Презентация к уроку Тасымалдау?а болмайтын с?здер
Бекітемін:_____
Мерзімі:12.11.2014ж
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты:1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулуСабақтың түрі: жаңа сабақты меңгертуӨткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар, суретпен жұмысКөрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды суретСабақтың мазмұныI. Ұйымдастыру- Оқушылармен амандасу, сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу.- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу- Сабаққа зейіндерін аударуII. Өткен сабақты еске түсіру- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?- Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.III. Мағынаны тану1) Жұмбақ жасыру- Өзі төрт қанатты,Және алты аяқты,Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік)- Тұмсығына жібін байлапСүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,Бүтіндейді жыртықты. (ине)- Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?- И дыбысынан басталып тұр- И дыбысын айтып көрейік- И - и - и- Қалай айтылады?- Созылып айтылады.- Созылып айтса қандай дыбыс болады?- Дауысты дыбыс.- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?- Қызыл түсті текшемен.- И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?- И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі?- Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?- Й әрпімен таныстық- И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.2) Кітаппен жұмыс- И дыбысына байланысты сөздерді оқыту3) ТоптауИ4) Мәтінмен жұмыс- «Ит» мәтінін оқытуИт – адамның досы. Олар иесін қорғайды. Балалармен ойнайды. Мал бағады. Аң да аулайды. Итке иесі – қамқоршы.- Мәтін не туралы?- Ит туралы- Ит не істейді?- Ит мал бағады, аң аулайды- Мәтінде неше сөйлем бар?- Мәтінде 6 сөйлем бар5) Тақтамен жұмыс- «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру- Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату- Екінші сөйлемді жаздырту- Сөздерді буынға бөлдіру6) Дәптермен жұмыс- И әрпін ауада жазып көрсету- И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету- Ине, инелік, шие сөздерін жаздыруIV. Сабақты қорытындылауБіз бүгін И дыбысы және әрпімен таныстықМадақтауБекітемін:_____
Мерзімі:12.11.2014ж
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты:
1)З дыбысы мен әрпін таныту.
2)З дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, дауыссыз дыбыс екенін меңгерту.
3)З әрпінің баспа, жазба түрінің бас әрпін, кіші әрпін таныту, мәтінмен жұмыс жасату.Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық тренинг.Айтыңдаршы балалар,Болашаққа жол ашарІші толған әріпкеБілімдіге жарық не?Топқа бөлу.Жұлдыз, ай, күн, бұлт суреттері арқылы топқа бөлу2)Үй тапсырмасы.I - топ. Сөздерді оқу, буынға бөлу.II - топ. Сөздерді оқу, дыбыстық талдау жасау.III - топ. Мәтінді тізбектеп оқыту.Қызығушылығын ояту (жұмбақ шешейік)От шашады жалындап,Қатты ұшқанда зымырап. (зымыран)Топтастыру.Төрт топ зымыран туралы білетіндерін жинақтап қағазға түсіреді.Ой қозғау.Қазақ ғарышкерлері кім?Олар туралы не білесіңдер?Егер мен ғарышкер болсам... (Оқушыларын өз ойларын айтады)Топтық жұмыс.Зымыран, жұлдыз, қарбыз, зырылдауық суретін әр топқа беру. Сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.3)Оқулықпен жұмыс.I - топ. -------------- II - топ.------------ III - топ. --------------Таза --------------- Зығыр ------------- Жалбыз ---------------- тазы --------------- қызыл ------------- қарбыз ----------------- қозы -------------- қымыз ------------- жұлдыз ----------------- 4)Сергіту сәті.Музыка жіберу, би билету.Дәптермен жұмыс.Партада отыру ережесін айтып өту.З әрпін тақтаға салу.Ауада жазу.Дәптерге жазу.5)Қорытынды. “Сиқырлы таяқша”Қолдарына таяқша ұстап «З» дыбысы бар сөздер айтып шығуҮйге тапсырма беру.Сөздерді, мәтінді оқып келу. З әрпін салу.Жалбыз туралы толық мағлұмат біліп келу.МадақтауТоптағы оқушылар бір біріне жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш таратады.