конспект урока по казахской литературе М. Жумабаев Туркистан


Сабақ жоспары
1. Пән аты:Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні:
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. « Қыс»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, бейнелеу өнері, саз өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.
Арғы атасы қажы еді,
Бейістен татқай шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті
Адалдық, ақыл жасынан
Қозғапты, тыныштық бермепті.
Мал түгіл, жанға мырза еді
Әр қиынға сермепті.
Мұңды, шерлі, жоқ-жітік
Аңсап алдын кернепті
Бәрінің көңілін тындырып,
Біреуін ала көрмепті.
Әділ, мырза, ер болып
Әлемге жайған өрнекті.
Тәубесін еске түсіріп,
Тентекті тыйып, жерлепті.
Қазақтың ұлы қамалап,
Іздеген жүзін көрмек-ті.
Ақылынан ап қайтқан
Өлгенше болар ермек-ті.
Ол сыпатты қазақтан
Дүниеге ешкім келмепті.
Өлмейтін атақ қалдырып,
Дүниеге көңілін бөлмепті.

Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.
Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.
Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.
Абайдың табиғат лирикасы:
Абайдың табиғат лирикасы – ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде оқушының көз алдына түрлі – түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған бәйшешек, «көгорай шалғын» мен күркіреген өзені бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жазда сонда, ақтүтек бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреген қытымыр қыс та сонда, аспанын бұлт торлап, гүлі солған, сарғыш даласын шаң басқан, сұрғылт күз де сонда. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайына көшеді. «Жаз» өлеңінде күркіреп жатқан өзеннің көгорай шалғын жағасына көшіп барып, қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып, үй тіккен қыз-келіншектер суреттелсе, «Қыс» өлеңінде шидем мен тон қабаттап киіп, оранып алса да, долы боранға «бет қарауға шыдамай, сырт айналып» мұз жастанған жылқышылар, бет – ауызын үсік шалған жас балалар, суық өтіп, титығы құрыған жылқылар, айналада жортып жүрген аш қасқырлар көз алдымызға келеді.
VІ. Түсінік тексеру:

Суретпен жұмыс: сендер қыс бейнесін көз алдыларыңа қалай елестетесіңдер? Абай атамыз қысты қалай суреттеген екен?
Түсініксіз сөздермен жұмыс істеу.
Ұшпа – шашыранды бұлт. Шидем – қойдың жабағысынансыртын қаптап тіккен тон.
Қондыбай, Қанай – кедей ауылдың аттары.
VІІ Жаңа сабақты бекіту.
Өлеңді қандай бөлімдерге бөлуге болады?
(«Қыстың сипаты», « Қысқы ауыл»)
Оқушыларға әр бөлімді жеке – жеке оқыту.
Сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөліңдер.
4.Сұрақтарға жауап беру: Не білдік? Не үйрендік? Не білгің келеді?
5.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.
VІІІ Сабақты қорыту:
Бағалау :
Үй тапсырмасын беру:
1.Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Сабақ №1
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.
М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
2. Дамытушылық.
«Түркістан» өлеңі туралы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік.
Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев шығармалар жинағы, өлеңдер жинағы, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.
70104074295Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында
00Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында
18288001638300Мағжан – лирик, сыршыл ақын
00Мағжан – лирик, сыршыл ақын
147256586550500374904011372850027432009296400041148001910080Мағжан – эпик ақын
00Мағжан – эпик ақын
1009651910080Мағжан – ұлы ақын
00Мағжан – ұлы ақын

Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.
Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.
2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.
3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.
Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
Өлеңді түсініктеме күнделігі бойынша талдау жасату
4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.
Мұғалім: Балалар, М. Жұмабаевтың ақындық өнері туралы өте тамаша баяндадыңдар. М.Жұмабаевтың ақындығы, суретшілігі туралы Ж. Аймауытов қандай пікір айтты? Қане, кім айтып жібереді?
5 – оқушы: «Мағжанның ақындық» күші, сөзге еркіндігі, суретшілігі – «Баянда» толық көрінеді. Абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар. Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махаббатты, батырды, соғысты, өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» - қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс.
Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.
