Поурочный план Физикалы? ж?не химиялы? ??былыстар. Химиялы? реакцияларды? белгілері..
Пәні: Химия Сабақ № Сыныбы: 8 «А» Күні: _________
Сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.
Мақсаты: Физикалық және химиялық реакциялар, химиялық реакциялардың белгілері туралы білім беру.
Міндеттері:
1.Физикалық және химиялық құбылыстарды анықтау.
2. Химиялық реакциялардың белгілерін тәжірбие арқылы анықтап, ажырату.
3. Оқушыларды критериалды бағалау арқылы өзін және бірін-бірі бағалауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар.
А) Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата білу білігін меңгереді .
В) Техника қауіпсіздігін сақтай отырып химиялық реакциялардың белгілерін тәжірибе арқылы жасайды, салыстырады.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабаққа кіріктірілген модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақта қолданылатын әдістер: Сергіту сәті «кедергіден арылу», Джигсо, диалог, АКТ, оқудағы жаңа тәсілдер, .
Cабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, маркер, батман қағазы, суреттер.
Пәнаралық байланыс: физика, жаратылыстану.
Cабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ. Мағынаны тану.
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Үй тапсырмасын беру.
6. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.
7. Кері байланыс.
8. Сабақтан кейінгі ой толғаныс.
Сабақтың барысы
Уақыт Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың
іс-әрекеті
3 мин Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын сергіту сәті арқылы қалыптастырамын.
Топқа бөлу.
Оқушылармен амандасып, түгелдеймін. Сергіту сәтін ұйымдастырамын.
Элементтердің суреттері арқылы 4 топқа бөліп алып, сабақты бастаймын. Оқушылар ұйымдастыру кезеңіне қатысады,
Әр оқушы досының есімінен сөзді қатыстыра отырып тілек тілейді.Мысалы: Ажар-Аяулымға: «Халықтың аяулысы бол!»
5 мин Үй тапсырмасын сұрау.
«Миға шабуыл»
Сұрақ жауаптары оқушылардың жауабынан соң тақтаға шығарылады.
Оқушыларға үй тапсырмасынан сұрақтар қоямын.
Валенттілік дегеніміз не ?
Авогадро саны қаншаға тең?
Зат массасының сақталу заңының негізін қалаған кім?
Металдарға жалпы сипаттама бер?
Молярлық масса дегеніміз не?
Сұрақ жауаптарын геометриялық фигуралар арқылы бағалап отырамын. Оқушылар ізденіп сұраққа жауап береді.
2 мин Жаңа сабаққа кіріспе.
Акт-ны қолдану арқылы слайдтармен сабақтың тақырыбын ашу.
«Жетістік критерилері»
Құбылыстарға байланысты бірнеше суреттері бар слайдтар көрсетіледі
Оқушыларға жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа жетістік критерилерін құру керек екендігін айтамын. Оқушылар слайдтарды қарап отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Оқушылар кезек-кезек шығып жетістік критерилерін құрады.
15 мин Жаңа сабақ.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі Жигсо бойынша мен оқушыларға жаңа тақырып төңірегінде мәтін бөліктерін топтарға бөліп беремін.
«Зертханалық көрсетілім».
«Ой түрткі сұрақтар» Мәтін бөліктерін таратып беремін. Постер жасауын айтамын.
Электронды оқулықтан химиялық реакцияның белгілеріне электронды оқулықтан тәжірибені көрсетемін.
Қандай реакция белгісін көріп отырсыңдар?
Бұл реакциядағы құбылысты қалай түсінесің? Әр топ мүшесі өзінің рөлі бойынша тапсырманы орындауға кіріседі.
Оқушылар техника қауіпсіздігін айтады, жасалған тәжірибеден реакция белгілерін анықтайды, дәптерлеріне жазады.
5 мин Жаңа сабақты бекіту.
«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту
«Венн диаграммасы» Мен сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты кезек-кезек әр топтарға лақтырамын. Бұл оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді.
Әр топқа венн диаграммасы бар парақтарды таратамын.
Оқушылардан физикалық және химиялық құбылыстарды салыстыруды сұранамын. Егер де қапшықты қағып алған оқушы сұраққа жауап берсе, онда сол топ 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Оқушылар диаграмманы толтырады ойларын жинақтайды.
Берілген уақыт аяқталған соң, толтырылған диаграмма интнрбелсенді тақтаға шығарылады.
10 мин Бағалау.
Критериалды бағалау. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылар өзін-өзі критерий бойынша бағалау керек. Оқушылар өз деңгейлерін тексеріп, өздерін бағалайды.
3 мин Кері байланыс.
Бүгін сабақта саған не ұнады/ұнамады?
Сенің пікірің немесе ұсынысың. Оқушыларға стикер таратып беріп, кері байланыс жасауын сұраймын. Оқушылар бір-бірін тыңдайды, стикерлерге өз ойларын жазады.
2 мин Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу. Мен сабақты аяқтап, үйге тапсырма беремін. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.