Коучинг О?у ?шін ба?алауды? м?ні
Коучинг жоспары
Күні: Сабақтың тақырыбы Оқу үшін бағалаудың мәні
Мақсаты Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру
Міндеттері Мұғалім оқушылардың ынтасын қалыптастырушы бағалау арқылы арттыру.
Сабақта оқушылардың өзара бағалануына мүмкіндік беру.
Оқу нәтижелері Мұғалім оқушылардың ынтасын қалыптастырушы бағалау арқылы арттырады.
Сабақта оқушылардың өзара бағалануына мүмкіндік береді.
Кері байланыс жасай алады.
Түйінді идеялар Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.
Жаттығулар
Коучтың іс-әрекетіМұғалімдердің іс-әрекеті Психологиялық ахуал туғызу
1. «Ханшайым»
Қатысушы мұғалімдер бастарына тәж киеді де ,әр адам өзіне жақсы тілек айтады.
Кіріспе Әріптестерді жеміс арқылы топқа бөлемін.
Жұптық жұмыс:қатысушыларға көршілерімен ұялы телефондарымен алмасып,бір-бірін бағалауын сұраймын. Топ мүшелерімен бірлесе отырып, бағалау критерийін құрастырулары крек екендігін айтамын.
Критерий 3 2 1
Ыңғайлығы Көлемі Түсі Ұялы телефонды критериалды бағалау.
Жұмыстың нәтижесін критериалды бағалау.
Топтың ұпайын шығару.
Қатысушылар топқа бөлінеді.
Жұптық жұмыс:қатысушылар бірлесе отырып, критерийлер (дескриптор) құрастырады.
Әр топ ұпайын шығарады.
Ұйымдастыру кезеңі
«Дейін- кейін» стратегиясы Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін формативті бағалау, үшін не білетінін жазуды тапсырамын.
Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына формативті бағалау туралы не білетінін жазады.
Александердің сөзі, 2001ж
Баға-Бағалау-Сандық баға деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.
Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс;
Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді.Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы).Мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.
«Үш торай»мульфильмі «Үш торай»мульфильмін тамашалатамын
«Үш торай»мульфильмін тамашалайды.
Постермен жұмыс Мультфильмді көріп болған соң,үш торайдың салған үйлерін бағалатамын.
Қандай критериилерге сүйеніп жасағанын анықтаймын. Топтар постер қорғайды.
«Бағдаршам» тәсіліӘріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Қызыл түс- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар
Жасыл түс- маған бәрі түсінікті
Стикердің біреуін көтереді.
«Дейін-кейін» стратегиясыКоучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. Ақ парақты толтырып, тапсырады.
Рефлексия – коуч
Сұрақ:
1. Сабақта бағалаудың қай түрін пайдалану тиімді деп ойлайсыз?
2. Бүгінгі коучингтен формативті бағалау жайлы түсінігіңіз қалыптасты ма?
Мұғалімдер коучтің берген ақпараттарын ой елегінен өткізіп,сұрақтарға жауап береді.
Бағалау Бас бармақ тәсілі арқылы бүгінгі коучинг сабағымды бағалатамын. Бас бармақ тәсілі арқылы бүгінгі коучинг сабағымды бағалайды.