1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»
(М.Әуезов)
2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
(Ғ.Ибрагимов)
3. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»
(С.Мұқанов)
Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.
М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?
6 – оқушы: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.
М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.
Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.
«Сағындым» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.
Мағжан бойындағы бүкіл қасиет – оның поэзиясында. Ендеше Еркеш Ибрагимнің мына өлең шумағы арқылы ойымызды түйіндейміз.
Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірену,
Ақын болу дегенің – анадайын емірену.
Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмау,
Ақын болу дегенің – жүректерді тұтқындау.
Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – ақынның «Түркістан» өлеңі.
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң, -
Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -
Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп
Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.
1. Ой қозғау
-342900-41910000
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.
Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған.
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ер жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Өлеңге жоспар құру.
Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
Тұран жері – түркілер елі.
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
Туған жер – тұғырың.
Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер.
Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны – Абылай ері.
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Асқақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!
Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейтін.
(Суреттердің жанына жазып қою)
Оқыта отырып, түсінік беру
Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
«Түркістан» өлеңін 4 оқушыға мәнерлетіп оқыту, 1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.
3 4 4
Шер батса// кім іздемес//туған елін,
3 4 4
Тұлпар да // көксемей ме // туған жерін?
3 4 4
Арқаның // ардагері – // қалың алаш,
3 4 4
Тұран да // біле білсең, // сенің жерің!
Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.
Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.
Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.
Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.
IV. Сабақты бекіту.
Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.
«Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)
Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)
«Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?
«Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!»
Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген ойын анықтаңдар.
5. Бұл өлең қандай лирикаға жатады?
Қорытынды:
- Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.
Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.
V. Балаларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау».
Сабақ №4-5
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы.
Сабақтың мақсаты: Мағжан поэмаларының мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян»поэмасының тарихи-эпикалық сипатын таныту, сюжеттік-композицялық құрылысына талдап,тақырыбы мен идеясын ашу.
Оқушылардың әдеби- теориялық білімдерін ,сөйлеу тілдерін, зейін, көру, есту қабілеттерін дамыту. Өз ойларын көркем әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.
Оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ұлы адамдардың өмірі мен шығармашылығын ұмытпауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: көркем шығарманы талдау сабағы
Әдіс- тәсілдері: анализ- синтез, сұрақ-жауап, ой шақыру (кластер),
Көрнекілігі: М.Жұмабаевтың суреті, поэма бойынша дайындаған слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз алдында өткен сабағымыздың жалғасы.
Бүгінгі сабақты лирикалық нотамен бастағым келеді.
Мағжан өлеңінен үзінді:
Жетсе егер қорқынышты қара түнім,
Басса дерт, әлім құрып шықпай үнім.
Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер,
Өлең менің- Шолпаным, Айым, КүнімІ
-Иә, ыр мен сезім тоғысқан бұлтамаша өлең жолдарының авторы- .Жұабаев. ағжан- қазақпоэзиясының жарық жұлдыздарының бірі. Өткен сабақта біз оның өмір жолы, шығармашылығымен, лирикалық өлеңдерімен таныссақ, бүгін поэмаларымен танысамыз.
Ә)Жаңа сабақ түсіндіріледі.( сабақ тақырыбын экраннан көрсету).
2. Мағжан поэмаларына шолу жасау.
Елі сүйген, елінсүйген Мағжан ақын тамаша лирикалық өлеңдерімен қатар, кең тынысты эпикалық поэмалар да жазды.
Олар:
№ Поэмалары Мазмұны
1 «Қорқыт» Мәңгілік өмір іздеген Қорқыт ата өмірін уреттейді, өмір мен өлім туралы философиялықой түйіндейді.
2 «Тоқсанның тобы» 1927 жылы жазылған. Ақын Кеңес үкіметі құрған жаңа өмірді жырлайды .Ақын поэмаларының ішіндегі ең күрделісі де , көркемдігі жағынан да шоқтығы биіктігі
3 «Батыр Баян» 1923 жылы жарық көрген.
«Батыр Баян» помасының сюжеттік желісіне, кейіпкерлері мен жанрлық ерекшелігіне тоқталу.
Поэмада Х ҮІІ-ХҮІІІ қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман, сол кезде болған оқиға суреттеледі.
