Диктант «А??улы к?лде» 7-сынып


Пәні: қазақ тілі Сынып: 7 «Ә»Күні:  20.04.15 ж.Сабақтың тақырыбы: Диктант «Аққулы көлде» Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігін тексеру, ережелерді естерінде бекіту. ә) дамытушылығы: Ережелерді тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын молайту. Сауаттылығын арттыру. б) тәрбиелігі: Оқушыларды ынта қойып тыңдауға, көркем , таза жазуға және тыныс белгілеріне мұқият болуға дағдыландыру. Сабақтың түрі: бекіту Сабақтың типі: жазбаша жұмыс Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау. Көрнекілігі: диктанттар жинағы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. Көңіл-күйлеріне назар аудару. ІІ. Ережелерді еске түсіру. ІІІ. Диктант жұмысы. Күнді, айды жаздыру. Диктант тақырыбын жаздырту. Диктант мәтінін оқып беру. Қиын сөздермен таныстыру. Тақтаға жазып көрсету. Мәтінді қайталап оқып беру. Асықпай жаздырту. Мәтінді қайталап оқу. Оқушыларға тексерту. Тыныс белгілерінің қойылуына назар аударту.  Аққулы көлде.  Жаз…Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы көлдің жағасында тізіле қонып алты ауыл жатыр.Жаздың алтын нұры ойнаған шуақ күні еді.Көл мөлдір сулы.Аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала өрнекті кесте сияқты.Аққулы көлдің жағасы кілем жайнағандай балбыраған кез еді.
Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы айнадай жалтыраған кең жайқын.Сол жайқында аппақ боп шақиып екі аққу сыланып,ақырын әсем жүзіп көлбеңдейді.Екі аққу ұзын сұлу мойындарын иіп,көл ортасында сыңқылдап,аппақ денесін күміс суға төсеп,әсем нәзік сұлу үнмен сыңқылдап жүзген күміс сызығынан сылдырлап,меруерт,гауһар моншақ тізіледі.Қаңқылдап ұшып-қонған қоңыр қаздар.Шулаған шағалалар.Көлді айнала қорыған қара ала қанат,әдемі айдарлы,сақ құлақ қызғыштар.Көкке шығып,зыр қағып безектеп сұңқылдаған ұзын аяқ,біз тұмсық тауқұдіреттер,тағы да толып жатқан неше түрлі құстар қол басын сұлу күйлі думан қып жатты.(140 сөз) Диктантты қайталап оқып, тексерту. Өздеріне оқып, тексеруге уақыт беру. Тыныс белгілерін тексерту.