Математикалы? ж?не серіппелі маятниктерді? тербелістері


«Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Молдабаева
Күні: 08.12.16
Сыныбы: 9 б»
Пәні:физика
Сабақтың аты §27 Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері жайлы мағлұмат беру
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері жайлы мағлұмат алады
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Бірін-бірі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің тербеліс
периодтары:
T=2π√ℓ/g
T=2π√m/k
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Джигсо»
Жеке жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Тербелмелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады?
Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады?
3.Тербеліп тұрған дене траекторясының кез келген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Математикалық маятник деп нені айтады?
Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?
Маятник қай жерлерде пайдаланады?
Серпімділік күші әрекет ететін дененің тербеліс периоды неге тәуелді болады?
ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу 2 Міндетін атқару 3 Топтық жұмысқа атсалысуы Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
Ұзындығы 1 м математикалық маятниктің периоды неге тең?
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 Білу Математикалық және серіппелі маятниктер дегеніміз не? 2 Түсіну Математикалық және серіппелі маятниктердің формуласын жаз? 3 Қолдану 22-жаттығу.№1 4 Талдау Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін салыстыр? 5 Жинақтау Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістеріне мысал келтір? 6 Бағалау Математикалық және серіппелі маятниктердіңтербелісін білу біз үшін маңызы қаншама? Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар 22-жаттығу.№2
Кейінгі оқу §27 Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері