План к уроку Жемістерді? т?зілуі
Күні:
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Жемістердің түзілуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жемістердің түзілуі, түрлері, олардың бір – бірінен ерекшеліктері өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі туралы білім беру.
Дамытушылық: Таным қабілеттерін арттыру және қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды әсемдікке , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың кезеңдері
Сабақты ұйымдастыру
- оқушыларды түгендеу (1-2 мин)
- сабақтың тақырыбымен таныстыру.(1 мин)
Үй жұмысын тексеру: Өсімдіктердің гүлдеуі мен тозаңдануы.
Сұрау әдісі : ауызша сұрау . (10-12 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру. (20 мин.)
Жемістер. Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады. Жемістің түзілуіне жатыны мен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады. Жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді:
Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістердің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп болады. Мысалы: қызанық,қарлыған, алқа.Жидек тәрізді жемістер көп ұялы және көп тұқымды болып келеді. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт-сары түсті. Ол оңай ажыратылады.
Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортанғысы қалың етті – шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектелген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады.
Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректелген, құрғақ (кебу) болады.
Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрсақ жеміс.
Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар.
Қауашақ – бір,үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды.
Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып , қанатқа айналған.
Дән – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтаса бірігіп кеткен.
Тұқымша – дәннен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген.
Жаңғақ – жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді.
Жинақталған жемістер. Жинақталған жемістер бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген.
Сабақты бекіту: Жазбаша жұмыс. (5 мин)
Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады, неше топқа бөлінеді?
Шырынды жемістер нешеге бөлінеді?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға ортақ сұрақ қойылады:- Бүгінгі сабақта не білдік? (1-2 мин.)
Үй тапсырмасы: Жемістерге қосымша мәлімет дайындау (реферат, баяндама).
Бағалау. (5 мин)