Поэманың негізгі кейіпкерлері:( экраннан) Абылай хан, Батыр Баян, Ноян, қалмақ ықзы , Қанай би, Батыр Баянның досы- Жанатай.
Сұрақ. Кейіпкерлердің қайысы тарихи тұлғаға жатады?
Абылай хан. 1711- 1780 ж. Қазақ халқының ұлы ханы. Ел азаттығы үшін күрекен тарихи тұлға.
Батыр Баян- 1700-1715ж. Аралығында дүниеге келіп, 1757 ж. дүние салған.
Қалмақ, жоңғарларға қарсы , ел азаттығы жолында күрескен батыр, бір рулы елді билеген би-шешен, тарихи тұлға.
Өірде Баянның Ноян деген інісі болмаған. Ноян, қалмақ қызы , Жанатай –әдеби кейіпкер.
Сұрақ: Абылайхан неге Батыр Баян келгеннен кейін қалмақтарға қарсы жорығын 1 күнге шегерді? (Қалақ ханының 777 кісісін жіберіп, ақ киіз үйді сыйға тартуы, Абылайханның сыйлықты қарбыл алуы, )
Ә) Абылайдың бұл шешіміне кім қарсы болды?( Батыр Баян)
Б) Поэмада Баян образы қалай сомдалған?
Портреті бар ма? (Баянның портреті оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер мен қайшылықтарды , ақыл мен сезім арасындағы тартыстарды көрсету арқылы сомдаған.)
В) Ноян мен қалмақ қызының образдарын салыстырып, Венн диаграмасын жасау (экраннан көрсету)
Ноян ерекшелігі: Ортақ. Қалмақ қызы(ерекшелігі)
1.қайсар,күшті;Жасы14-15жас.1.сұлу-сұм сұлу;
2.ақылы білегінде;Батыл,ғашық,2.ақылды;
3.албырт:сезітал. 3. тұтқын қыз
4. өз көркі өзінде
Образдар бойынша қорытынды жасау.
Оқушыға сауал. Батыр Баян, Ноян, қалақ қызының образдары арқылы бізнені көреміз?( Жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын албырттығын , сана мен сезімнің таласын әрі көзсіз ерлікті көреміз)
Поэманың сюжеттік – композициялық құрылысына талдау жасау.
Тарихи деректер бойынша Баянның Ноян деген інісі болмаған. Ақынның Ноян деп алғаны Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы – Қыстаубай .Ел ішіндегі әңгіме бойынша Қыстаубай қалмақтың Лағыл деген қызына ғашық болып, алып қашқан. Сары батыр қарсы болып, Баянға қашып кеткен екі жасты қуып жетіп өлтір де, киімі мен қару-жарағын әкеліп, көзімше көм дейді. Баян жастарды қуып жетіп, өлімге қия алмайды. Киімін, қаруын алып, оны қозының қанына малып, Сары батырға әкеліп береді. Кейін жорықтарда ұлын көргенде, Сары батыр Баянға ренжіген дейді. Ал поэмада бұл аңыз басқаша көрініс тапқан.
Поэманың көркемдік ерекшелігі.
Экранға өлең шумақтары шығады:
А) Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,
Сан қолға ашбөрідей кірмеп пе еді?----------------------------------------------------------
Боз үйде жалғыз қалып Баян енді,
Жаралы жолбарыстай күңіренді.--------------- , -------------------------------------
Бурабай арқа аралы, жер еркесі-----------------------------------------
Қоағай қара топырақ бүлкілқағып,-----------------------------------------
Асығып екі жанның қанын ішті.
Қорытынды. Өлеңжолдарынан сөзбен сурет салған ақын шеберлігіне , ерекше дарынына көз жеткіздік.
Сұрақ: Ақын поэмада қандай адами қасиеттерді сөз етеді?
Ой шақыру: Поэмадағы негізгі тартыстар қандай?
Ақыл. 2. Сана . 3. Сезім. 4 .Ар. 5.Жүрек.
Сабақты қорытындылау. Поэма қандай поэма?
1.Күрделі поэма.
2.Терең психологиялық- реалистік поэма.
