Саба?ты? та?ырыбы : Алгоритмдер ж?не оны орындаушылар
Сабақтың тақырыбы : Алгоритмдер және оны орындаушыларСабақтың мақсаты: «Алгоритм» және оны орындаушылар түсінігін енгізу.
Оқушылар білуі тиіс : алгоритм,алгоритмді орындаушылар түсінігін.
Оқушылар үйренуі тиіс : сөз түрінде сызықтық құрылымды алгоритмді құруды.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Cабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
Мұғалім:
- Адам өз өмірінде көптеген іс- әрекеттер атқарады.Іс-әрекеттерді орындай отырып, белгілі бір нәтижеге жетеді.Мысалы, білім алу үшін сендер ұйқыдан оянасыңдар, тұрасыңдар, киінесіңдерғ таңғы ас ішесіңдер,мектепке барасыңдар,оқисыңдар және т.б. бұл әрекеттер тізбегін орындау үшін белгілі бір іс-әрекеттер тізбегін орындау қажет.Бұндай тізбектер алгоритм деп те аталады.
V Жаңа материалды оқып – үйрену
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер.
«Робот» ойыны.
Бір оқушы робот болып тағайындалып,мұғалім тапсырма ұсынады: мысалы,тақтаға бүгінгі күнді жазу.Оқушылар роботқа тапсырма орындалатындай бұйрық береді.Ойынды өткізгенде бұйрықтың түсінігі және нақты болуына ерекше назар аударылады.
Ойынның мақсаты: оқушыларды алгоритмнің дәл және іс-әрекетті кезеңдерімен орындаудың түсінікті қадамдарын сипаттау анықтамасына жетелеу.Алгоритмнің орындаушысы адам, робот және компьютер болуы мүмкін.Алгоритмде әрекеттер бұйрықтарға ауысады.Алгоритмді орындау үдерісін бақылау үшін орындау кестелері деп аталатын арнайы кестелер жасалады.Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып,оқулық бойынша кестелерді талдайды.
VI Бекіту«Бақылау сұрақтары мен тапсырммалары» бөлімінен 4,5,6- тапсырмаларды орындау.
VII Қорытындылау
Сабақтағы оқушылар жұмысын бағалау
VIII Үй тапсырмасыОқулықтың соңындағы бақылау сұрақтарға жауап беру.