Коучинг Мектепішілік бас?аруда?ы к?шбасшылы?ты? ж?не б?лінген к?шбасшылы?ты? ролі»


Күні
25.02.2015 Өткізген: Шмиров Бейбит
ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы
Коучингтің
тақырыбы: «Мектепішілік басқарудағы
көшбасшылықтың және бөлінген көшбасшылықтың ролі»Сілтеме: Мектеп басшысына арналған нұсқаулық, үшінші аптаға арналған үлестірме материалдар.
Жалпы мақсаттары: білім беру саласындағы ауқымды өзгерістер, бағдарламаның түйінді идеясымен таныстыру, мектепішілік басқару мен бақылаудағы көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылықтың ролін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі:
бағдарламаның идеясы туралы мағлұмат алады, білім берудегі өзгерістер туралы пікіралмасады, көшбасшылық және бөлінген көшбасшылық туралы түсініктері қалыптасады, топта жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Негізгі идеялар мектепті дамытудағы көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылықтың ролі
Пайдаланған әдіс тәсілдер тренинг, топтық жұмыс, миға шабуыл, «Екі жұлдыз, бір тілек» айту, бәрі менің қолымда, 9 ромб.
Қажетті құралдар флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, смайликтер, суреттер, бояу құралдары.
Тапсырмалардың түрлері Уақыты
(90мин) Коучтың іс-әрекеті Мүғалімдердің іс-әрекеті
1. Психологиялық ахуал. 10 мин «Интервью» тренингі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Екі адам бір- бірінен интервью алады
Есімі
Мінезі
Нені жақсы көреді ?
Неден қорқады ? Тренинге қатынасу арқылы мұғалімдерде психологиялық ахуалдары тұрақтанады, сенімділік пайда болады.
2. Топқа бөлу5 мин ТОПҚА БӨЛУ .
« Капитан» ойынымен ұжым топқа бөлемін.
1 капитандарша амандасу - 1 адам
2. юнга - 2 адамнан бірігіп кезекшілік атқару
3. құтқарушы топ – 3 адам.
4. қайық - 4 адам
5. түскі ас ішу 5 адам
6. топтасу алты адам
Мақсаты:
Мұғалімдер ойын ережесін орындау барысында бөлініп, өз тобына жайғаса отырады  - 5 мин Мұғалімдер ойын арқылы топқа бөлінеді.
Топ ережесін шығарады.
3. Видеоролик көрсету 10 мин
Көшбасшылық жөнінде видеоролик көрсету 4. Мағынаны ашу кезеңі 
10 мин Миға шабуыл сұрақтарын қою:
«Көшбасшы» ұғымын қалай түсінеміз?
«Көшбасшылық дегеніміз не?»
«Бөлінген көшбасшылық пен көшбасшылық» арасында қандай байланыс бар? Мұғалімдер сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
5. Таныстырылым. 10 минут Теориялық түсінік беру.
1.Әлем жылдам өзгеруде.
2.ҚР педагог кадрларының деңгейлік курсы.
3. Мектеп басшыларының кәсіби біліктілігін арттырудың негізгі үш бағыты.
4. Бағдарламаның мақсаты.
5.Бағдарламаның міндеті
6. Көшбасшылықтың мәні, оның типологиясы, заманауи басшы моделі, мектеп мәдениеті, мектепті дамытуды жоспарлау, кәсіби даму және жеке тұлғалық – кәсіби ахуал, кәсіби қоғамдастықты дамыту мәселелерін қарастыру. Мұғалімдер білім берудегі өзгерістер туралы мәлімет алады. Мектеп басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру курсының мақсатымен, түйінді идеяларын түсінеді. Көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылықтың мектепті дамытудағы ролі туралы түсініктері қалыптасады.
6.«Көшбасшылық және бөлінген көшбасшылық» тақырыбында топтық жұмыс
25
минут Қатысушыларға қажетті ресурстарды үлестіру.
Мұғалімдер арасында пікірталас жүреді, топтық талқылау жүреді. Постер қорғалады.
Әр топ келесі топқа «Екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы бағаланады.
7.Психологиялық тест. 5 минут А4 қағазының бетіне орманның, теңіздің, жылқының және мысықтың суретін бейнелеу тапсырылады. Сурет бойынша талдау жасалып, пікіралмасады, Орман-өмір, теңіз –көңіл күй, жылқы – ер адамның, мысық – әйел адамның бейнесі.
9.Сұрыптауға арналған карточкаларды үлестіру. 15 минут «9 ромб» әдісі арқылы ең маңызды деп санаған тармақты ромбының жоғарғы бұрышына, ал онша маңызды емесін ромбының табанына орналастырады. Мұғалімдер өз ойларын дәлелдеу арқылы тақырыпты қорытады.
10. Рефлексия 5 мин Рефлексия
Мұғалімдер қол бейнеленген бетше арқылы бүгінгі коучингті бағалайды.
Кулагино орта мектебі
Мектепішілік «Зияткерлер» желілік қауымдастығының
«Тиімді теориядан – нәтижелі білімге» атты онкүндік барысында
мұғалімдер арасында өткізілген коучинг
Тақырыбы:
«Мектепішілік басқарудағы көшбасшылықтың және бөлінген көшбасшылықтың ролі»
Өткізген:
ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру
курсының тыңдаушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
іс-тәжірибеден өтуші Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

2014 - 2015 оқу жылы