3.Тарихи- эпикалық поэма.
Сонымен, балалар, біздер бүгінгі сабақта. Жұмабаевтың»Батыр Баян» поэмасымен танысты. Ол адам жанының қалтарысын көрсете білген күрделі тарихи-эпикалық , психологиялық поэма екенін білдік. Мағжан ақын:
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Мен жастарға сенемін»,- дегеніндей, Абай айтқан ақыл, жүрек, қайратты қатар ұстап жүретін, білікті де , білім ді, ұлтжанды азамат болып өседі деген сенімдемін.Үйге тапсырма: «БатырБаян» поэмасына пікір жазып келу
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 8
Күні:
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі – оқиға мазмұнын пайдалана отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкерлер арасында ізгілік қарым-қатынасты талдау.
ә) дамытушылығы - оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру; ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту. б) тәрбиелігі - шағын топпен бірлесе ынтымақпен жұмыс атқаруға, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге, қастерлеуге, бірігіп қорытынды жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: көркем шығарманы талдау сабағы
Сабақтың типі: СТО
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ойлау, дәлелдеу, топтастыру
Көрнекілігі: кестелер
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу
-Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
- Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар? Қалай ойлайсыздар.
І Үй тапсырмасын тексеру
21717005778500Топтастыру
38823903810000

186690086360Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов
кім?
00Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезов
кім?
125730056197500411480040957500
1.М.Әуезов «Қараш-Қараш» оқиғасының тақырыбы неде?
2.Оқиғаның басты идеясы не?
3.Повесттің жазылуына негіз болған кім?
Оқиғаның композициялық құрылымына талдау
№ Оқиғаның композициясы Дәлелдеме
1 Оқиғаның басталуы 2 Оқиғаның байланысы 3 Оқиғаның дамуы 4 Оқиғаның шиеленісуі 5 Оқиғаның шарықтау шегі 6 Оқиғаның шешілуі ІІ Мағынаны тану
Оқиғаның кейіпкерлеріне талдау жұмыстары
Оқиғаның кейіпкері Іс-әрекеті Адами қасиеті Баға беру
ІІІ «Алтын сақа» (2 топқа ойын) номерленген асықтар бойынша тапсырмаларды орындау.
Ұзаққа созылған сары ауруға шалдыққан шағында Тектіғұл ағасы мен жеңгесінен нені тілек ететін еді?
Бақтығұл іздегенім «осы дегендей» көп ойланбастан, атына жабысқан бойда қаршыға тастайтын аңшыдай қисайыңқырап келіп,... мойнына қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді. Қандай малға бұғалықты салды?
Арада тағы бір-екі жұма өтер - өтпесте Тектіғұлдың қатал тағдыры, маңдайына жазылған қазасы жетті. Артында өксіп-өксіп кеп жылап, Бақтығұл інісінің қазасына не деп қайғырды?
Бақтығұлдың үш баласының атын ата.
Тектіғұл анығында қандай еді? Бізге жазушы болып Тектіғұлдың портретін айтып беріңдер?
Ауру жігітті қолына көтерген ағасы енді төсекті салған әйелі Қатшаның қасына алып келді де былай деді.(ойды өрбіт)
Арада қанша уақыт өткенін Бақтығұл білмейді. Ол есін жинағанда, ең алдымен сезгені не еді?
Ел ішіне келген қалың аурудан әке-шеше қатар тартып жығылып, араларына екі-ақ күн салмай, әуелі шеше, артынан әке өлді.Қандай аурудан қайтыс болды?
Он жылғы еңбегім бір жылғы киімге татымаса, малыңның құлағын... Мені қырып ал, өлер жайым жоқ дейді. Соған долданған Сәлмен бай Тектіғұлды қалай жазалайды?
Сөзжұмбақ
ж ұ м а т а й ры с қ ұ л м ұ х т а рқ а т ш а о м а рх а н ж а ра с б а й
1. Бақтығұлдың бес жасар баласы кім?
2. Тұрар Рысқұловтың әкесі.
3. Абайдың туған өлкесінде дүниеге келген кім?
4. Бақтығұлдың жары кім?
5. Мұхтардың әкесі кім?
