Планирование Алгоритм ж?не оны орындаушылар (6 класс)


Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер және оны орындаушылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алгоритм, алгоритмдерді орындаушылар туралы
және алгоритм құруға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Алгоритм құруда ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал- жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, суреттер, таратпа қағаздар презентация.
І Сабақ барысы:
А) Психологиялық тренинг: Оқушыларды шеңбер жасатып тұрғызып, таратпа қағаздар тарату. Қағаздағы тапсырмаларды орындату.
Таратпа қағаз тапсырмалары: Осы тапсырмаларды кім жылдам орындайды?
Көршіңді 3рет айналдыр.
Орныңда тұрып 3 рет секір.
Отырып тұру
Көршіңді үш рет түрт
Көзіңді 5рет айналдырОң жаққа басыңды бұрСол жақ қолыңды көтер
Беліңді 3 рет айналдыр
Оң аяғыңды көтер
Сол аяқпен тұр
Осы аталған бұйрықтардың ішіндегі соңғы үшеуін орында.
Бұл тренинг оқушылардың алғырлығын тексеру мақсатында орындалады.
Ә) Оқушыларды топтарға бөлу. Топқа бөлу үшін оқушыларға мозайка таратылады. Әр оқушы өздері құрастырған сурет бойынша топтастырылады.
1- топ «Компьютер», 2 – топ«Пернетақта», 3-топ «Сканер»

2) Үй тапсырмасына шолу
Сұрақ- жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Дербес компьютердің сәулеті деп нені айтады?
Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер
Ашық сәулет принципінің мәні не?
Қалай ойлайсыңдар, «солтүстік» және «оңтүстік» көпір атаулары қайдан пайда болған?
Процессордың сыртқы құрылғылармен өзара байланысы қалай жүзеге асады?
Стандарттық және стандарттық емес, ашық және жабық сәулеттердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңдер
Үй тапсырмасын топтық бағалау әдісімен тексеріледі.
Әр топқа тапсырма беру.
І топ «Компьютер»- Бағдаршамнан өту.
ІІ топ «Пернетақта» - Сабаққа дайындалу.
ІІІ топ «Сканер» - Дүкеннен сауда жасау.
Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жаңа тақырыптың мағынасын ашады.
III Жаңа сабақ.
Міне, оқушылар біз әр топ оқушыларының жасаған іс-әрекеттерінен белгілі бір нәтижелерге жеткенін көрдік. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Алгоритм және оны орындаушылар деп аталады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед, Ибн Муса әл-Хорегзми есімінің латынымен Algorithmi (Алгоритм) болып жазылуынан IX ғасырда шыққан. Алгоритм дегеніміз- орындаушы белгіленген мақсатқа жету үшін әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Алгоритмдегі кез-келген іс-әрекет бұйрық деп аталады. Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп аталады. Алгоритмнің орындаушысы адам, робот және компьютер болуы мүмкін. Мысалы: Жұмыртка қуру алгоритмі:
Басы
Жұмыртқаны, табаны алу
Табаны плиткаға қою
Май құю
Жұмыртканы жарып, табаға салу
Жұмыртқаны қуру
Қурылған жұмыртқаны ыдысқа салу
Соңы
Кез -келген алгоритмде соңғы әрекет «Соңы» болады.
IV Жаңа сабақты бекіту. Топпен жұмыс.
3-тапсырма. Топпен жұмыс. Алгоритм құру.
І топ «Компьютер»- Аяқкиім жөндеу,
ІІ топ «Пернетақта» - Тісті пломбылау,
ІІІ топ «Сканер» - Көлікті жүргізу.
4-тапсырма. Сөз жұмбақ шешу.
С ө з ж ұ м б а қ
Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәлімет
Компьютердің негізгі құрылғысы
Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі
Жалпы желіге қосылу үшін қандай құрылғы қажет
Өздігінен тарайтын, зақымдаушы программа
Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы
Алгоритм орындаушысы
Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы
а қ п а р а т ж ү й е л і к б л о к
г е г о б а й т
м о д е м в и р у с
п р и н т е р
р о б о т м о н и т о р
5-тапсырма
Әр топқа алгоритмге мысал келтіру және келтірген мысалға алгоритм құрғызу.
V. Сабақ қорытындылау.«Көкпар» ойыны.
Ойынның шарты: Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылары «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер
3. Алгоритмнің қасиеттері қандай?
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, жылдамдыққа дағдыландырып,есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылыған арттырады.
Оқушыларды топтық бағалау әдісі арқылы бағалау
Үй тапсырмасын беру. Оқулықтағы §8 оқу, сұрақтарға жауап беру. Өзіңді тексер орындау.