшін.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
ІҮ.Жаңа сабақ

Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген? Сенің ата-анаң қандай маман иесі?
Бүгін Тұманбай Молдағалиевтың «Мамандық таңдау» өлеңімен танысамыз.
Оқулық бойынша жұмыс 40-41 бет «Мамандық таңдау»
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
шұмақтап оқу
өлеңдеде не туралы айтылған?
-кандай мамандықтар туралы айтылған?
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? 
Ү.Жаңа білімдерін пысықтау:
Кестемен жұмыс: тізбек бойынша шығып жазу басқалары дәптерде орындайды.
Өлеңде аталған мамандықтың аты Сол мамандықтарды сипаттап жаз
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
-Балалар, біз бүгін нені үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма. Бағалау