6. Бақтығұл кімді өлтірді?
Ү. Үйге тапсырма.
Ұнаған кейіпкерлерге хат жазу
ҮІ. Бағалау
- Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 8
Күні
Сабақтың тақырыбы:М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді. Тарихи шындыққа негізделген шығарма.Бақтығұлдың тағдыр. Жазушы шеберлігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату
Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін, өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту
Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері.Баяндау, сұрақ-жауап, «Тұжырым кестесі», ауызша тіл дамыту, автор орындығы, терме диктанты
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, энциклопедия, АКТ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығарманы талдау
Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік. Шығарма 8 бөлімнен тұрады. Әр бөлімге бір оқушы қысқаша шолу жасап өтед182880014541500
Тектіғұлдың өлімі
Түнгі жортуыл
Соққы
Жарасбайдан пана іздеген Бақтығұл
Болыстық маңындағы талас
Сатқындық
Қашқын Бақтығұл
Қанды кек
- Міне, шығармаға толық талдау жасап біттік, шығарма мазмұнын есімізге түсірдік. Енді осы шығарманың оқиғалар желісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасайық. Ол үшін «Тұжырым кестесін» толтырамыз. «Тұжырым кестесіне» шығармадағы басты кейіпкерлерді алып отырмын.
1-қатар: Бақтығұл
2-қатар: Жарасбай болыс
3-қатар: Сәлмен бай
Оқушылар дәптерлеріне орындайды.
Тұжырым кестесі
Кейіпкер Іс-әрекеті Адами қасиеттері
Соңынан оқушыларға жазғандарын оқытамын.
«Тұжырым кестесі» арқылы шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне сүйене отырып, толық мінездеме бердік. Ал осы шығармадағы басты кейіпкер Бақтұғұлдың өмірдегі прототипі Тұрар Рысқұлов екенін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Тұрар Рысқұловтың кім екенін сендер жақсы білесіңдер. Сонда да болса, мына суретке назар аударайық.
( Слайд арқылы Т. Рысқұловтың суретін көрсетемін, үнтаспадан төмендегі сөздер оқылып, тыңдатылады.)
Тұрар Рысқұлұлы – мемлекет және қоғам қайраткері. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Ол қоғамдық-саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған. Тұрар Орта Азия мен Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі тарихшыларының бірі әрі қалам қарымы мықты журналист ретінде де танылды.
Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болға. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылады.
Өздерің байқағандай, шығарманың басты кейіпкерінің прототипі Рысқұл Жылқайдарұлы еті тірі, пысық, қай істі қолына алса да тындырып істейтін тындырымды кісі болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орнын тауып отыр.
Осы шығармада Тұрар бейнесі кімнің атынан көрінеді?
Сейіттің өжет мінезі шығармада қай тұста байқалады?
Бұған дейін Тұрардың балалық шағын бейнелеген қандай шығармамен танысып едік?
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасында Тұрардың өжет қылықтарын қандай істерінен байқап едік, естеріңе түсіріңдер.
( Оқушылардың ойын тыңдаймын)
«Тұтқын балада» Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр. Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарылады. Кейін 1969 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірігіп, «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді. Енді сол фильмнен үзіндіге назар аударайық.
Суретші Сүйменқұл Чокморов аяқ асты актер болды.( Бейнетаспадан фильмнен үзінді көрсетемін)
Өздерің фильмнен үзіндіден байқағандай, оқиға Бақтығұлдың кек алып, Жарасбайды өлтіруімен аяқталып отыр. Осында Бақтығұл Сәлмен мен Сәттен пана таба алмай жүріп, неге Жарасбайдан пана сұрады?
Билер сотында Бақтығұлдың Жарасбай туралы ештеңе айтпауын қалай түсінесіңдер? Бақтығұлға баға бер.
Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбай болысты өлтірді?
( Оқушы ойларын тыңдаймын)
Шығарманы оқи отырып, М.Әуезовтің адам психологиясын, сезімін, қоршаған ортаның сұлулығын суреттеудің шебері екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр. Бұған дейін де «Көксерек» әңгімесімен, «Абай жолы» романынан үзінділерімен танысқанда бұған көзіміз жеткен болатын. Ендеше осы шығарманың тіліне де талдау жасап өтейік . Ол үшін терме диктантын жүргіземін. Мен сөз тіркестерін оқимын, сендер ішінен бір бағанға тек эпитеттерді, екінші бағанға теңеулерді теріп жазасыңдар. Соңынан тексеремін.
Терме диктанты
Эпитеттер Теңеулер
Қатты қобалжыды, балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, кезек көз тастады, Бақтұғұлдың есінде, сотқар бай, қара түн, қаскөй дауыл, інісін іздегенін, сорлы күй, арыстандай арысым, аш қасқырдай бұралып, қой торыған бөрідей, бойы сергіп алған, қараңғы түн, жақсы қабақ, оң шырай, таспен бекіту, бетке соққан қамшыдай, суық жүз, буалдыр күңгірт күз.
Соңынан компьютер арқылы дұрыс жауабын тыңдатып, оқушылардың өздеріне тексертемін.
Енді, балалар, кішкен ойға беріліп, «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
«Автор орындығы» оқушы ойларын ауызша сұраймын.\
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: шығарма кейіпкерлері жайында қосымша деректер жинау
Қосымша мәлімет
Жазушының жиырмасыншы жылдардағы шығармаларының ішінен «Қараш-Қараш оқиғасы» да революция қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда да жиырмасыншы жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы жазылған. Шығармадағы негізгі тақырып біреу ғана: Бақтығұлдың ауыр тағдыры. Сол бас қаһарманның іс-қимылдарына байланысты бар оқиға дамып, өркендеп немесе бәсеңдеп, сөніп, қалайда өз шешімін тауып жатады. «Қараш-Қараш оқиғасы» қазақ кеңес әдебиетінің алтын қазынасына қосылған классикалық шынайы шығарма. Жалпы бұл тақырып төңірегінде жазылған шығармалар да, түсірілген кинофильм де бар.
Қырғыз актері Сүйменқұл Чокморов кинода Бақтығұл образын бейнелейді. Қалихан Ысқақов пен әкім Тарази осы оқиғаны сахнаға бейімдеп «Таң қараңғысы» деген атпен пьеса жазды. Ал Шерхан Мұртаза осы тақырыпты қозғаған романында Қызыл жебе бейнесі арқылы революциялық кезеңнің оқиғаларын желі етіп, кейіпкерлер өмірін романтикалық тұрғыда бейнеледі. Осы бір тақырыпта жазылған оқиға, шындық төрт түрлі шешіммен, өзге түйінмен баяндалған. «Қараш-Қараш оқиғасының» басты кейіпкері Бақтығұл – рухы биік тұлға. Бақтығұлдың ісі мен мінезі өзіне дейінгі өзі секілділерден өзгеше. Бұл – олар секілді өз тағдырының құлы емес, қожасы болуға ұмтылған адам. Басында Бақтығұлда да онша орғып, қарғып тұрған асаулық жоқты. Інісі Тектіғұл екеуі Сәт, Сәлмен байлардың есігінде жалшылықта жүргенде бұл да «бетегеден биік, жусаннан аласа» болатын. Бірақ байлар опа бермеді, бастарынан таяқ айырғысы келмеді. Ақырында Тектіғұлды соққыға жықты, ол төсек тартып ұзақ жатып, азаппен үзілді. Інісінің өлімі Бақтығұлдың жан дүниесін қатты сілікті, кеудесі шермен бірге кекке толды. Енді дұшпанын бұл сіліккісі келді. Ар-намысын, адамдық қасиетін таптаған Жараспайды атып өлтіреді. Кісі өлтіру – адам күнәларының ішіндегі ең ауыры. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінде әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шыққан қайсар жігіттің образы сомдалып, оның ақырғы әрекетке тәуекел жасардағы ішкі арпалысы тереңдігімен тәнті етеді. Табиғаттың өзі басты кейіпкер Бақтығұлдың ішкі психологиялық арпалысымен астасып, өзгеше көркемдік тұтастық құрайды. Ал, солардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш» повесінің қазақ әдебиетінде және әлем әдебиетінде өзіндік алатын орны ерекше.