Коучинг : О?ытуды бас?ару ж?не к?шбасшылы? модуліні? ма?ызы


Мерзімі:
Өткізілу уақыты: 60 минут
Коучинг : Оқытуды басқару және көшбасшылық модулінің маңызыСілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Коучинг сабағының мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің кәсіби желілік қоғамдастық желісін кеңейту. Оқытудағы көшбасшылықтың маңыздылығын, көшбасшылықтың құндылықтарымен таныстыру, мұғалімдердің көшбасшылық қасиеттерінанықтау.
Түйін:
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ететін кәсібиліктің нақты тәсілін түсінеді. Ұстаздардың жетекші топтарында және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Әріптестер өз мектептерінде кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Мұғалімдер педагогикалық тәжірибені жақсарту шараларын қабылдайды. Оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуді үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Оқыту мен оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік алады. Мұғалім өзінің оқыту мен оқу үдерісін нақтылауға мән береді. Көшбасшылықты дамыту жұмысы мектепте жаңа білімді қалыптастырады. Оқыту мен оқу туралы жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, оларды өңдеу арқылы ары қарай тарата алады.
Қолданылатын ресурстар: Плакаттар, маркер, үлестірмелі қағаздар, электронды бейнефильм, слайдтар.
Оқу әдістері Топтық жұмыс, диологтық оқыту
АКТ-ны қолдану
Оқыту басқару және көшбасшылық
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Оқуды бағалау
Коучингке қатысушылар: Мектеп әкімшілік мүшелері мен әдіс бірлестік жетекшілері
Коучингтегі топ саны: Үш топ
Сабақ барысы уақыт Коучтің іс-әрекеті Әріптестердің іс-әрекеті
І.Ұйымдасты-ру кезеңі 2 мин
Сәлемдесу. Сабаққа қажетті құралдарды тарату.
Ой сергек 5мин Психологиялық ахуалды қалыптастыру. "Құпия дос" ойыны
5 мин 1. Көшбасшыға қажетті қасиеттерді атап, сол бойынша топқа бөлу. Топ атын қорғау немесе жарнамалау.
2. Топтың "Алтын ережесін" еске түсіру
Формативті бағалап отырады. 1. Топтың "Алтын ережесі"
2. Рөлдерді бөліп алу.
Топ басшысы, тайм-кипер, баяндамашы, эксперт тобы
Проблемны айқындау кезеңі 7 мин "Құмысқалар" бейнебаян көрсетіп, талдатып, сыни ойлатады. Тақырыпты аштырады. Бір-бірін смайликтер арқылы бағалауды қолданады.
"Ой қозғау" әдісі бойынша сұрақтарға жауап алады. Сұрақтар бойынша пікіралмасады, талдайды, қорытынды жасайды, тақырыпты ашады.
Проблеманы шешу кезеңі 15 мин ЖИГСО арқылы нұсқаулықтан "Оқытуды басқару және көшбасшылық" модул жайлы ақпаратпен танысады.
1-тапсырма.
мұғалім-оқушылар ұжымындағы көшбасшы;(мұғалімнің оқушы арасындағы көшбасшылық рөлін ашып көрсету. Жауабы:мұғалім сыныпта оқушының оқу нәтижесіне қатты әсер етеді, оқудың жоғары мәдениеттілік деңгейін орнатады, сыныпта қолайлы жағдай қалыптастырады, оқушылардың оқуды жақсартуға тартылуына жақсы әсер етеді, оқушыларға бағыт береді, іздендіреді, сенім артады, ғылыми білімді меңгертеді, мұғалім оқушының өзін-өзі басқаруына сенім артады, топ басшылық, ұйымдастырушылық дағдысын қалыптастырады.)
мұғалім-мұғалім ұжымындағы көшбасшы; (Жауабы:өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіреде мектеп тәжірибесіне шолу жасауды, ұйымдастырады және жүргізеді, оқу бағдарламасын әзірлеу/дамыту жөніндегі білімен қамтамасыз етеді, мектепті басқаруға қатысты шешім қабылдауға қатысады, мектеп ішінде әріптестерінің біліктілігін арттырады, басқа мұғалімдердің тиімділігін бағалауға қатысады,ынтымақтастық),
оқушы-оқушы арасындағы көшбасшы. (Жауабы:қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады, құрбы-құрдастары құрметтейді, басқалармен жылдам тіл табысады, қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады, мақсатқа жету үшін топты жігелендіру қабілетін көрсетеді, топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады, өзіне сенімді, спорттық іс- шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді, өзіне жауапкершілік алуға дайын, іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады) Мұғалімдер тапсырманың мағынасын ашып, постер қорғайды.
Галереяны шарлау арқылы ауызша критерийлермен бағалайды.
Сергіту 4 мин Музыкалық әуенге бой жазу . Әріптестер сергіту сәтінда бой жазады.
Проблеманы қолдану кезеңі 17 мин 2-тапсырма. Рөлдік ойын. Ситуациялық жағдай
1-топ. Тобыңызда «С» деңгейіндегі нашар оқитын, жалқау оқушы отыр, жұмыс жасамайды. Көшбасшы ретінде қандай әрекет жасайсыз?
2-топ. Тобыңыздағы екі оқушы бір-бірімен қақтығысып қалды. Қандай іс-әрекет жасайсыз?
3-топ. Тобыңызда «А» деңгейіндегі жақсы оқитын, өзімшіл, өзінікі ғана дұрыс деп санайтын оқушы отыр, басқа оқушылардың сөйлеуіне мүмкіншілік бермейді. Көшбасшы ретінде сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?
Критерийлер арқылы бағалайды. Әріптестер ситуациялық жағдайды көрініс арқылы көрсетеді.
Рефлексия 5 мин Стикерге жазу Не үйрендім? Не ұтымды болды? Ұсынысым!