По казахскому языку С?кен Ж?нісов А?ыр?ы б?йге
Қысқа мерзімді жоспар
5-сынып
Тақырыбы: Сәкен Жүнісов. «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді)
Пәні Қазақ әдебиеті 5-сынып 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы
Сәкен Жүнісов. «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді)
Мақсаты Сәкен Жүнісов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Балалар өз бетімен мақсатқа жетуіне ықпал ету. Оқушыларға шығарманың мәтінін, кейіпкерлерге талдау жасата отырып, автордың мақсатын, тақырыптың өзектілігін маңызын ашу. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай білу біліктілігін дамыта отырып, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі жеткізе білуге ізденімпаздылыққа, сөздік қорын, зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту;
Оқыту нәтижелері Сәкен Жүнісов. «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді)
туралы толық мәлімет алады. Өз ойларын, пікірлерін қалыптастыра алады. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай біледі Ойлау шеберлігі артады, тіл мәдениеті дамып, сөздік қоры молаяды. Балалар жаңа сабақты бастауға қызығушылығын танытады. Сәкен Жүнісов өмірі, шығармашылық жолы, еңбектері жайлы біледі.
Сілтемелер
Қазақ әдебиеті 5 сынып.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
( үшінші негізгі деңгей)
Жылқы малының ерекшелігі: https://www.youtube.com/watch?v=XWEa0Dd_Vxs
«Құлагер» фильмінен үзінді: https://www.youtube.com/watch?v=_a2J9ayMP4Q
Түйінді идеялар Сәкен Жүнісовтың өмірі мен шығармашылығын білу.
Жылқының қасиеттілігін ұлықтау,жақсы мен жаманды айыра білу.
Тапсырмалар Сергіту сәті: би билейді.
Топқа бөлу. Оқушылар дөңгеленіп тұрады, кеме командирінің тұрысын көрсетеді, екіден жұптасып толқын бейнесін көрсетеді, 3 балада топтасып, 1 бала кеме сыртында осылай 4 баладан топқа бөлу.
«Ақырғы бәйге» романынан үзіндіден 3 бөлік бойынша сұрақтар қойылады.
С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»
С.Жүнісов кім?
Қайда дүниеге келді?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» шығармасы қай романнан алынған? Бұл шығарма кімнің тағдырын арқау етті?
Асқа келген жұрттың аузына кім ілікті?
«Жоқ, бұл Құлагердің нағыз өзі!»- деп кім айтты?
Кім көп ішінен алға суырылып шығып, аттың жалынын сипап, мойынын қағып, кейін шегініп, тағы да алды – артын бір рет орап шыққан?
Сұрақтарға дербес жауап ойлап, жұптасып, топтасып білімдерін толықтырып үй тапсырмасына жауап береді.
Блум таксономиясы бойынша:
Білу. Жаңа тақырыпты бейнероликті көрсету арқылы табу.
Миға шабуыл
Бәйге дегеніміз не?
Жылқы туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?
Бәйге өткізудегі мақсаты не?
Берілген сұрақтарға жауап береді. Мақал-мәтелдер айтады.
Түсіну. Тақырып бойынша оқушының оқытылу деңгейіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Жоғары деңгей – рольдік ойында кейіпкерлер ролін сомдау. Топта ролге бөлініп орындау. Бақылаушы, төраға, таймкипер, хатшы.
Орташа деңгей – шығарма кейіпкерлеріне сипаттама беру. Жағымды жағымсыз кейіпкерлерді Венн диаграммасы арқылы салыстыру, дәлелдермен дәлелдеу.
Төменгі деңгей – бір топ екінші топқа қойылған сұрақтарға жауап беру.
Қолдану.
«Ақырғы бәйге» шығармасынан не ұқтық?
Не білдік? Көзімізге нені елестеттік.
Постер қорғау
Талдау. Постерді сурет арқылы немесе сызба арқылы түсіргендерін талдау, сұрақ қою.
Синтездеу. «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді сұрақтарына жауап береді.«Дұрыс», «Бұрыс», «Ия», «Жоқ» жауаптарына байланысты бірнеше сұрақтарымен қорытындылаймын.
Бағалау критерийлері 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Бағалау парағын үлестіріп, қорытынды бағасын қою.
Жылқы малының қасиетін көрсету үшін үш топқа да жылқы туралы бес жолды, бір шумақ өлең шығару.
Келесі оқылым Үй тапсырмасына: Жылқы малының қасиеті, пайдасы,зияны т.б туралы ізденіс жұмысы